Ежелгі әлем өркениеті Африка, Америка, Австралия және Океанияның д стүрлі өркениеттері. Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы


Тәрбиелік: оқушыларды адамгершлікке, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Дамытушылық



бет3/4
Дата19.09.2022
өлшемі35,11 Kb.
#39525
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
лекция (1)

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершлікке, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ой-пікірін айта білуге, олардың сабаққа деген белсенділігін арттыру.
Африка қазіргі жалпыәлемдік өркениетке өз (ерекше) үлесін қосты. Өкінішке орай, бұл аймаққа байланысты берілген бағалар бірсарынды, біржақты болып, көбіне жалған, теріс болды. Африканың қосқан үлесіне шынайы баға беру қажет, сол кезде ғана оның бүгінгі күнгі жағдайы мен оның проблемаларын дұрыс түсінуге болады. Адам баласының алғашқы отаны Африка болғаны бүгін мәлім. Өндіруші шаруашылық бұл жерде Азияға қарағанда әлдеқайда кеш басталғанымен, мұны Африка халықтарының кемшілігі деп санауға болмайды, бұл нақты қажеттіліктің болмағанын және бұл жерде тіршілікке қажетті нәрсенің бәрі барын көрсетеді. Б.з.д. 5 мың жыл бұрын Африкада ірі шөлдер болмаған, адамдар қазіргі Сахара мен Калахариді мекендеген, аң, балық аулап, терімшілдікпен айналысып күн көрген. Бұл – құнарлы, суға толы орманды дала аймағы болған. Чад көлінің көлемі бүгінгісінен 8 есе үлкен болған. Төңірегінде Жерорта теңізінің маңайындағы ормандар өссе, оның іші ірі аңдар мен жануарларға толы болған. Жердің құрғай бастауы климаттың ауысуына, сонымен қатар ормандарды күйдіру Сахараның мәдени ошағының (Б.з.д. ІІІ мыңжылдықтың ортасында) жойылуына әкеліп соқты. Осы кезде Сахараның қазіргі шекарасы пайда болды. Африканың қиыр солтүстік-шығысында б.з.д. IV—III мыңжылдықта көнемысырлық (нілдік) өркениет қанатын жайды, бірнеше ғасырлар қатарымен ол Африка жерінде де, жалпы әлемде де дамудың жетекші рөлінатқарды.
Көне Мысыр шаруашылығының дамуы туралы тарих сабақтарында оқылды, атап айтсақ, нақты осы өңірде жерді суландыру ең жоғары деңгейге жеткен, тіпті оның жұмыс жүйесі кейбір жерінде бүгінге дейін сақталған. III мыңжылдықта Нілде ірі тоған құрылды – биіктігі 15 м., ол Мемфис қаласын сумен қанағаттандырды. Екі мың жыл өткен соң Қызыл теңіз бен Ніл атырабын байланыстырған Перғауындар каналы салынды. ІІІ-І мыңжылдықта Африканың қиыр батысында Сенегал, Нигер мен Конго өзендерінің аңғарында да мәдени ошақтар құрылды, алайда олардың деңгейі көнемысырлықтардан әлдеқайда төмен болды. Африка өркениеті басқа «әлемдік аймақтық өркениеттерден» өзгеше, ерекше. Оның негізін табиғатпен біртұтастық құрайды. Табиғатпен біртұтас тіршілікті географтар «табиғатқа табиғи ену» деп те атайды. Адам мен табиғаттың селбесуі африкандықтардың дәстүрлі тіршілігіне үлкен әсерін тигізді, атап айтсақ, адамдардың психологиялық ерекшеліктерінен бастап, олардың шаруашылық жүргізулерінің өзіндігіне дейін. Африканың дәстүрлі шаруашылық жүргізуі қарапайым және мүлдем тиімсіз деп саналады. Осы рас па, соны анықтап көрелік. Қандай да бір анықтамалықты ашып оқысаңыз, онда Африка елдерінің егіншілік шаруашылығының шығымдылығының төмендігі, мал шаруашылығының өнімсіздігі жазылады. Бірақ африкандықтардың дәстүрлі шаруашылығының ерекшелігі, яғни мұнда адам еңбегінің аз жұмсалуы мен соған қарағанда өнімділіктің көп болуы есепке алынбайды. Осыны білгеннен кейін әрине сұрақ туындайды: неге африкандықтар аз жұмыс істеді деген? Көптеген ғалымдар бұл сұраққа мынадай жауап айтады: жергілікті шаруалардың ата дәстүрінен қалт баспай, еңбекті қажет ететін технологияларды аграрлық секторда пайдаланбауы, африкалықтардың көне әлеуметтік құрылымнан аттап шықпауымен байланысты. Африканың ыстық және ылғалды табиғаты азық-түліктің тез бұзылуына жол беріп, оларды сақтауға мүмкіндікті шектейді. Сондықтан африкандықтар мұндай табиғи жағдайда ұзақ мерзімге азық (немесе шикізатты) сақтау мүмкін еместігін бұрыннан-ақ түсінген. «Оларды сақтау мен көбейту тек табиғи көз түрінде молайту мен өсіру» деп түсініп, табиғи ортаны қорғап, сақтауға көңіл бөледі. Жүздеген, тіпті мыңдаған жылдар бойы Африка шаруалары егіншілікте өздеріне ғана тән әдістерді қолданып, жергілікті жерлеріне икемденген дақылдар сұрыптарын таңдап, мал өсірудің де жүйесін бейімдеген. Африкада дақыл егу жыл бойына созылып жатады, өйткені әр түрлі дақыл сұрыптарын әр кезеңде өсіріп, өнімін жинай береді. Бұл агрожүйеліктің негізгі идеясы егін өнімдерін бөлшектей отырып, жыл бойы өніммен болу. Африка елдері өсіретін егіншілік дақылдары тары мен балжүгері, т.б. дақылдыр, ал олар еуропалық өлшеммен өнімсіз дақылдар (аз өнім беретін) болып есептеледі. Тропик пен экваторлық белдеу өте нәзік экожүйені құрайды, оған адамның шаруашылық тіршілігімен араласуы өте ауыр тиеді. Жер құнарлылығы тез сарқылады, «шаршаған» жерге демалыс беріп отыру керек, сондықтан тың жерге көшіп отыру қажеттілігі туындайды. Егіншіліктің отап-өрттеу әдісінің зияндылығы бүгін африкандықтардың бәріне белгілі, бірақ жерді осылай пайдаланудың апаттық көлемі «европалық қарқындылықтың» арқасында енгізілуде. Африкандықтар орманды қаншалықты кесу мен өртеудің мөлшерін ертеден білген, неше жыл бойы жерге демалыс беріп, оны қай кезде жырту керектігін есептеп отырған. Африка мәдениеті мен өркениеті батыс (еуропалық) мәдениеті мен өркениетінен өзгеше, өзіндік жеке бастауы бар. Сонымен қатар ол үнді және қытай мәдениеттерімен «ұжымдық» қағидасы бойынша ұқсас. «Адамдар қауымдастығы – Африканың негізгі құндылықтарының бірі» Колумбқа дейінгі Америкадағы мәдениеттер тізімі Хоупвелл дәстүрі— Б.з. 200-500 жылдары қазіргі АҚШ солтүстік-шығыс және орталық-шығыс бөлігіндегі өзендер бойында болған бір-біріне ұқсас үндістердің археологиялық мәдениет кешені. Могольон археологиялық мәдениеті — Қазіргі АҚШ-тың оңтүстік-батысында болған 4 ірі тарихи мәдениеттің бірі, ол солтүстік Мексика жерінің бір бөлігінде болған. Б.з. 150-1400 жылдарына дейін болған. Анасази — тарихтан бұрынғы үндіс мәдениеті, ол қазіргі АҚШ-тың оңтүстік-батысында Төрт бұрыш деген атпен белгілі болған. Анази мәдениетіне өзіндік керамикалық стиль мен баспана салу ерекшелігі тән. Хохокам — ірі археологиялық мәдениет, ол АҚШ-тың оңтүстік-батысында (Сонора шөлінде) пайда болған, қазіргі Мексика жерінің бір бөлігінде болған. Б.з І- XV ғасырларында қолданылған. Ольмеки — ацтектердің тарихи деректерінде сақталған тайпа атауы. Веракрус штатының астанасы Халапа қаласындағы университеттің мұражайында қызмет ететін археолог ғалым Медельин Сениль ольмектердің бұрын белгісіз болған қаласы - Син Кабесасті (Бассыздар) тапты. Бұл атаудың шығуы – джунглий ағаштарының арасынан әр қадам басқан сайын бұзылған және бассыз мүсіндер қатар –қатар табылған. Майя —өзінің жазуы, өнері, архитектурасы,математикалық және астрономиялық жүйесінің арқасында әйгілі болған Орталық Америка өркениеті. Кластық дәуірге дейін қалыптаса бастаған (б.з.д.2000 – б.з. 250ж.), оның көптеген қалалары өзінің ең жоғары даму шыңына кластық дәуірде (б.з. 250 – 900 ж.) жеткен. Конкистадорлар келгенше тіршілік етті. Майя халқы тас қалалар салды, олардың көбі еуропалықтардың келуінен-ақ бұрын бос қалған еді, ал кейбірі содан кейін де тұрғылықты мекен болып қала берді. Майялардың ойлап тапқан күнтізбесін Орталық Американың басқа халықтары да пайдаланды. Иероглифтік хат жүйесі қолданылды, олардың біразын оқуға мүмкіндік табылды. Көптеген ескерткіштердегі жазбалары сақталған. Егіншіліктің тиімді жүйесін құрды, астрономия саласынан терең білімдері болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет