Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады



бет46/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   92
Байланысты:
annotation15107

Шань-Инь дәуірі

Б.з.д II мыңжылдықтың екінші жартысында Ганьсудан Шаньдуньға және Хэбейден Хунань мен Цзянсиға дейінгі ұлан-ғайыр территорияда өзендердің жағалауларында бытырап жатқан ерте қалалық қоныстар пайда бола бастады. Бұл қоныстардың тұрғындары протомемлекеттік құрылымдарды қалыптастырған қола индустриясын жасаушылар болды. Дуалдармен қоршалған мұндай «қалалар» (көлемі шамамен 6 шаршы шақырым) белгілі бір жоспармен соғылды, оларда сарайлар типіндегі монументалды құрылыстар, қолөнер кварталдары, қола құю шеберханалары болды. Жерлеу заттарындағы айырмашылықтар бұл қоғамдардағы мүліктік және әлеуметтік теңсіздіктің дәлелі бола алады. Соғыс тұтқындарын жаппай өлтіру және құрбандыққа шалу бұл қоғамдардың сипатты ерекшелігі болып табылады. Бір немесе бірнеше территориялық қауымдардың (қалалардың) аумағында өркениеттің алғашқы ошақтары пайда бола бастады. Қауымдардың бірігуін шаруашылық қажеттіліктері де (мыс., су тасқынымен күрес үлкен ұжымның күшін қажет етті), және соғыс жағдайлары да (көрші тайпалармен соғыс, протомемлекеттердің өзара қырқыс соғыстары) талап етті. Алайда бұл алғашғы ертетаптық бірлестіктердің пайда болуының ең маңызды себебі барған сайын күшейіп бара жатқан мүліктік жіктеліс болды. Бұл территориялық қауымдар мемлекеттік құрылымның пайда болуының алаңына айналып, оны айналасында қоршап жатқан көптеген ру-тайпалық ұйымдардан принципті түрде ажыратты. Солтүстік Қытайда Инь тайпа одағынан бөлініп шыққан Шань «қалалық қоғамы», б.з.д. II мыңжылдықтың соңғы ғасырларында айтарлықтай ірі, этникалық жағынан біртекті емес, тұрақсыздау бірлестікті басқарды. Оның билеушісі «ван» деп аталды, ол ең жоғарғы әскери билікті қолында ұстады, сонымен бірге жоғарғы абыз қызметін атқарды.
«Шан» қаласы мен қауымы жөнінде біз, Аньян қаласы маңынан табылған Қытай территориясындағы ең ежелгі жазба эпиграфикалық ескерткіштерден білеміз. Бұл құрбандық малдарының сүйектері мен тасбақа қабығына жазылған архаикалық пиктографиялық жазбалар. Бұл жазуды ғалымдар Қытай иероглифтерінің ең ежелгі түрі деп есептейді. Бұл рәсімдік-діни мәтіндерден қоғамдық қатынастар жөнінде көп мәлімет ала алмаймыз, оның мәліметтері өте күрделі әрі қарама-қайшылықты, тілі өте ежелгі болғандықтан тарихшылар арасында үлкен айтыстар туғызып отыр.
Бал ашу жазбалардың уақыты – б.з.д. ХІІІ – ХІ ғғ. болып табылады, шамамен осы уақытта Аньян қаласы маңынан ашылған үлкен қалалық қоныс та жатады. Осы қоныстар кешені ауқымынан қамал-бекіністер, қолөнер кварталдары табылды. Аньян түбінен көлемі мен жерлеу заттары бойынша бір-бірінен қатты ерекшеленетін қабірлер танылды. Олардың ең кішілері – қару-жарақ пен қола ыдыстарсыз таяз ғана шұңқырлар түрінде болса, ең ірілері – он метрден де тереңге кеткен айшық тәрізді жер асты қабірлері түрінде кездеседі. Соңғылары – кесінді пирамидаларға ұқсас монументалды алып құрылыстар (олардың саны оннан астам, олардың ішіндегі ең ірісінің ауданы 380 шаршы шақырым) болып табылады.
Шан қоғамы дамып келе жатқан қола ғасырында өмір сүрді. Оған орнықты отырықшылық, қалалар, қолөнердің егіншіліктен бөлінуі тән болды. Шандықтар мекендеген Орта Қытай жазығы б.з.д. ІІІ – ІІ мыңжылдықтарда егіншілік үшін аса қолайлы болды, оған өзен аңғарларының құнарлы топырағы, тұрақты жаңбыр сулары мен субтропикалық климат ықпал етті. Астық дақылдарынан шандықтар сұлы, бидайдың әртүрлі түрлерін, тарының екі түрін (қара және сары) , жеуге жарамды дәндері бар сора өсірді. Астықтан бөлек, шандықтар бау-бақша дақылдарын, жібек шаруашылығы үшін қажет тұт ағаштарын өсірді. Өнім бүтіндей жаңбыр суына тәуелді болды, бұл жөнінде бал ашу жазбаларында тікелей дәлелдер бар. Шандықтар күріш дақылын игерген-игермегендігі толық анық емес, егер игерген күннің өзінде, ол да жаңбыр суымен өсірілген, өйткені шалдықтар ирригацияны білмеді.
Археологиялық қазбалар да, балу ашу жазбалары да шандықтарда қолдан суарудың іздерін көрсете алмайды. Сондықтан да қытай өркениетінің қолдан суғару жүйесіне негізделген егіншілер өркениеті ретінде пайда болуы туралы теорияны деректер жоққа шығарып отыр. Оған қоса, бірқатар ғалымдар шан қоғамының негізін егіншілік емес, мал шаруашылығы құрағаны жөнінде пікір айтады. Мал шаруашылығы, «бал ашушылар қоғамының» шаруашылық өмірінде шынында да, маңызды роль атқарған. Бір мезгілде құрбандыққа шалынған ірі қара мал саны бірнеше жүз басқа дейін жетіп отырған. Жайылым үшін теке-тірестер шандықтардың көршілерімен соғыстарының себептерінің бірі болды.
Шан-Инь қоғамының сипаты жөнінде ғалымдар әр түрлі пікірлер айтады. Бірқатар тарихшылар оның протомемлекет болғандығын, басқалары қала-мемлекет типіндегі алғашқы мемлекеттік организм болғандығын айтты. Ал ғалымдардың бір бөлігі құлиеленушілік қоғамдық құрылымының маңызды факторы болған дамыған мемлекеттік ұйым болды деп есептейді. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Қытай территориясында Шан-Инь дәуірінде әр түрлі этностарға жататын ерте таптық қалалық өркениеттер ошақтары қалыптасты, соның ішінде өз жазуы бар Шан өркениеті ең дамығаны болды деген қорытынды жасауға болады. «Шан қаласы» «қала қоғамдары» коалициясын басқарған. Олардан алым алып отырды, бағынудан бас тартқан жағдайда, оларға қарсы жорық жасап отырған, алайда көрші «қалалар» шандықтарға өздері де шабуыл жасап отырған тәрізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет