Б.з.д. 323 жылы Мысырды Александр Македонский жаулап алады.
Осы сәттен бастап Мысыр өз алдына жеке өркениет болудан қалып, эллинистік кезең құрамына енді.
Династиялыққа дейінгі кезең б.з.д. 5-4 мың жылдық
Династиялыққа дейінгі кезеңнің кезеңденуі:
Энеолит (шамамен б.з.д. 5500 жылдан бастап);
Накада немесе Династиялыққа дейінгі кешеуіл кезең, ол Амратин кезеңі ретінде де белгілі (шамамен б.з.д. 4000 жыл.);
Накада ІІ немесе Герзин кезеңі ретінде де белгілі (шамамен б.з.д. 3500 жылдан бастап);
Накада ІІІ, көптеген ғалымдар оны Ежелгі Мысырдың нөлінші династиясы ретінде белгілейді. Міне осы кезеңнен бастап Ежелгі Мысыр өркениетінің жыл санағы басталады.
Тарихшы, египтолог, археолог ғалымдардың зерттеулерінің және бүгінгі күнге дейін сақталған санаулы артефакттардың арқасында, бізге династиялыққа дейінгі кезеңде билік құрған бірнеше фараондардың есімдері белгілі болды. Олар: Сарышаян, Ка, Нармер және т.б. Династиялыққа дейінгі жазу мәдениетінің көнелігіне, иероглифтердің оқылуының аса қиындық тудыруына орай біршамасының есімін оқу мүлде мүмкін болмады.