Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


Б.д.д. 44-30 жылдардағы азамат соғыстары. Рим республикасының құлауы



бет85/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   92
Б.д.д. 44-30 жылдардағы азамат соғыстары. Рим республикасының құлауы

Сенаторлық олигархия ішінде Цезарь билігінің жаулары көп болды. Олар диктаторға қарсы әртүрлі заговорлар ұйымдастырды. Осындай әрекеттердің нәтижесінде б.д.д. 44 жылы сенат мәжілісі кезінде Цезарь өлтірілді. Дегенмен бұл акт әбден дағдарысқа ұшыраған Рим республикасын құтқара алмады. Рим азаматтарының арасында Цезарь популярлардың көсемі ретінде қалды, оптиматтар қолынан қаза тапқан қолбасшы ретінде мойындалды. Сондықтан цезарлықтардың жазалауынан қорыққан қарсылас жақ, Цезарьдың орнына отыруды қалайтын Марк Антонийға келді. Марк Антоний – танымал қолбасшы, саяси қайраткер, халық трибуны қызметінде Цезарьды қолдады. Цезарь Римде жоқ кезде оның орынбасары ретінде диктаторлық өкілеттілікті алды. Цезарь өлімінің алдында Марк Антоний консул болып сайланған. Диктатордың өліміне байланысты әлеуметтік тұрақсыздық басталғанда Марк Антоний мен сенаторлар өзара келісімге келді.Цезарь тиран деп жарияланған жоқ, оның заңдары өзгеріссіз қалды және Цезарьды өлтірушілерге өмір берілді. Рим халқына диктатураның мәңгіге жойылғандығы жарияланды.


Цезарь өз өсиетінде Гай Октавияны өзінің мұрагері ретінде жариялаған. Ол кезде Гайдың жасы 18-де болды. Оған Гай Юлий Цезарь Октавиан деген атақ берілді. Цезарь өлген кезде ол Парфияға дайындық барысындағы әскермен бірге Эпирде болды. Римге келіп, Октавиан мұрасын талап етті. Марк Антоний оны менсінбей қарсы алды. Антонийге жауап ретінде Гай сенатпен жақындасып, өзін республиканың қолдаушысы деп жариялады. Әскер мен халық арасында кең танымал Октавианның қолдауына сүйене отырып, сенаторлар Антонийге соғыс жариялады. Б.д.д. 43 жылы Галлиядағы Мутин қаласының түбінде Цезарьдің екі легионері бетпе-бет кездесті. Антония әскері жеңілді. Екі цезарьдың ізін жалғастырушыларды бетпе-бет кездестіріп, олардың әлсіреттік деп сенаторлар қуанды. Сенаторларға енді Октавиан да керек емес еді. Октавианның триумф пен консулдық билікті талап етуі жауапсыз қалды. Бұндай жағдайда әскер кімді қолдаса сол күшті еді. Антонийдің соңына түсуден бас тартып, Октавиан өз әскерін Римге қарай бұрды. Римді жаулап алып, консул қызметін қамтамасыз етті.
Осындай жағдайлардың барысында Марк Антоний, келесі көрнекті цезариандық Эмилий Лепидпен жақындасты. Олардың легиондары Цезарь жауынгерлерінен қалыптасқан, олар жер үлестерін жаулап алу үшін барлық цезариандықтардың ынтымақтастығын қолдады. Қалыптасқан жағдайға байланысты Октавиан сенаттан қол үзіп, Антониймен, Лепидпен жақындасты. Б.д.д. 43 жылдың соңында олар өзара «екінші триумвират» деп аталатын келісімге келді. Бұл б.д.д. 43-36 жж. болатын. Триумвирлар республиканы қалыптастыруды армандайтын сенат оппозициясын толық талқандауды көздеді. Сонымен бірге олар өз солдаттары мен ардагерлерінің талаптарын орындағысы келді. Халық жиналысы олардың билігін мойындады. Октавиан консул болып сайланды. Триумвирлерге төтенше өкілеттіліктер берілді, Гай Юлий Цезарьді өлтіргендерге амнистия берілмейтін болды. Жаңа билеушілер Италия халқының үлесінен солдаттары мен ардагерлеріне жер үлестерін бере бастады. Қала тұрғындары құлдарынан, ауылшаруашылық мүлкінен айырылды. Ардагерлерге де жер үлестері берілді. Триумвирлердің қарсыластары бұл шараларды тоқтата алмады. Б.д.д. 42 жылы Грецияның Филипп қаласында сенаторлар әскері мен цезаршылар әскері кездесіп, сенаторлар жеңіліп қалды. Осы жеңістің нәтижесінде триумвирлер провинция территорияларын өзара бөлісіп алды. Антоний шығыс провинцияны, Октавиан батыс провинцианы, Лепид Африканы алды. Аз уақыттың ішінде Лепидті ығыстырып жер аударып жіберді.
Октавиан Италияға келіп, көп қиындықтарға кездесті. Цезарь ардагерлеріне беру үшін тартып алынған жерлер үшін қала тұрғындарының наразылықтары өсті. Октавиан үшін жаңа қауіп пайда болды, Сицилияда Помпейдің ұлы Секст Помпей күшейіп, б.д.д. 60-53 жылдары триумвир болды. Ол Октавианға қарсыларды айналасына жинады. Оның әскерінің қатарына жерсізденген италиктер, аристократтар, өз қожаларынан қашқан құлдар жиналды. Секст Помпей флоты Италия жағалауларын қолдап, Италияның азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне кедергі келтірді. Б.д.д. 36 жылы Секст Помпейдің әскері мен флоты талқандалды. Секст Помпейді жеңудің үлкен маңызы болды. Октавиан италиялық құлиеленушілердің кумиріне айналды, оларға құлдарын қайтарып берді. Бұл Октавианның ауқатты топпен жақындасуға жасаған алғашқы қадамы еді. Алған әйелі арқылы сенаторлармен жақындасты. Проскрипция тоқтатылып, жерді тәркілеу тоқтатылды. Енді барлық Италия Октавианды қолдады. Бұл шараларды іске асыра отырып, қалыптасқан жағдайда тек әскерге сүйену дұрыс емес екендігін түсінді. Қоғамның барлық тобының қолдауына сүйену қажет болды. Осыдан кейін Октавиан Антонийге қарсы шығып, барлық Рим державасына билік жүргізу үшін күресті. Октавиан Италияда өз мақсатына жұмыс жасап жатқан кезде, шығыста Антоний қожайын болды. Аз уақыттың ішінде екеуінің арасындағы соғыс үшін сылтау табылды. Антоний Египет алтыны арқылы Парфияндарды жеңуді армандаса, птоломейлік патша Клеопатра өз мемлекетінің қуатын қайта қалпына келтіруді көздеді. Барлық үстемдік етуші топтардың жақындасуын көздейтін дәстүрлі Рим идеологиясының күшеюі Октавианның қарындасымен заңды түрде айырылыспай Антонияның Клеопатраға үйленуі, Рим провинциясының жерлерін Клеопатрадан туған балаларына үлестіруі Римнің патриархалдық тобын Антонияға қарсы қойды.
Б.д.д. 31 жылы греция жағалауы мен Акций бұғазында теңіз ұрысы болып, Октавиан Антония мен Клеопатраның бірлескен әскерін жеңді. Олардың екеуі де өзіне-өзі қол жұмсап өлді. Б.д.д. 30 жылы Октавиан көп қиындықсыз египетті жаулап алып, оны Рим провинциясына айналдырып, өзі билік жүргізді. Ұзақ уақытқа созылған азамат соғысы кезеңі аяқталды. Октавиан үлкен Рим державасының билігінің басына келді.
Цезарь өлгеннен кейінгі азамат соғыстары Рим республикасының маңызды сатыларының бірі болды. Соғыс барысында ескі римдік азаматтық тәртіптерді көксейтіндер жойылды. Оның дағдарысы бірнеше жерден көрінді. Экономикалық көзқарас бойынша бұл дәстүрлі полистік автаркияның бұзылуы, натуралды томаға-тұйық шаруашылықтың орнына тауар-ақша қатынастарына негізделген экономикалық байланыстар келеді. Құл еңбегінің өндірістің барлық салаларына енгізілуі, бұл процестің тежеуіші болды, себебі Римнің патриархалды қауымы ұсақ өндірушілердің жеке еңбегіне негізделетін.
Бұл дағдарыстың әлеуметтік астарлары, римдік цивитастың гүлдену кезеңіндегі сенаттық олигархия өкілдерінің біртіндеп саяси аренадан кетуі болды. Оның орнына экономикалық және саяси көзқарасы күшті әлеуметтік топ – салт аттылар келді. Кейінгі Рим республикасы кезеңінде бұл салаға муниципалдық провинциялық ақсүйектер, әскердің басқарушы құрамы, жаңа Рим азаматтары италиктер және ауқатты еркіне жіберілгендер кірді. Кейінгі Рим республикасының кәсіпкер, маманданған әскері, Рим азаматтарының дәстүрлі ополчениясын ауыстырып, республиканың саяси өмірінің мәселелерін шешуде жетекші орынға шықты.
Бұл уақытта сенаттың жетекшілік рөлі құлдырайды, халық жиналысының функциясы өзгереді. Егер куриаттық комициялар өз маңызын ертерек жоғалтса, центуриаттық және трибуттық комициялар италиктерге азаматтық құқықтарды беру кезеңінде өз мәнін жоғалтып, заңдық фикцияға айналды. Рим азаматтық қауымындағы дағдарыс республиканың дағдарысы мен құлауына алып келді. Рим державасындағы жаңа мемлекеттік құрылым – императорлық құрылымға алып келді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет