Қожа Ахмет Яссауи – көрнекті орта ғасыр ақыны, діни қызметкер, сопылық ілімнің негізін қалаушы,тірі кезінің өзінде-ақ әулие болып саналған діни философ Сайрам (Испиджаб) қаласында туған. Ясыдан шыққан Қожа Ахметтің аты бүткіл мұсылман әлеміне кең тарады. «Даналық кітабы» - «Диуани хикмет» ислам дінін уағыздайды, осы уқытқа дейін мұсылман заңдарын әлі толық сіңіріп бітпеген қарапайым халыққа бұл діннің мәні мен мағынасын түсіндіреді. Бұл кезде де түркі тайпалары тәңірлік дінді ұстанатын еді. Араб-парсы тілдерінде жазылған кітаптар дала халықтарына түсініксіз болатын. Даналық кітабы арқылы халықтар ислам әлемімен, сопалық ағымның ой-пікірлерімен танысты. Адамның рухани өмірінің таза болуы, аққатты іздеп табуды, ізгілік, адамгершілікке шақыруы арқылы әділдіктен үлкен ештеңе жоғын айтады. Сондықтан Қожа Ахмет өз өлеңдерін түркілер, дала халықтары сөйлейтін-оғыз қыпшақ тілінде жазды. «Даналық кітабының» негізгі тақырыптары төртеу, біріншісі – шаригат деп аталатын ислам заңдары мен дәстүрлерінің жиынтығы, екіншісі – тарихат, философиялық ілім ретіндегі сопылықтың идеяялық мәні мен мақсаты, үшіншісі – марифат, бір ғана құдайдың діні ретінде исламды зерттеу мен мәнін танудың қажеттілігі, төртіншісі –хақиқат, құдайды идеалды тану мен оган шындыққа секілді жакындауга ұмтылу.
Ж. Баласағұнфилософиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда болғандығын білеміз. Негізгі еңбегі «Құтты білік». Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. Екінші бір қыры - исламға дейінгі әр түрлі нанымдар. Шығармадан шамандық түсініктер көрінеді. Исламдық идеология да елеулі орын алады. Бұл жайында А. Н. Романов пен С. Н. Иванов: "Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" поэмасы - ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма", - деп баға береді. Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері енген.
17. Түркі-соғды арасындағы әлеуметтік-мәдени қатынастар.
Түріктер мен қытай арасындағы кең көлемді саяси-дипломатиялық, əсіресе сауда-экономикалық, əскери жəне құдандалық, тағы басқа байланыстардың бəрінде соғдылықтар елшілік, дəнекерлік рөл атқарды, түрік-қытай арасындағы керуен саудасын да соғдылықтар өз міндетіне алған. Соғды көпестері тек Қытаймен екі арада ғана емес, Түрік қағанатының Парсы жəне Византия империялары арасындағы саяси-дипломатиялық мəселелерде елшілік қызмет атқарды. Түрік қағанаты жерінен өтетін Жібек жолы бойында сауда-саттық соғдылықтар арқылы жасалды. Түріктердің қол астына Қытайдан Иранға дейін созылған, Оңтүстік жəне Солтүстік Сібірге баратын Ұлы Жібек жолы қарады. Осы территорияны бақылауда ұстаған мемлекет халықаралық сауданы да өз бақылауында ұстады. Тарихта осындай артықшылыққа тек ғұндар мен Түрік қағанаты ғана қол жеткізе алды. Соғдылар осы жол арқылы сауда-саттық жасап, түрік ақсүйектерін асыл металдардан жасалған ыдыс-аяқпен, сəнді қару-жарақпен, ат əбзелдерімен қамтамасыз етіп отырған. Түрік қағандарының жеңісті соғыстарынан түскен олжаларын саудалады. Алтайда, Тувада, Монғолияда, Тянь-Шаньда жүргізілген қазба жұмыстары барысында соғдылардың сауда қызметі нəтижесінде түріктерге жеткен күміс құмыралар, алтын мен күмістен жасалып, асыл тастармен əшекейленген бұйымдар, қола, алтын, күміс қапсырма əшекейлер, айылбастар, күміс жүзіктер, тас жəне шыны моншақтар табылған. Түрік қағанатының қағандары Тумэнь, Істеми, Таспар жəне Мұқан халықаралық қатынастарда Ань- Напанто, Маниах, Аньцзя (аталған соғды сартбауына төменде тоқталатын боламыз), Ань Суй-цзе, Ши-шихуси, Кан Су-ми, Ань Ту-хан сияқты соғдылардың қызметтерін пайдаланған.