Ежелгі дүниедегі сәндік қолданбалы өнер



Дата17.11.2022
өлшемі16,88 Kb.
#50946
Байланысты:
Ежелгі дүниедегі сәндік – қолданбалы өнер


Ежелгі дүниедегі сәндік – қолданбалы өнер


Халықтық сәндік-қолданбалы өнер – әлемдік көркем мәдениеттің негізі. Даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар қөзі. Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана практикалық жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды жасауды айтады. Онда сан ұрпақтың түрлі материалдарды: ағаш, саз, жүн, металдарды өндеу тәжірибесі бейнеленген. Көне дәстүрлерді көздің карашығындай сақтап және байыта отырып, халықтық қөркем қолөнер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып, үй тұрмысының маңызды және бөлінбес құрамына айналды. Қолөнер туындылары қайталанбас және алуан түрлі: әсем әшекейлерден және шағын ойыншықтардан бастап күрделі кестеленген композицияларға дейін және көлемді кілемдерді, тоқыма матадан жасалған көп заттық жиынтықтарды, шыны, ағаш және металл бұйымдардарын қамтиды. Пішіндердің ықшам да мәнді үйлесімі, түстердің жоғары талғамы, өрнектердің әсемдігі, композициялық шешімі, көздің мүлтіксіздігін, колдың дәлдігін және қиял ұшқырлығын ұштастырып, шебердің өзіне тән тәсілдермен орындауына жеткізеді. Бүгінде халқымыздың қолөнері қарқынды дамып келе жатыр. Ұлттық қолөнер салт-дәстүрімізді жетілдіріп, мәдениетіміздің озық жетістігін көрсетуде. Халық өнерінің бай мұраларын сұрыптай отырып, заманымызға сай сапа, түр беру әдісімен оларды әрі дамыту, оны бүгінгі ұрпаққа меңгерту-игілікті іс. Осы жағынан алғанда ұлттық қолөнердің тәрбиелік, тағылымдық мүмкіндіктері жоғары, өйткені ұрпақ тәрбиесіне кешенді түрде әсер етеді, қабілеттерінің жетілуіне, белгілі бір кәсіпке бейімделуіне көмектеседі.
Қолөнер-біздің рухани байлығымыз, мәдениетіміз, салт-дәстүріміз, ол бірнеше ғылымдардың дамуынан пайда болған өнер туындылары.
Қолөнер кәсібі еліміздің экономикасын көтеруге ықпал етеді. Қазақ халқының қолөнері әлем халықтарына мақтанышпен көрсететін көрме. Оған дәлел-біздің киіз үйіміз бен оның ішіндегі көз жауын алатын сәндік қолөнер бұйымдарын тамашалаған шетелдіктер «Киіз үй-қазақ халқының шағын мұражайы» деп бағалаған еді.
Халықтың мәдени өмірінің, бұрынғы тұрмысының көшпенділіктен екендігін біз жақсы білеміз, сөйте тұра қазақ халқы күндеікті үй тұрмысына қажетті үй жиһаздарын, ыдыс-аяқтарын ағаштан жасап алып отырды. Арнаулы жиһаз зауыттары болмаса да халық арасынан шыққан шеберлер, ұсталар әр отау, әр шаңырақтың қажетін өтеп, халықты керек-жарағымен қамтамасыз етіп келеді. Жасалған жиһаз көшпенді халықтың өміріне бейімделген, ықшам әрі жеңіл болды. Ағаштан жасалған үй жиһаздарының қатарына – ағаш төсек, ағаш жастық, жүк-аяқ, кебеже, әбдіре, сандық, жағылан және ыдыс-аяқ бұйымдары жатады. Заттардың барлығы дерлік киіз үйдің ішін әсемдеп көрік беріп сәндеп, үйге ерекше мағыналы әсер береді. Жиһаздардың әрқайсысының орны, қойылатын жері бар, ішіне затты салып жинауға қолайлы болады. Соған орай сыртқы формалары да әр қилы, оюлап нақышына келтірілген. Кебеженің, ағаш төсектің беттері сүйекпен, терімен, не күміспен көркемделіп отырады. Көпшілік ою-өрнектер рельефті, бедерлі болып келсе, ал кейбіреулері әр түсті бояулармен боялады.
Қазіргі кезде қолөнері қарқынды дамып ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. Ғасырлар бойы қалыптасқан пішіндер мен тәсілдердің бай мұрасы негізінде шеберлер қазіргі заманғы сюжетті композиция элементтерін көрсететін ағаш, металл, керамика, киізден жасалған ерекше шығармаларды дүниеге әкелуде.
Қазіргі заман суретшілері мен қолөнер шеберлері тері, ағаш, сүйек өңдеудегі ескі технологияларды меңгеріп, қайта жаңғыртуда. Солардың арқасында халық қолөнерінің көптеген сырлары белгілі болды. Осылайша көне бұйымдар көркемдігі мен әсерлігін жоғалтпай, қазіргі заманғы шеберлердің қолынан қайта жаңғыртылып отыр.
«Көнені керек етпесең, жаңа табылмайды» деп Шәкәрім атамыз айтқандай, көнені қадірлеп, кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздердің және жастардың міндеті. Көне бұйымдарды ұмытпай, оларды қазіргі заманға лайықтап, жаңа үлгіде жасап шығару біздің парызымыз және қолөнеріміздің шарықтауына қосқан үлесіміз деп білейік.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет