Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


Инд өркениеті (б.з.д. ХХІІІ-ХҮІІІ ғғ.)



бет42/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   92
Инд өркениеті (б.з.д. ХХІІІ-ХҮІІІ ғғ.)

Оңтүстік Азияның ең ежелгі өркениеті Солтүстік-Батыс Үндістандағы Инд өзені ауданында (негізінен алғанда, қазіргі Пакистан территориясы) пайда болғандықтан Инд өркениеті деп аталады. Ол пайда болған уақыты бойынша үшінші ежелгі Шығыс өркениеті болып табылады. Алғашқы екі өркениет – Месопотамия және Египет сияқты ол да ұлы өзен аңғарында орналасты және оның да қалыптасуы жоғары өнімді суғармалы егіншілікті ұйымдастырумен байланысты болған болуы керек.
Инд аңғары мәдениетінің ашылуы салыстырмалы түрде кейінгі уақытқа жатады (ХХ ғ. 20-жылдары), және әр түрлі себептерге байланысты онымен қатар өмір сүрген Египет және Аккад мемлекттеріне қарағанда аз зерттелген. Алайда оған қоланы пайдалану, қалалар салу, және сондай-ақ жазудың ойлап табылуы тән болғанын сенімді түрде көрсетуге болады. Осы негізгі белгілер өркениеттің, яғни ежелгі азаматтық қоғам мен мемлекеттіліктің пайда болғандығы жөнінде айтуға мүмкіндік береді.
Ең алғаш болып неғұрлым ірі екі қала орталықтары – Мохенджо-Даро және Хараппа зерттелді (соңғысының атымен бүкіл археологиялық мәдениет Хараппа деп аталады). Кейінірек кішірек қалалар – Чанху-Даро, Калибанган ашылды. Хронологиялық жағынан Хараппа мәдениеті б.з.д. 2300-1700 жж. шегімен анықталады, алайда әр түрлі аймақтар мен жекелеген орталықтар үшін бұл хронология дәл сәйкес келмеуі мүмкін.
Махенджо-Даро, Хараппа және Калибанган сияқты қалаларға екі бөліктен тұратын құрылым тән. Қаланың бір бөлігі жасанды төбеге тұрғызылып, қалған қоныстардан айырлы дуалдармен бөлінген. Бұл өзіндік қорған (цитадель) қоғамдық құрылыстарға - әкімшілік және діни мекемелерге арналды. Қала қоныстары Махенджо-Дарода екі шаршы шақырым алаңды алып жатты, бұл жерде бірнеше мың адам тұра алар еді. Ені он метрге дейін созылатын тік көшелер арбаларға, және діни шерулерге арналған болуы керек. Қала құрылыстарының көпшілігі бірдей көлемдегі күйдірілген кірпіштен соғылған. Зерттеушілерді қаланың тұрмыстық жағдайының жоғарғы дәрежесі таңқалдырады. Көптеген үйлерде жуынуға арналған арнайы бөлмелер бар. Кір су кірпіштен қаланған каналдар арқылы арнайы орға барып төгілетін болған. Инд аңғары қалаларындағы канализация жүйесі ежелгі дүниенің басқа елдеріндегіден анағұрлым жетілдірілген болды.
Қала орталықтарындағы қазбалар ауыл шаруашылығы туралы толық мәлімет бере алмайды. Алайда, табылған дақылдардың қалдықтары бидай, сұлы, арпа өсірілгендігін көрсетеді. Маталардың қалдықтары Үндістанда, Азияның басқа елдеріне қарағанда мақта әлдеқайда ерте өсіріле бастағанын дәлелдейді. Жүк тасушы малдар қатарында өгіздер мен бұқалар, сондай-ақ үй құстары көптеп өсірілді.
Қалаларда қолөнер жақсы дамыды. Құрылыста күйдірілген кірпіш кеңінен қолданылды. Хараппа керамикасы формасы жағынан алуан түрлі болды. Ыдыстардың сыртындағы кескіндер өсімдік нақыштары түрінде орын алды. Тоқыма ісі кеңінен дамығандығын ұршықтың табылуы айғақтайды. Египет пен Месопотамиядан ерекше, Инд өркениетіне монументалды мүсін өнері тіпті де тән болмады. Барлық сақталған бейнелер кіші-гірім ғана көлемде. Тастан және қоладан жасалған мүсіншелерге қимыл-қозғалыстың жақсы бейнеленуі, пластикалылық тән.
Ірі қалалардың көркем қолөнерінің ерекше көзге түсетін туындылары кіші-гірім тас мөрлер болып табылады. Мұндай мөрлердің мақсаты мүлік иесінің меншіктік құқықтарын көрсетуі болған тәрізді, алайда оларды басқа да мақсаттарға пайдаланған да болуы мүмкін. Бір ауданнан шыққан мөрлерде ұқсас суреттер таңбаланған, олар жергілікті культтер мен қасиетті орындармен байланысты немесе мифологиялық сюжеттер болды.
Инд өркениеті қалаларының кең сыртқы байланыстары туралы Хараппа мәдениетінің бұйымдарының (негізінен, мөрлер) Месопотамия (Ур, Киш, Телль-Асмар), Иран (Тепе-Яхья) және Оңтүстік Түркмения (Алтын-Тепе) жерлерінен табылуы айғақ бола алады. Махенджо-Даро және Хараппа өзінің гүлдену дәуірінде ежелгі Шығыстың ерте өркениеттері жүйесіне кіргенін байқауға болады. Әсіресе байланыстар Месопотамиямен Аккад патшалығы мен иссин әулеті тұсында, яғни б.з.д. ІІІ мыңж. соңғы үштігі және ІІ мыңж. басында кеңінен орын алғанын деректер дәлелдейді.
Б.з.д. ХҮІІІ ғ. аяғына қарай Хараппа мәдениеті өмір сүруін тоқтатады. Ол тосын болған соққының нәтижесінде қирамағанын толық сеніммен айтуға болады. Археологтар жинақтаған материалдарға қарағанда, бір кездері гүлденіп тұрған қалалар, ғасырлар бойы, бірте-бірте құлдырай бастаған. Тамаша, сән-салтанатты қамалдар тозып, кең көшелер тарылып, үйлер бей-берекет, ретсіз салынып кеткен, қала құрылымы бұзылған. Сырттан келген заттар азайып, әдемі қолөнер бұйымдары мен мөрлер кеміп кеткен. Қалаларды ауылдар ауыстырып, мәдениеттің тұрпайылануы орын алған.
Хараппа мәдениеті Үндістан тарихында ешқандай із қалдырмады дей алмаймыз. Б.з.д. ІІ мыңж. Орталық Үндістанның да, Ганг алқабы тайпаларының да энеолиттік мәдениеттерінде Хараппаның тікелей ықпалы байқалады. Инд өркениетінің мәдени ықпалы кейінгі индуизмнің наным-сенімдері мен культінде сақталған.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет