Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады



бет68/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   92
Байланысты:
annotation15107

Пелопоннесс соғысы

Грек-парсы соғыстарынан кейін Греция экономикасының өрістеуі орын алды. Полис аралық, халықаралық сауда өсті. Бұл жетекші қолөнер сауда полистері Эллада мен Афина, Коринф пен Мегара арасындағы бәсекелестікке алып келді. Олардың сауда мүдделері тек материкте ғана емес, грек әлемінің солтүстік шығыс бөлігі – Македония, Фракия, Қара теңіз жағалауы және Батыс Жерорта теңізі – Италия, Сицилияда да түйісті. Сондықтан осы аймақтардың транзиттік сауда жолдарына бекініс пунктерін салу аса маңызды болды. Мысалы, Халкидика, Керкира, Эпидам т.б.


Пелопоннесс соғысына алып келген келесі себеп – саяси сипатты иеленді. Б.д.д. 445 жылы афина мен Спартаның арасында «отыз жылдық бітім» жасалған, парсы агрессиясына қарсы бірге күрес кезеңінде біріккен екі мықты әскери-саяси одақтың тепе-теңдігі б.д.д. V ғасырдың 30-жылдары бұзылды. Греция полистерінде Афина демократиялық тәртіптерді қолдауға ұмтылса, Спарта өзінің сыртқы саясатында олигархиялық тәртіпке бағытталды. Афина мен Спартаның Грецияда саяси үстемдікке ұмтылуы, 30 жылға созылған Пелопоннесс соғысының тағы бір себебі еді.
Б.д.д. 431-404 жылдардың аралығында орын алған қанды қақтығыстар соғысқа тартылған барлық полистер үшін ауыр болды. Соғыстың басталуына бірнеше қақтығыстар себеп болды. Солардың бірі Пелопоннесс одағының құрамындағы Коринф пен оның отары Керкира арасындағы олардың ортақ отары Эпидам үшін қақтығысы. Керкира метрополияның қысымынан азат болып, Иллирия жағалауындағы транзиттік сауданың маңызды пунктісі Эпидамнды бағындыруға тырысты. Б.д.д. 443 жылы Керкираға қолдау көрсету үшін Афина өз флотының жартысын жіберді. Нәтижесінде, Эпидамнан олигархтар өкілдері қуылды. Бұл Коринф пен Афина арасындағы байланысты күрделендіріп жіберді.
Б.д.д. 432 жылы Коринф азаматтары Афина үстемдігіне қарсы шыққан Бірінші Теңіз Одағы құрамына кіретін отары Потидеяға қолдау көрсетті. Осы жылы афина мегарлықтарға Аттикада сауда операцияларын жүргізуге тиым салды. Нәтижесінде, Коринф және Мегар өтінішіне Спарта афиналыұтар орындай алмайтын талап қойды. Бұл ашық әскери қақтығысқа алып келді. Пелопоннесс соғысына бір жағынан Афина теңіз державасының құрамына кіретін, екінші жағынан, Пелопоннесс одағының гегемоны Спартамен одақтық байланыстары бар барлық грек полистері тартылды. Іс жүзінде бұл соғыс – Грецияның екі ірі әскери бірлестігінің соғысы болды. Афина демократиясының жетекшісі Перикл Афинаның теңіздегі артықшылығын пайдаланып (осы кезеңде Спартаның өз флоты болмаған еді), құрғақта соғыс қимылдарын жүргізуден бас тартты. Сондықтан, теңіз десанттарының көмегімен Пелопоннесс территориясында жауға соққы беру жоспарланды. Мықты жаяу әскері бар Спарта, Аттика территориясын талқандап, Афина мен оның одақтастарын жаяу әскер көмегімен талқандауды жоспарлады.
Пелопоннесс соғысының екі ірі сатысы бар: б.д.д. 431-421 жылдары болған Архидам соғысы және б.д.д. 415-404 жылдары болған Декелей соғысы. Соғыс қимылдарын Спартаның одақтастары фивандықтар 431 жылы сәуірде Бірінші Афина теңіз одағының құрамына кіретін беотиялық полис Платеяға шабуылмен бастады. 431 жылдың маусым айының ортасында Архидамом патшаның басқаруымен Аттикаға басып кіреді. Аттика тұрғындары Афинаға барып тығылды. Б.д.д. 430 жылы спартандықтар Афинаға тағы шабуылға шықты. Тұрғындары тығыз қоныстанған Афинада жұқпалы аурулар шықты. Жұқпалы аурулардың құрбаны көптеген қалалардың тұрғындары болды, соның ішінде Перикл де жұқпалы аурудан қайтыс болды.
Соғыстың алғашқы жылдары Афина экономикасына кері әсер етті. Полистің әскери қуаты әлсіреді. Афина демократиясының жетекшісінің өлімі полистегі саяси тұрақсыздыққа алып келді, Никей бастаған демократтар мен саудагерлер мен қолөнершілердің мүддесін қорғайтын Клеон бастаған демократтар арасында қақтығыс басталды. Клеон тобы жеңіске жетіп, б.д.д. 425 жылы Пелопоннесстің батыс жағалауы Пилосты жаулап алды. Пилосқа жақын орналасқан Сфактерия аралында жүздеген танымал спартиаттарды афиналықтар тұтқынға алды. Афиналықтар мен Мессендік илоттардың одағының қалыптасуына мүмкіндік туған кезде Спартаның жағдайы мүлде қиындап кетті.
Пелопоннесстің батыс жағалауындағы әскери қақтығыстың алдын алу үшін және Афиналықтарды одақтан шығаруға мәжбүрлеу үшін, спартандық қолбасшы Брасид әскери қимылдарды Балкан жартыаралының солтүстік-шығысынан Халкидаға ығыстыруды көздеді. Б.д.д. 422 жылдың қазан айында Амфиполь түбіндегі ұрыста Клеон басқарған афиналықтар спартандықтардан жеңіліп қалды. Клеон мен Брасид ұрыста қаза болды. Осындай оқиғалар Афиналықтар мен Спарталықтардың күшін әлсіретті. Б.д.д. 421 жылы Афина делегациясын басқарған әскербасшы және саяси қайраткер Никияның атымен Никиев бейбіт келісімі жасалды. Келісім ережесі бойынша, соғысушы екі жақ Архидам соғысына дейінгі территорияларына қайтып келді.
Тыныштық ұзаққа созылған жоқ. Б.д.д. 420 жылы Периклдың жиені Алкивиад басқарған афиналық белсенді топ, соғыс қимылдарын жүргізуді қолдап, бірқатар пелопоннесс полистерінде спартандарға қарсы наразылықтарды ұйымдастырды. Б.д.д. 418 жылы Мантинее түбіндегі ұрыста Спарта көтерілісшілерді басып тастады. Б.д.д. 415 жылы көктемде Алкивиад ұйымдастыруымен афиналықтар Сиракуздерге қарсы Сицилия аралына әскери-теңіз экспедициясын ұйымдастырды. Спарталықтардың көмегімен афиналықтар талқандалды, бұл олардың беделі мен қуатына қатты соққы болды. Осы оқиғадан кейін Алкивиад діни қылмыс жасады деп айыпталып, Спартаға қашып кетті. Алкивиад кеңесімен спартандықтар Аттикадағы әскери қимылдарын жалғастыра берді, Декелея территориясын Афинаға шабуылдайтын плацдармға айналдырды. Афинадан 20 км. Қашықтықта орналасқан осы қаланың атымен Пелопоннесс соғысының екінші сатысы Декелей соғысы деп аталады (б.д.д. 415-404 жж.).
Спарта өзінің ежелгі қарсыласы Персияның ақшалай қаржысына сүйене отырып, соғыстың алғашқы сатысында Афина одағынан шығып қалған Кіші Азияның қалаларынан салық жинай бастады. Б.д.д. 411 жылы Афинаның жағдайы нашарлап, олигархиялық төңкеріске алып келді. Афинада 400 ақсүйек олигархтардың билігі орнады. Олардың жақтастары спартандықтарға бүйрегі бұратын Аттиканың ірі жер иеленушілері болды, олар Аттикадағы соғыс қимылдарынан көп зардап шеккендіктен, тез арада бейбіт бітім жасауды талап етті. Флот демократтардың мүддесін қорғады. Демократтар аз уақыттың ішінде олигархтардың билігін жойды. Бірінші бейбіт келісімдер барысында спартандықтар Бірінші Афина теңіз одағы жоюды талап етті. Бұл талапты олигархтар орындай алмады.
Соғыстың келесі сатысы бірнеше теңіз ұрыстарымен сипатталады. Персияның қаржылай көмегіне сүйенген спартандықтар афинадан күші кем түспейтін өз флотын қалыптастырды. Афиналықтар өз одақтастарының коалициясын ұстап қалу үшін көп күш жұмсауға мәжбүр болды. Осыған қарамастан Кизик, Ионии түбінде афиналықтар спартандықтарды жеңіп, б.д.д. 406 жылы Аргинуз аралында жеңіске жетеді. Осыдан кейін иницатива толық Спартаның қолына өтті. Б.д.д. 405 жылы спарталық адмирал Лисандр Геллеспонтта Эгоспотамах түбінде афиналық флотты талқандады. Б.д.д. 404 жылы теңізде де, құрғақта да қоршауда қалған Афина капитуляцияға ұшырады. Бейбіт келісім үшін Спартаның қойған талабы өте ауыр болды –Бірінші Афиналық теңіз одағының таратылуын, қосымша қорғаныс кемелерінен басқа флоттың таратылуын, Пирей портындағы бекіністі жою, Афинамен жалғасып жатқан «Ұзақ қабырғаны» құлату сияқты талаптар еді. Афиналықтар гегемоны Спарта болып қалатын Пелопоннесс одағына кіруге, шет жерлердегі иеліктерін қайтарып беруге, қуғындалған олигархтарды қайта қабылдауға тиіс болды. Б.д.д. 403 жылы осының нәтижесінде «30 тиранның билігі» орнады, ол жазалаушы қанды билік болды. Демократия бұл жерде тек б.д.д. 402 жылы қалыптастырылды.
Соғыс нәтижелері Грецияда Спарта гегемониясы қалыптасты, Афина демократиясының, Грецияның халықаралық беделі түсті. Халықаралық қатынастарда Персия жетекшілікке ие болды. Греция полистеріндегі ұзақ дағдарыстан кейін Македония патшалығына бағынып, тәуелсіздігін жоғалтты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет