Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


Географиялық жағдайы мен табиғи ортасы



бет53/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   92
Байланысты:
annotation15107

Географиялық жағдайы мен табиғи ортасы. Ежелгі гректердің өмірі теңізбен тығыз байланысты болды. Шығысқа қарай көптеген айлақтар мен қолайлы кемежайлар арқылы Эгей архипелагының көптеген аралдары Балқан жартыаралымен, Жерорта теңізінің шығыс және оңтүстік жағалауларымен жалғасып жатты. Сондықтан б.э.д. ІІ мың жылдықтың өзінде-ақ ежелгі гректер шығыс елдерімен таныс еді. Эгей теңізінің жағалауында өмір сүретін Балқан жартыаралының гректері аралдық жерлерден алысқа ұзамай-ақ, теңіз арқылы Кіші Азия жағалауларына жете алатын. Бұл теңіз арқылы сауданың, айырбастың, тіпті отарлаудың ерте дамуына ықпал етті. Географиялық жаңынан теңізге жақын орналасуы ежелгі гректердің мінездеріндегі ерекшелік – батылдық, өзінің физиологиялық және рухани мүмкіндіктеріне сену, шешімді тез қабылдау сияқты психологиялық ерекшелігін қалыптастырды.
Балқандық Греция құнарлы территориясы аз, аласа таулар елі. Ежелгі гректердің тұрақтары таулы аймақтарда қалыптастырылғандықтан, теңізге шыңу мүмкіндіктері шектеулі болды. Балұан жартыаралының табиғаты мен рельефінің өзі грек қауымдарының томаға тұйық және шашыраңқы орналасуына, алғашқы кезде олардың арасындағы байланыстың нашар болуына ықпал етті. Бұл полистік қауымдарға тән сипат – автаркия, яғни – экономикалық тәуелсіздікке ықпал етті.
Материктік Греция – солтүстік, орта, оңтүстік (Пелопоннес) болып, үш бөлікке бөлінеді. Солтүстік Грецияның бір бөлігін осы аймақтағы егін егуге бірден-бір қолайлы Фессалия жазығы алып жатыр. Эгей теңізінің жаңалаулары арқылы өтетін Фермопиль таулы өткелі арқылы орта Греция баруға болса, Пелопоннес пен оңтүстік Грецияны Коринф байланыстырып жатты. Пелопоннесте таулы территор, бірақ бұл жерде тау жотасы арқылы бөлінген құнарлы екі аймақ – Мессения мен Лаконика бар.
Балкан жартыаралының территориясы таулы және құнарлы жер аз болғандықтан, гректер ежелден жерорта теңізі аймағының тәстүрлі триадасы – арпа, жүзім, оливка - өсірді. Бидайға деген сұраныс негізінен грек отарларынан әкелінген бидаймен қамтамасыз етіліп отырды. Мал шаруашылығына да гректер үлкен көңіл бөлді. Гректердің тамағында балықтың орны ерекше болды.
Грек қолөнерінің дамуына материктік Грециядағы және Эгей архипелагындағы пайдалы қазбалардың мол болуы ықпал етті. Темір рудасы Лаконикада болса, Эвбей және Кипр аралдарында мыс, Аттиканың оңтүстігінде Лаврион рудниктерінен күміс алынды. Македония мен Фракия жағалауында алтын, мрамордың сапалы сорттары Аттика мен Парос аралынан алынды. Аттика мен Коринфте қолөнерге қажетті саз балшық болды. Пайдалы қазбалардың осындай жиынтығы алғашұы кезде грек тұрңындарының сұранысын қанағаттандырып отырды. Уақыт өте келе олар өз табиғи қорларымен күн көре алмайтын еді. Өзге жерлермен қалыптастырылған сауда байланыстары пайдалы қазбаның жеткіліксіздігінің орнын толытырып отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет