Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


«Классикалық дәуір» (б.з.д. ІІІ ғ. – б.з. V ғ.)



бет45/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   92
4. «Классикалық дәуір» (б.з.д. ІІІ ғ. – б.з. V ғ.)
Б.з.д ІІ ғ. басында Маурьялар әулетінің соңғы өкілін өз қолбасшысы өлтіреді. Осы уақыттан бастап узаққа созылған саяси тұрақсыздық кезеңі басталады. Б.з.д І ғ. Магадха билеушілерінің билігі оның межелерінің шегінен шықпай қалады.
Осы уақытта Солтүстік-Батыс Үндістан сырттан келген жаулаушылардың қуатты тегеуіріне ұшырайды. Алғаш болып грек-бактриялықтар келіп, Гандхарада орнығады. Грек-Бактрия мемлекеті тарихының деректері өте жұтаң – тек билеушілердің шығарған теңгелері бойынша, яғни нумизматикалық деректер бойынша патшалардың билік жүргізген уақытын ғана анықтауға болады.
Грек-бактриялықтардың артынша б.з.д. І ғ. Үндістанға Шығыс-иран тайпалары - сақтар енеді. Солтүстік-Шығыста бірнеше ұсақ үнді-сақ мемлекеттері құрылды. Сақ билеушілері көрші патшалықтарға гегемониясын орната отырып, өздерін «Ұлы патша», «патшалардың патшасы» деп атай бастаған. Анағұрлым ірі мемлекетік құрылымдарда наместниктік жүйесі – сатрапиялар еңгізілді. Сатраптар (кшатраптар) айтарлықтай дербестікпен иеленіп, көп ұзамай толық тәуелсіздікке де қол жеткізіп отырды.
Біздің заманымыздың межесінде Солтүстік-Батыс Үндістанның бірқатар аудандары парфиялықтарға бағынды. Үнді-парфия патшаларының ішінде әсіресе, Таксилде билік қурған Гондофар деген патшаның есімі белгілі.
Біздің заманымыздың алғашқы ғасырлары Орталық Азияда Кушан державасының саяси үстемдігімен сипатталады. Кушандар Үндістанның солтүстік-батысында ғана орнықты, алайда біраз уақыт өз билігін Ганг алқабының айтарлықтай территориясына таратқан болуы мүмкін. Кушан теңгелерінің Ориссаға дейінгі аумақтан табылуы Кушан дәуіріндегі кең эканомикалық байланыстардың болғандығынан хабар береді. Бұл алып империяның өмір сүруі Үндістанның Шығыс-иран және эллинистік-римдік әлеммен, сондай-ақ Хань империясымен мәдени байланыстарына ықпал етті. Кушан державасының териториясымен Ұлы Жібек жолы өтті.
Кушан мемлекетінің мәдениетіне әр түрлі тілдердің, мәдениеттер мен діндердің араласуы, яғни мәдени синкретизм тән болады. Билеушілердің теңгелерінен, өнер туындыларынан гректік құдайлар мен қаһармандардың (Гелиос, Геракл), иран қудайларының (Ахурамазда, Анахита), үнді құдайлары әсіресе, Шива құдайын, сондай-ақ Будда мен оның символдарының бейнелерін көре аламыз.
Кушан билеушілерінің ең белгілісі - Канишканың буддистердің IV-ші жиынын өткізгендігі, көптеген монастырлар мен буддалық ескерткіштер (ступ) тұрғызғандығын деректер жеткізеді. Канишка, Ашокадан кейінгі үнді аңыздарының сүйікті қаһарманы болып табылады. Шынында да Кушандар тұсында буддизм Орталық және Шығыс Азияға тарап, толық мағынада әлемдік дінге айналды.
Маурийлерден кейінгі дәуірде Инд-Ганг жазығынан оңтүстікке қарай жатқан аудандарда тәуелсіз мемлекеттер қалыптаса бастады. Олар кейде тіпті Солтүстіктен әлеуметтік және саяси дамуы жағынан басып озып та отырды. Калинга патшасының орасан зор армиясы жөнінде дақпырт сөздер Римге дейін жетті, бұл жөнінде Аға Плинийдің «Табиғат тарихында» (б.з. I ғ.) айтылады. Алайда мемлекеттің кейінгі дәуірлердегі тағдыры мүлде белгісіз. Ол бірнеше ұсақ князьдіктерге бөлініп кеткен тәрізді. Декан елдері тарихында негізгі саяси құрылым Сатавахан әулетінің мемлекеті болды. Бұл мемлекет те Маурийлер державасы ыдырағаннан кейін көп ұзамай қалыптасқан тәрізді. Мемлекеттің орталығы - Батыс Декан аймағы болды. Держава б.з. III ғ. ыдырап кетті, аймақтағы үстемдік енді Вакатака және Паллав мемлекеттеріне өтті.
Қарастырылып отырған дәуір ежелгі үнді экономикасының гүлденген дәуірі болды. Үнділіктер жоғары сапалы болат қорытуды игеруді. Үнді болаты жақын елдерде ғана емес, Жерорта теңізі елдерінде де үлкен сұранысқа ие болды. Қамалдар енді ағаштан емес, кірпіш пен тастан соғылатын болды, ал оларды алу үшін қамал бұзушы машиналар мен басқа да әскери механизмдер пайдаланылатын болды. Маурийлерден кейінгі дәуірге буддалық үңгір монастырлары мен храмдары және басқа да монументалды құрылыстар тән болды. Біздің заманымыздың алғашқы ғасырындағы мүсін өнерінің көптеген ескерткіштері тек діни сенімдер мен халықтың көркемдік талғамы жөнінде ғана емес, сондай-ақ қолөнершілердің жұмыс техникасы, жоғарғы шеберлігі жөнінде де хабар береді.
Алтын, күміс және мыс теңгелердің өте көптігі, ақша айналымының айтарлықтай жоғарғы деңгейін көрсетеді. Қызу сауда жолдары Таксила, Матхура, Уджаяни, Варанаси сияқты ірі қалаларды өзара байланыстырды. Аудандардың азды-көпті мамандануы орын алды, мысалы, Варанаси мен Матхура мақта маталарымен даңқы шықты, солтүстік-батыс аудандар жүн маталарымен, шарап және жылқысымен белгілі болса, Уджаяни – асыл тастарымен, піл сүйегімен, Оңтүстік Үндістан дәмдеуіштерімен атағы шықты.
Б.з.д. ІІ-І ғғ. Батыс және Оңтүстік Үндістанды эллинистік Египет көпестері пайда бола бастады. Үндістанның ең қиыр оңтүстігінде Рим факториясы – Арикамедудың негізі қаланды. Біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында үнділіктер теңіз жолы арқылы Оңтүстік-Шығыс Азиямен және Индонезия аралдарымен тығыз байланыстар орнатып қана қойған жоқ, сондай-ақ осы бағытта кең отарлаушылық та жүргізді.
Үндістанның әлеуметтік құрылымы өте күрделі болады. Ежелгі үнді деревнясының әлеуметтік ұйымының негізін көршілік қауым құрды. Егістік жер жекелеген отбасылар арасында бөліске түсті. Тек жайылымдар мен бос жатқан жерлер қауымның меншігінде болды. Отбасы иесі өз жер телімін сатамын десе, оны сатып алуға туыстары мен көршілерінің басым құқығы болды. Қауымның толық құқылы мүшелері қауым жиындарына қатысты. Деревняны староста басқарды, ол мемлекеттік билік алдындағы қауымның өкілі болды. Деревня ішінде мүліктік жағдайы бойынша да, сословиелік-касталық статусы жағынан да теңдік болған жоқ. Жетекші, томаға-тұйық топ – қауымдас – егіншілер болды. Олар барлық кезде бірдей ауыл шаруашылық еңбегімен айналысқан жоқ. Жерді жалға берудің, батрактар еңбегін қанаудың көптеген түрлері кең тарады, жерсіз жұмыскерлер деревня халқының ең төменгі тобын құрады. Қызмет көрсетуші персоналдар – кір жуғыштар, көше тазалаушылар, күзетшілер, сондай-ақ, деревня қолөнершілері – ағаш ұсталары, құмырашылар және т.б. деревня халқының айтарлықтай тобын құрады. Әр категорияларға жататын адамдардың статусы мұраға қалдырылды және әр категория адамдарының әлеуметтік қарым-қатынасы өз шеңберімен ғана шектелді. Әрбір жергілікті жердің белгілі бір қоғамдық статустағы отбасылары томаға-тұйық қауымдастық - касталарға бірікті. Әрбір каста эндогамиялы болады, сондықтан да оның барлық мүшелері бір-бірімен туыстық байланыста болды. Каста мүшелерін олардың экономикалық мүдделері және діни дәстүрлері мен рәсімдері біріктірді.
Деревня тұрғындарының арасындағы дәстүрлі қатынастар касталық иерархия түрінде қалыптасты. Мысалы, деревня қолөнершілері, егіншілер кастасына қызмет көрсетуге тиіс болды, сонымен бірге, өз кезегінде жиналған астықтың бір бөлігін иеленуге құқылы болды. Еңбек бөлінісінің, өзара құқықтар мен міндеттердің осындай жүйесі үнді деревнясының ерекше тұрақтылығын қалыптастырумен бірге, жоғарғы касталардың үстемдігін де қамтамасыз етті. Экономикалық қатынаста әрбір деревня қауымы өзін-өзі қамтамасыз етіп отырды, сондықтан да кең сыртқы байланыстарға зәру бола қойған жоқ.
Ежелгі дүниенің ақырына қарай пайда болған көптеген жергілікті касталарды, көп жағдайда ежелден белгілі төрт варнамен байланыстыру туралы түсінік қалыптасты. Ең жоғарғы егіншілер кастасы, әдетте өздерін брахмандарға немесе кшатрийлерге жатқызды. Қаланың сауда-өсімқор касталарын вайшийлер деп есептеді. Еңбекшілердің негізгі бұқарасы, тек қолөнершілер емес, сондай-ақ шаруалар да шудра варнасы ретінде қарастырылды. Шудралардан да ең ауыр, рәсімдік жағынан ең лас жұмыспен айналысатын кесапаттар кастасы тұрды. Олар деревняның сыртында немесе қалалардың шегінде тұрды, өйткені олар жоғарғы каста өкілдеріне өз зиянын тигізбеуге тиіс болды.
Қаланың ерікті қолөнершілері корпорацияларға бірікті. Қызмет түрі мен әлеуметтік жағдайының мұраға қалдырылуы бұл жерде де томаға-тұйық кәсіби касталардың пайда болуына алып келді. Қолөнер бірлестіктері өз мүшелерінің еңбегіне ғана емес, өмір салтына да бақылау орнатты. Әр түрлі кәсіптің әлеуметтік беделі, сондай-ақ әр кастаның қоғамдағы орны бірдей болған жоқ, мысалы алтын бұйымдар шебері және қару-жарақ шығарушылар, дәмдеуіш жасаушылар тас қашаушылар, темір ұсталары мен тігіншілерден анағұрлым артық жағдайда болды.
Қолөнершілер, әдетте рынокқа емес, тапсырысқа жұмыс істеді. Деревняда да, қалада да жалдамалы, еріксіз еңбек кеңінен қолданылды. Білікті қолөнершілер шебер көмекшілері мен шәкірттерінің еңбегін пайдаланды. Ал ауыр және лас жұмыстарды құлдар атқарды. Бай көпестер бұйрық берушілер мен бөлшек саудагерлерді жалдап отырды, ал үй шаруашылығында құлдардың еңбегін қанады.
Құлдар қожаларының жеке меншігі ретінде қарастырылды, сондықтан да оларды мұраға қалдыру, сыйға тарту, кепілдікке қалдыру т.б. орын алды. Толық құлдықпен қоса, тәуелділіктің басқа да формалары орын алды. Құлдарға белгілі-бір уақытта қарызын өтеп жүрген адамдар да жатқызылды. Қарыз құлдығы уақытында, борышкер қожаның пайдасына, оның құлдарының қатарында жұмыс істеді, алайда олардың заңдық жағдайы толық мағынадағы құлдардан бөлектеу болды. Қожа оларды сата алмады, кепілдікке бере алмады, өз қалауы бойынша жазалай алмады, т.б. Мұндай борышкердің отбасы тәуелсіз болып қала берді, және ол өз кастасына жату құқығынан айрылып қалмады.
Басқа да барлық ежелгі қоғамдардағы сияқты халықтың басым бөлігін салық төлеуші егіншілер құрады. Салықтың дәстүрлі мөлшері астықтың 1/6 бөлігі болды, алайда әр түрлі қосымша және төтенше жиындар бұл мөлшерді айтарлықтай арттырып отырды. Брахмандардың, храмдар мен монастырлардың жерлері, әдетте салық төлеуден босатылды.
Дәуірдің аяғы ірі жер иеленушіліктің өсуімен сипатталады. Деревнялар сатып алу мен сыйға тарту жолдарымен монастырлардың, храмдар мен жекелеген брахмандардың меншігіне өтіп отырды. Байып алған көпестер де деревнялардың иесіне айналып отырды. Өз қолдарына жер иеліктерін шоғырландырған деревня старосталары биліктің жергілікті өкілінен помещикке айналды. Ірі жер иеленушіліктің осылайша өсуі мен тәуелді шаруалардың көбею процесі тарихнамада орта ғасырларға өтудің басты белгілері ретінде қарастырылады.

Білімін тексеруге арналған сұрақтар:



  1. Үндістан жеріне арийлер қашан және қандай жолмен келді?

  2. Ежелгі Үндістан тарихы қандай кезеңдерге бөлінді?

  3. Арийлерге дейінгі Үндістан жерінде қандай өркениеттер болды?

  4. Ежелгі Үндістанның әлеуметтік жүйесінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.

ХҮ ТАРАУ
ЕЖЕЛГІ ҚЫТАЙ


Қытай тарихы дамыған неолит дәуірінен басталып, кем дегенде жеті мың жылды қамтиды. Оның үштен бірін ежелгі Қытай өркениеті дәуірі алып жатыр. Ежелгі Қытай өркениетінің басталуы б.з.д. 220 жылына жатады. Хуанхэ өзенінің бассейні ежелгі қытайлықтардың этникалық бірлігі қалыптасқан негізгі территория болып табылады. Солтүстік Қытайдағы ең ерте қола мәдениеті Эрлитоу мәдениеті болды. Ол б.з.д. XXIV-XV ғғ. уақытын қамтиды. Эрлитоу дәуірінде протоқалалық қоғамдарда мүліктік жіктеліс айтарлықтай тереңге кетті, алайда таптық жіктелістің болғандығын көрсететін мәліметтер жоқ.


Соңғы уақыттардағы археологиялық ашылымдарға байланысты ғалымдар ежелгі Қытай тарихындағы Ся мәдениеті мен әулетінің шынында да өмір сүргендігі жөніндегі мәселені қайта көтеріп отыр. Қытайдың ресми тарихнамасында б.з.д. 2205 жылдан 1766 жылға дейін билік құрған бұл әулет қытайлық 25 әулеттің төрт мың жылдық циклын бастап берген әулет деп есептеледі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет