Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады



бет63/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   92
Байланысты:
annotation15107

Афина грек полисі ретінде

Афина қаласы ежелгі өркениет орталықтарының бірі, Грекияның астанасы. Эгей теңізінің жағасында, Аттика түбегіндегі төбелі жазықта орналасқан. Ол өзімен іргелес жатқан ең ірі теңіз порты — Пиреймен қосылып, үлкен Афинаны құрайды (аумағы 433,28 км²). Афина — Жерорта теңізінің жағалауындағы ең ірі қалалардың бірі. Афина – ежелгі Грекия тарихында Спартамен қатар жетекші рөл атқарған қала-мемлекет. Қала Зевстің қызы әйел құдай Афина Палладаның есімімен аталған. Қала-мемлекеттің қалыптасу тарихын баяндайтын негізгі еңбек — Аристотельдің «Афина политиясы». Афиналықтар шежіресі бойынша, қала Афина акрополінің төңірегінде, бұл жерде микен дәуірінің кезінде-ақ бекініс тәрізді елді мекендер мен б.з.д. ХVІ — ХІІІ ғасырларда салынған сарайлар таңдаулы рулық қауымдарды біріктірудің нәтижесінде пайда болған. Б.з.д. V ғасырдың екінші жартысында бұған дейін бірнеше әлеуметтік-саяси реформаларды басынан өткерген Афина мәдени гүлденудің «Периклдің алтын ғасыры» деп аталатын ең биік деңгейіне жетті. Афинада көрнекті ғалымдар, суретшілер мен ақындар: тарихшы Геродот, философ Анаксагор, мүсінші Фидий, ақындар – Эсхил, Софокл, Еврипид, комедияшы Аристофанның өмір сүрген жері. Афиналық жазушылардың тілі — аттика диалектикасы бүкіл эллиннің әдеби тіліне айналды. Әсем үйлер салынды. Гипподам жобасы бойынша салынған тұтас бекіністің Акрополь ансамблін құрайтын негізгі ғимараттары — әлемдік сәулет өнерінің озық үлгілерінің бірі Парфенон храмы б.з.д. 438-447 жж. салынған. Фидийдің мүсіндері бейнелеу өнерінің туындылары кейінгі ғасырлар суретшілері үшін шеберлік мектебі іспеттес болды. Алайда, «алтын ғасыр» ұзаққа созылған жоқ.


Адамзат өркениеті ошағының бірі болған Афина ішкі жанжалдардың, алауыздықтың салдарынан, 176 жылы Римнің қол астына өтті. Рим үстемдігіне қарсы бас көтерген Афинаны Корнелий Сулланың әскерлері жаулап, қалаларын қиратты. Б.з. ІІІ ғасырында сыртқы жаулардың шапқыншылығынан Афина біржола дербестігін жоғалтты. Қазіргі Афинада ежелгі грек, рим заманы мен орта ғасырлардың сәулет ескерткіштері жақсы сақталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет