23. Қазақстанның ежелгі және ерте ортағасырлар тарихын зерттеудегі отандық зерттеушілер мен өлкетанушылардың қосқан үлесі.
ЕЖЕЛГІ Қазақстан, оның ішінде тас дәуірінің зерттелуі:
Ежелгі Қазақстан археологиясын зерттеу бойынша төрт кезеңге бөлсек болады:
1) Патшалық Ресей заманындағы орыс географиялық қоғамының, Орынбор мұрағаттық ғылыми комиссиясының еңбектері жатады. Олардың арасында Кастанье, Рычков, Педащенко бар;
2) Ал екінші кезеңі революциядан кейін басталып, 20 ғасырдың 40-50-жылдарына дейін созылды. Зерттеушілер қатарына М.Грязнов, М.Коморова, П.Рыков, С.Руденко бар;
3) Үшінші кезеңде 1946 жылы Ш.Уалиханов атындағы Тарих, археология және этнография институт ашылды. Бұл кезеңде Ә.Марғұлан, С.Черников; К.Ақышев, Г.Ярмак; Х.Алпысбаев; М.Клапчук болды;
4) 4-інші кезең Қазақстан тәуелсіздік алған кезден басталды. (Ж.Таймағанбетов).
Қазақстанда қола дәуірін зерттелуі Кеңес өкіметінің кезінде ғылыми жағынан жүйелі жолға қойылды. 1933 жылы КСРО Ғылым Академиясы Орталық Қазақстанды зерттеу үшін ұйымдастырған Нұра экспедициясының көрнекті мүшелері РЫКОВ; АРТАМОНОВ; ГРЯЗНОВ сияқты ғалымдар еңбек сіңірді. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының меңгерушісі Ә:МАРҒҰЛАННЫҢ еңбегі зор. Ә.Марғұлан Атасу, Бұғылы, Беғазы, Дәндібай ескерткіштеріне зерттеу жүргізді. Шығыс Қазақстан жерінде қола дәуірін зерттеуде үлес қосқан С.ЧЕРНИКОВ. Одан бөлек ХХ ғасырдың елуінші жылдары қола дәуірін зерттеуде үлкен еңбек сіңіргендер: К.Ақышев, А.Оразбаев, А.Максимовалар.
Жерімізде алғашқы адамдардың құрал-жабдықтарын зерттеуде айтарлықтай еңбек сіңірген ғалым академик Ə.Х.Марғұлан болды. Ғалымның жетекшілігімен жүргізілген Орталық Қазақстан экспедициясы Бетпақдаланың орталық бөлігінен бірнеше жерден тас дəуірінің қонысын тапқан. Əсіресе, ғалымның басты бір көрнекті еңбегі Сарысу бойынан мысты-тас дəуірінің шақпақ тастан құрал жасайтын шеберхананың орнын табуы. Сонымен қатар Ə.Х.Марғұлан алғашқы адамдар мекендеген көптеген қоныстар мен үңгірлер тауып, оларға ғылыми сипаттама жазған. Неолит ескерткіштерін зерттеуде академик Ə.Х. Марғұланның, тас дəуірінің маманы Х.А.Алпысбаевтың еңбегі зор.
Елімізде тас дəуірінің нағыз ғылыми тұрғыдан зерттелуі 50-жылдардың 2-ші жартысынан басталады. Қазақ Ұлттық академиясы Ш.Уəлиханов атындағы тарих, археология жəне этнография институтының ғылыми қызметкері тас дəуірінің маманы Х.Алпысбаевтың жетекшілігімен 1957 жылы құрылған «Қаратау отрядының» жүргізген жұмысы орасан зор болды. 20 жылдан астам мерзімнің ішінде ғалым тас дəуірінің төменгі кезеңінен бастап, оның соңғы кезеңіне дейінгі мезгілдерді дəлелдейтін ескерткіштерді тапты. Бұл жұмыстың нəтижесі «Оңтүстік Қазақстанның төменгі тас дəуірі» атты монография болып жарыққа шықты. Сөйтіп, Қазақстандағы алғашқы адамдардың ескерткіштері біршама зерттеліп, игілікті жұмыс жолға қойылды. ХХ ғасырдың 80- жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейін палеолит дəуірін зерттеуді Ə.Х.Марғұлан атындағы археология институты, сонымен қатар Ж.К.Таймағамбетовтің жетекшілігімен əл-Фараби атындағы ҚазҰУ – нің ғалымдары жүргізіп келеді. Ж.К.Таймағамбетовтың бастамасы жəне жетекшілігімен 2000 жылы əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ТМД елдерінің ішінде алғаш рет палеолит мұражайы ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: |