Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


VI-XII ғғ. Қазақстанның ғалымдары мен ойшылдарының әлемдік мәдениетке қосқан үлесін талдаңыз (әл-Фараби, М.Қашқари, Ж.Баласағұн, Қ.А.Ясауи және т.б.)



бет17/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   151
16. VI-XII ғғ. Қазақстанның ғалымдары мен ойшылдарының әлемдік мәдениетке қосқан үлесін талдаңыз (әл-Фараби, М.Қашқари, Ж.Баласағұн, Қ.А.Ясауи және т.б.).
Шығыс Ренессансының алғашқы ғалымдары мен жазушылары, философтары түркі ойшылдары еді. Олардың әлемдік мәдениетте алар орны зор.
ӘЛ ФАРАБИ ЗЕРТТЕЛУІ: Қазақстанда фарабитану, Әбу Насыр әл Фараби мұрасын аудару, насихаттау жұмыстары ХХ ғасырдың 60-70-жылдарынан бастау алады. Қазақстандық фарабитанудың негізгі ұйытқысы, мұраларын тұңғыш іздеуші А.Машани есімі айтылса, одан бөлек А.Қасымжановтың рөлі ерекше. 1975 жылы Әл Фарабидің 1100 жылдығына арналған үлкен ғылыми конференция «Мәскеу, Алматы, Бағдад» қалаларында болды. Белгілі шығыстанушы ғалым Б.Ғафуров пен А.Қасымжановтың «Әл Фараби мәдениет тарихында» атты еңбегі жарық көрді.
ҚазҰУда ЖАҚЫПБЕК АЛТАЙҰЛЫ АЛТАЕВ «Әл Фараби және Ислам философиясы».
Әбу Насыр Әл Фараби (870-950 жж) бүкіл әлемге «Екінші ұстаз» ретінде танылды (бірінші ұстаз болып ежелгі грек философы Аристотель саналады). Әл Фараби ғұлама ғалым, философ, математик, өнертанушы, әдебиеттенушы, ақын болатын. Философиялық және матемтикалық еңбектерінің ішінде әйгілері «Альмагеске түсініктемелер», «Метафизика», «Ғылымдардың пайда болуы туралы», «Әріптестер кітабы», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» және басқалары. Әл Фараби алғашқылардың бірі болып поэтикалық өнер психологиясын зерттеп, поэзия туралы үлкен трактат жазды, өзі де тамаша ақын болатын.
Махмұд Қашқари (ХІ ғасыр) — түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет