Ежелгі кезең Қазақстанның ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер тарихнама


Қытай жылнамаларының Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихының маңызды дерек болып саналатынын негіздеңіз



бет20/151
Дата22.08.2023
өлшемі4,62 Mb.
#105484
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   151
Байланысты:
Тарих дайындық материалдар

19. Қытай жылнамаларының Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихының маңызды дерек болып саналатынын негіздеңіз.
Ғалымдар: Грум-Гуржумайло, Бичурин
Қазақ халқының ұзақ тарихын анықтайтын әртүрлі тілде жазылған тарихи деректер баршылық. Солардың бірі қытайдың деректері болып табылады. Өйткені Қытай байырғы өркениетті мемлекеттердің бірі болғандықтан, оның жазу мәдениеті ерте дамыған және жазба дерек көздері жүйелі түрде сақталған. Қытайдың ресми жылнамалық (хронологиялық) деректерінде және бейресми жазбаларында көшпенділерге қатысты, яғни қазақтың этногенезіне қатысты жазба мәліметтер көптеп кездеседі. Қытайда сақталған қазақ тарихына қатысты деректерді үш типке жіктеуге болады. Олар: Бірінші, қытайдың ресми және бейресми дерек көздері; екіншісі, қытайда сақталған соғды, тохар, түркі, ұйғыр жазбалары; үшінші, археологиялық материалдар. Қазақ халқының этногенезі ерте замандағы хұн, сақ, үйсін, қаңлы, аландардан басталып, ортағасырдағы түркілерге ұласып, жаңа бір даму кезеңіне көтерілген болатын.й
Қытайдың Батыс аймақтарды бағындыруға ұмтылуы сол өңірдегі халықтар жөнінде материалдар жинаудан басталды. Қытай жазба деректері өзінің көлемі жағынан және жүйелі жазылғандығымен ерекшеленеді. Қазақстан тұрғындары туралы алғашқы анық мәліметтер император У-ди (біздің заманымызға дейін 140—87жылдары) Батыс өңірге жіберген тұңғыш Қытай елшісі Чжан Цяннан алынды. Қытай жазбаларындағы "Батыс өңір" деген жерлер қазіргі Шыңжаң (Шығыс Түркістан) және Қазақстан мен Орталық Азияның біраз бөлігіне қатысты қолданылды. Чжан Цянь екі рет Батыс өңірде болып қайтты.Чжан Цянь бастаған елшілікке ғұндарға қарсы Жетісудағы үйсіндермен одақ жасау міндеті жүктелді. Ол елшілік барысында жергілікті халықтың шаруашылығына, әскери күштеріне, қару түрлеріне, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне дейін назар аударып, жазып алып отырды. Әулеттердің тарихын жазушылардың ішінде У-ди императордың басты жылнамашысы "Қытай тарихының атасы" Сыма Цянды (біздің заманымызға дейін 145—86 жылдары) бөліп көрсетуге болады. Оның "Тарихи жазбалар" ("Шицзи")деген еңбегінің "Сюнну туралы хикая" және "Давань туралы хикая" деген екі тарауында ғұндар туралы мәліметтер бар. Мазмұны жағынан Геродоттың Қара теңіздің жағалауындағы скифтер туралы баяндауларына ұқсас
Б.з.б ІІІ- б.з ІІ ғасырларда Орталық Азия аумағын мекендеген ғұн, қаңлы, үйсін тайпалары жайлы мәліметтер көне қытай деректерінен белгілі. Қытай экспансиясының батысқа бағытталуы осы тайпаларды зерттеуді қажет етті. Деректер қатарына: Сыма Цяньның «Тарихи жазбалар» атты еңбегі; Бан Гудың «Хан әулеті жылнамасы».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет