Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады



бет41/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   92
Байланысты:
annotation15107

4. Тохарлар (Да-юэчжи)
Б.з.д. II ғасырдың 20-шы жж. шығыстан, Орталық Азияның түкпірлерінен келген көшпелілер Грек-Бактрия иеліктеріне қауіп төндірді. Б.з.д. I ғасырдың 70-ші жылдары да-юэчжи сюнну (ғұн) тайпаларынан жеңіліп қалғаннан кейін, батысқа қарай жылжиды. Бұл Орталық Азияның далаларындағы үстемдік үшін күрестің кезекті бір кезеңі болса керек. Ғұндар бұл жеңіс туралы естерінен шығармай, оны мақтаныш еткені деректер арқылы жеткен: ғұн көсемдері тохарлар қолбасшысының бас сүйегінен ыдыс жасап, оны ерекше бір салтанатты мерекелерде пайдаланған екен (мысалы, б.з.д. 47 жылы ғұн көсемі қытай императорының елшілерімен бітімге қол қойған кезінде осы ыдыстан шарап ішкен көрінеді).
Да-юэчжи Давань (Ферғана) арқылы өте отырып, Орта Азияға баса-көктеп кіріп, оның үлкен бөлігін өзіне қаратты. Қытай тарихшысының айтуы бойынша Бактриямен қақтығыста олар жеңіске жетеді және өздерінің қоныс орны ретінде Гуйшуй өзенінің (Амудария) солтүстік жағасын бекітті. Орта Азия мен Бактрия жөнінде деректер қалдырған Чжан Цянь дәл осы жерде оларды б.з.д. 128 ж. көргендігін жазады. Чжан Цянгоның көрсетуі бойынша да-юэчжилердің батыстағы көршілері - Парфия, оңтүстіктегі көршілері - Бактрия, ал олардың арасындағы шекара Амудария болған.
Чжан Цянның көрсетуі бойынша Бактрияда «халық саны миллионға жуық», «отырықшы өмір сүреді; қалалары мен үйлері бар; әдет-ғұрыптары даваньдықтарға ұқсас. Жоғарғы билеушілері жоқ, әрбір қаланың өз басшысы бар. Олардың әскері әлсіз, шайқаста қорқақ. Тұрғындары саудада шебер... Астанасы Ланьгай деп аталады. Бұл қалада әр түрлі тауарлары бар базар бар... оның көпестері Үндістанға саудамен барып тұрады, онда күн ыстық, адамдар пілдің үстінде шайқасады».
Чжан Цянның мәліметтері «Аға Хань әулеті тарихы» атты қытай хроникасында да келтіріледі, сонымен бірге онда да-юэчжилердің бес үйге бөлінетіндегі және солардың ішінде «кушандар үйі» (гуйшуан) де бар екендігі айтылады.


Білімін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Парфия мемлекеті қандай тарихи жағдайларда қалыптасты?

  2. Парфия мен Рим арасындағы қарым-қатынастар қалай өрбіді?

  3. Парфияның қоғамдық дамуының ерекшеліктерін көрсетіңіз.

  4. Грек-Бактрия патшалығының саяси және мәдени дамуының ерекшеліктері қандай?

ХІҮ ТАРАУ


ЕЖЕЛГІ ҮНДІСТАН

Үнді субконтинентінің кең ауқымды территориясы климаттық жағдайлары, рельефі мен топырағының сипаты бойынша бірнеше зоналарға бөлінеді. Қазіргі солтүстік-батыстағы шөлейтті аудандарды ежелгі дәуірлерде ормандар басып жатқан болуы мүмкін. Инд өзені мен оның сағаларының аңғарлары ерекше құнарлы болған. Осы жерде егіншілердің ең алғашқы қоныстары пайда болып, б.з.д. ІІІ мыңжылдықта Оңтүстік Азиядағы ең ежелгі қалалық өркениет қалыптасады. Солтүстіктен және солтүстік-шығыстан Үндістанды Азияның басқа бөліктерінен Гималай тау жоталары бөліп жатыр, сондықтан да солтүстік-батыс арқылы ғана қоныс аударушылар мен жаулаушылар келіп, сауда керуендері жүрді, шетелдік мәдени ықпал таралып отырды. Б.з.д. ІІ мыңжылдықта үндіеуропалық арий тайпалары дәл осы жолмен келіп, б.з.д. І мыңжылдықта жекелеген аудандар бірде парсы патшаларына, келесі кезеңде Македонскийдің наместниктеріне, енді бірде грек немесе скиф (сақ) билеушілеріне бағынып отырды. Ақырында, біздің заманымыздың басында бүкіл осы территория Кушан державасының құрамына енді.


Инд-Ганг жазығының орталық бөлігі ежелгі дәуірде-ақ «арийлердің қасиетті жері» (Арьяварта) деп есептелді. Ұлы өзендер аңғары аралығында және Ганг өзенінің жоғарғы ағысында б.з.д. І мыңжылдықтың бірінші жартысында ежеді үнді өркениеті пайда болды. Осы кең жазықтың әр түрлі аудандарымен атақты Махабхарата дастанында сақталған эпикалық аңыздар байланысты.
Солтүстік-шығыс – Ганг алқабының орта және төменгі бөлігі ылғалдылығы жоғары, тропикалық шалғындар мен өсімдіктерге бай аймақ. Жаңбырлы маусымдарда Ганг аңғарында су тасқындары жиі болып, атыруы ертеде батбақты болған. Ең алғашқы қоныстанушылар негізінен, балық аулаумен, аңшылықпен және тұрпайы егіншілікпен айналысқан; тек б.з.д. І мыңж. ортасына қарай ғана ну ормандармен (джунгли) болған табанды күрес нәтижесінде бұл ауданның кеңінен игерілуі іске асты.
Инд-Ганг жазығын Декан түбегінен (ежелгіүнді тілінде дакшина –«оңтүстік») аласа Виндхья таулары бөліп тұрады. Декан күрделі рельефі жекелеген аудандарын бір-бірінен оқшаулап жатқан қыраттардан тұрады. Сондықтан да оңтүстікте өркениетке өту солтүстікке қарағанда кейінірек іске асты.
Шри-Ланка (Цейлон) аралының орталық бөлігін алып жатқан орманды жоталар солтүстіктегі жазықтарды оңтүстіктегі ну орманды ойпаттардан бөліп тұр. Осы негізгі аудандар арасындағы бәсекелестік елдің саяси тарихын сипаттайды. Аралдың географиялық жағдайы Оңтүстік Үндістан жағалауларымен тығыз байланыстарын анықтап, ал біздің заманымыздың басында теңізде жүзу ісінің дамуына байланысты Оңтүстік-Шығыс Азия, Аравия және Египетпен байланыстарына жағдай жасады.
Қазіргі Оңтүстік Азияның негізгі халқы үндіеуропалық нәсілге жатады, алайда Үндістан түбегінің оңтүстігі мен Шри-Ланка аралының халықтары кейбір нәсілдің белгілері бойынша австралоидтарға жақын. Солтүстік-шығыстағы бірқатар тайпалар оңтүстікмонғолоид нәсіліне жатады.
Солтүстікте қазір үндіеуропалық тілдер (хинди, бенгал тілі және т.б.), оңтүстікте дравид (мысалы, тамиль тілі) басым, Декан мен Солтүстік-Шығыс Үндістанның бірқатар тілдері Оңтүстік-Шығыс Азия, Тибет пен Қытай тілдеріне туыстас болып келеді.
Оңтүстік Азияның ежелгі этникалық тарихын тек жалпылама түрде ғана қалпына келтіруге болады. Үндіеуропалық тілде сөйлейтін арийлер Үндістанға б.з.д. ІІ мыңжылдықта келгені белгілі. Ежелгі дәуірде дравид тілді тайпалар Үндістанның орталық және солтүстік-батыс, ал тибет-бирма және мунд тайпалары солтүстік-шығыс бөлігінің анағұрлым ауқымды аумақтарын алып жатқан болуы мүмкін. Оңтүстік Азияда, бүкіл ежелі Шығыстағыдай ежелгі дәуірлерден халықтар мен нәсілдердің араласу үдерісі қарқынды жүрді, нәсілдік айырмашылықтар тілдік айырмашылықтармен сәйкес келмейді.
Оңтүстік Азияның ежелгі тарихын келесі дәуірлерге бөліп қарастыруға болады:
І. Ең ежелгі өркениет (Инд) - б.з.д. ХХІІІ – ХҮІІІ ғғ. (алғашқы қалалардың пайда болуы, ерте мемлекеттердің қалыптасуы).
ІІ. Б.з.д. ІІ мыңж. екінші жартысына қарай үндіеуропалық тайпалар - келе бастайды. Б.з.д. ІІ мыңж. аяғынан І мыңж. ортасына дейінгі дәуір осы кезде қалыптасқан діни шығармалардың атауымен - «ведалық» деп аталады. Оның негізгі екі кезеңін бөліп көрсетуге болады: ерте кезең (б.з.д. ХІІІ-Х ғғ.) арий тайпаларының Солтүстік Үндістанда қоныстануымен сипатталса, кейінгі кезең (б.з.д. ІХ-ҮІ ғғ.) Ганг аңғарында алғашқы мемлекеттердің құрылуына алып келген әлеуметтік және саяси үдерістермен сипатталады.
ІІІ. «Буддалық дәуір» (б.з.д. Ү-ІІІ ғғ.) – буддизм дінінің пайда болып, таралған уақыты. Буддизмен байланысты ескерткіштер дәуірдің ең маңызды тарихи деректері болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық және саяси тарих тұрғысынан алғанда бұл дәуір урбанизацияның басталуы және ірі мемелекттердің пайда болуы – тіпті жалпыүндістандық Маурийлер державасының қалыптасуы уақыты болды.
ІҮ. Б.з.д. ІІ ғ. – б.з. Ү ғ. ежелгі үнді өркениетінің «классикалық дәуірі» деп қарастыруға болады, Оңтүстік Азия мәдениеті мен әлеуметтік ұйымының ең бір сипатты ерекшеліктері қалыптасқан уақыт.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет