Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады



бет26/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   92
Байланысты:
annotation15107

2. Ежелгі Хетт патшалығы
Хеттердің тарихи дәстүрі хеттер тарихының ең ежелгі дәуірін Куссармен байланыстырады, ол Хетт мемлекеті өмір сүруінің бастапқы кезінде мемлекеттің астанасы болған еді. Алайда Аниттадан кейін орын алған қоғамдық және мәдени өзгерістер нәтижесінде, хеттердің ресми тілі көнеассириялық аккад диалектісі мен жазуынан, енді халық тіліне және сына жазуының солтүстік Сириядан қабылданған басқа нұсқасына ауыстырылады. Хетт мемлекетінің негізін қалаушы Куссардың бізге белгілі алғашқы билеушілері, яғни Питхана мен Анитта емес, кейінгі дәуірдегі Хетт патшасы Лабарна деп саналады. Патшалықтың алғашқы дәуірінде, «ел әлі де болса кіші-гірім» болған кезде, Лабарна қарудың күшімен көрші аудандарды жаулап алады. Одан кейін ол Кіші Азияның оңтүстігі мен солтүстігіне жылжып, хеттер билігін «теңізден теңізге дейінгі» территорияға (Жерорта – Қара теңіз) таратты.
Хеттердің келесі билеушісі – І Хаттусили (Лабарна ІІ) де Куссарда таққа отырды. Оның Хаттусили деген есімді қабылдау себебі, ол стратегиялық мақсатпен өз патшалығының орталығын Куссардан солтүстікке, Хаттусуға ауыстырды. Осы уақыттан бастап Хаттуса Хетт мемлекеті құлағанға дейін мемлекеттің астанасы болып қалды. «Хатти» атауы жалпы Хетт мемлекетінің атауына айналды.
Кіші Азиядағы бірқатар аудандарды өзіне қарата отырып Хаттусили Солтүстік Сирияға жорыққа аттанды. Бұл жерде Алалах қала-мемлекетін, Уршу және Хашшу қалаларын басып алып, Халебті жаулап алу бағытындағы ұзаққа созылған күресін бастады, алайда оны аяғына дейін жеткізе алмады, бұл оның мұрагері І Мурсилидің үлесіне тиді.
Халебті бағындырған Мурсили Вавилонға аттанды, оны Хаммурапи әулетінен шыққан Самсудитана билеп тұрған еді, қаланы Мурсили б.з.д. 1595 ж. алды. Осы жорығы кезінде Мурсили сондай-ақ Солтүстік Месопотамияда Евфраттың сол жағалауында мекендейтін хурриттерді де бағындырды.
Ежелгі патшалықтың аяғына қарай хеттер Киццуватнада – Жерорта теңізінің солтүстік-шығыс бұрышында орналасқан стратегиялық маңызды ауданда табыстарға қол жеткізді. Киццуватна патшасымен Ежелгі Хетт патшалығының соңғы билеушісі – Телепину достық қатынастар орнатты.
Ежелгі Хетт патшалығының өн бойында билеушілердің патша билігін күшейту жолындағы кескілескен күресі жүріп отырды. Патша билігін халық жиналысы – панку айтарлықтай шектеп отырған еді. Бастапқыда хетт жиналысы барлық қару ұстай алатын ер адамдарды біріктірді, ал кейінірек панкуға кіретін адамдардың қатары айтарлықтай азайды, оған енді шонжарлардың жоғарғы топтарының өкілдері ғана кіретін болды. Жиналыс тақ мұрагерлерін анықтауға, сот ісін жүргізуге құқылы болды. Шығу тегі бойынша хатталық – табарна жоғарғы титулын иеленген патша, елдің болашақ билеушісіне кандидатура ғана ұсына алды, оны панку таққа отырғызды немесе керісінше бұл ұсынысты қабылдамай тастады. Патша тағына үміткерлер көп болды, өйткені таққа тек патша ұлы ғана емес, егер ол болмаса патшаның немересі, патшаның әпкесі мен қарындасының ұлы немесе күйеуі отыра алатын еді.
Патша билігін мұралану туралы мәселені Телепину ғана толықтай шешіп берді, ол «Тақты мұралану туралы заң» шығарды, бұл заң бойынша таққа тек патшаның ұлдары, үлкендігіне қарай отыратын болды. Ұлдары болмаған жағдайда патшаның күйеу баласы отыра алды. Басқалардың бәрі таққа үміткерлер қатарынан алып тасталды, ал панку осы заңның орындалуын бақылап отыруға тиіс болды. Патша билігін барынша күшейткен осы тақты мұралану тәртібі Хетт мемлекетінің аяғына дейін сақталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет