Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


ХІІІ-ХVIII ғ.ғ. Қазақстан тарихына қатысты басты зерттеулерге талдау жасаңыз



бет30/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

ХІІІ-ХVIII ғ.ғ. Қазақстан тарихына қатысты басты зерттеулерге талдау жасаңыз.

Алғаш рет Ресейде ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап зерттеле бастайды. Содан бері қазіргі күндерге дейін 150 жылдай уақыт өтсе де, ол арнайы түрде жеке тақырып ретінде қарастырылған емес. Ол тек жалпы тақырыптың шеңберінде ғана қарастырылады. Оның ең басты себебіне тақырыпқа қатысты деректердің өте аздығы жатады. Соған қарамастан, тақырыпқа қатысты зерттеу жүргізген тарихшылар оның әртүрлі мәселелерін шешуге атсалысады.
Біз тақырыптың зерттелуін хронологиялық тұрғыда бірнеше кезеңге бөлеміз. Бірінші кезеңге – мәселенің тарих ғылымында алғаш көтеріле бастаған кезінен ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының соңына дейінгі аралық жатады. Бұл кезеңнің хронологиялық шеңберінің аяғы КСРО-да қоғамдық ғылымдарда маркстік-лениндік концепцияның үстемдік құруының басталуына келіп тіреледі. Осы кезеңде мәселеге қатысты зерттеу жүргізген немесе өз зерттеулерінде мәселенің кейбір тұстарын қамтып өткен зерттеушілерге – В.В. Вельяминов-Зернов, В.В. Радлов, Н.А. Аристов, И.И. Крафт, В.В. Бартольд, Ш. Құдайбердіұлы, А.П. Чулошников, М. Тынышпаев, Г.Е. Грумм-Гржимайло және тағы басқалар жатады. Бірінші кезеңдегі тақырыптың зерттелуі жөнінде айтар болсақ, онда мынадай мәселені ерекше атап өтеміз. В.В. Вельяминов-Зернов қазақ сұлтаны Оразмұхаммедтің шығу-тегін анықтау барысында парсы тіліндегі «Тарих-и Рашидидің» мәліметтерін алғаш рет орыс тіліне аударып, ғылыми айналымға енгізеді. Қазақ сұлтанының төртінші атасы Жәнібек хан болғандықтан, зерттеуші Жәнібек ханға қатысты «Тарих-и Рашиди» мәліметтерін түгел аударып береді. Сол деректегі Қазақ хандығының қалай құрылғандығын баяндайтын мәлімет күні бүгінге дейін ең негізгі, ең басты мәлімет ретінде болып отыр. В.В. Вельяминов-Зернов бұл дерекке талдау жасамаса да, дерек мәліметін ғылыми айналымға енгізуші ретінде тақырыптың тарихнамасында алғашқы болып айтылады. Осы кезеңдегі тарихшылардың көпшілігі өз зерттеулерінде В.В. Вельяминов-Зерновтың еңбегіндегі мәліметтің мазмұнын баяндау арқылы Қазақ хандығының құрылуын түсіндіреді. Ш. Құдайбердіұлы ғана ауыз әдебиетінің мәліметтерін енгізу арқылы тақырыптың деректік қорын кеңейтеді.
Бірінші кезеңде тақырыптың зерттелуіне ерекше үлес қосқан М. Тынышпаев болды. Ол мәселенің зерттелуіне мынадай үлес қосады:
1) Қазақ хандығының құрылуын Алтын Орданың ыдырау процесімен байланыстыра қарап, Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр ханнан бөлінуін – Қазақ хандығының құрылу процесі деп атайды;
2) Керей мен Жәнібекті қолдаған ру-тайпалар тобы кенеттен пайда болған топ емес, бөлінуден бірнеше ондаған жылдар бұрын қалыптасқан тайпалар тобы деген тұжырым айтады;
3) Алғаш рет мәселені шешуде жазба деректермен қатар ауыз әдебиетінің материалдарын пайдаланады;
4) Басқа да авторлар секілді М. Тынышпаев хандықтың құрылған жылы ретінде 1456 жылды ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет