Проблемасы:Қазақстан бір-біріне қайшы Ресей мен Әзербайжанның ортасында теңдестірілген, ымыралық позиция ұстанды. 1997 жылы маусымда Мәскеуде Ресей мен Иранның сыртқы істер министрлері Әзербайжан мен Қазақстан теңіздің минералдық ресурстарын игеруге белсенді түрде кірісіп жатқан кезде бес жақты келіссөздерде елеулі прогрестің болмауына алаңдаушылық білдірді Каспийді іс жүзінде игеруіне кедергі келтірудің мүмкін еместігіне көз жеткізді.
1998 жылғы қаңтарда Каспий проблемасын реттеу процесіне оң сипатты серпін берілді, сөз болып отырған уақытта Қазақстан мен Ресей Каспий түбін әділетті түрде бөлу туралы бірлескен мәлімдеме жасады. Бұл басынан бастап-ақ Иранмен бірге бірлесіп басқаруды талап еткен Ресей тарабы позициясының түбегейлі өзгергендігін білдірді.
Қол қойылған уақыт: 1998 жылғы 6 шілдеде Президент Н.Назарбаевтың Мәскеуге сапары барысында жер қойнауына арналған егеменді құқықтарын жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы ҚР мен РФ арасындағы келісімге қол қойылды.
әлі күнге дейін төмендегідей аспектілер бойынша келіспеушіліктер бар және олар сақталып отыр:
• Нені бөлу керек теңіз түбін ғана ма немесе түбімен бірге судың қалыңдығын және су айдынын (теңіз бетін) бөлу керек
пе;
• Теңізде мемлекеттік шекаралар қажет пе;
• Қандай жолмен бөлу керек.
Алғашқы екі тармаққа қатысты Астана мен Мәскеудің көзқарастарында айырмашылық жоқ. Екі тарап та теңіз суын бөлуді, сондай-ақ мемлекеттік шекараларды орнатуды қажет деп санамайды, өйткені бұл Каспий экожүйесіне теріс ықпал етуі мүмкін.
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі анықталмағанына қарамастан теңіздің жер қойнауын игеруге бағытталған практикалық қызметті барлық жағалау мемлекеттері өрістетіп отыр
Каспий теңізі жағасының көп бөлігі біздің еншімізде. Ол 1800 шақырым аумақты құрайды.
15. Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарын анықтаңыз. Сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын ҚР Президенті айқындайды(Конституцияның 40-бабы)
Бағыттары:
Сыртқы саясатта көпвекторлық саясат таңдап алынды. Ол біртіндеп көпдеңгейлі саясатқа ауыстырылды.
ҚР-ның қазіргі кездегі сыртқы саясаты «ҚР сыртқы саясатының 2014 – 2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы қазіргі кезде 145 мемлекетпен (2012 жылдың 1 қаңтарына ) дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан.
ҚР сыртқы істер министрлігінінің ақпараттарына сәйкес, тәуелсіздік жылдарында 58 мемлекетте елшілік органдар ашылған.
Біздің елімізде 111 елші тіркелген (соның 64-нің резиденциясы бар, 47 қосымша жұмыс істеді) және 23 халықаралық және аймақтық ұйымдардың бөлімшелері бар.