VІ. ҚОРЫТЫНДЫ Алкоголь барлық iшкi құрлысқа әсер етедi, оларды уландырады. Арақ iшу- адамның өз өмiрiн өз қолымен 15-20 жылға қысқарту болып табылады. Алкоголь адамның қорғаныш күшiн төмендетедi. Оны тоқтатпай жұқпалы аурулар, оның iшiнде туберкулез ауруынан құтылу мүмкiн емес. Iшкен адам адамгершiлiк қасиеттерiнен айырылып, ешкiмге жаны ашымайтын қатiгезге айналады. А.П. Чеховтың мынадай сөздерi бар: «Адамның бойындағы бәрi де, киген киiмiде, жаны да, ойлары да әсем болуы керек. Ал мас болу өз еркiмен жындану».
Адамның мiнез-құлқына алкоголь әсер етедi. Арақ iшкен адам төрт күйге түседi. /тотықұс, маймыл, арыстан, шошқа/
(Салған суретiн көрсете отырып әнгiмелейдi)
… дегенде ол тотықұсқа ұқсап, жұрт көзiне түсуге тырысады, оның қимыл- қозғалысы да кербез әрi керiм болып келедi. Содан соң маймылдың қылығын шығарады, елдiң бәрiмен қалжындасып, қалжақтай бастайды. Одан кейiн ол арыстан кейпiне кiрiп, тәкәппарланып, өз күшiне сенген өркөкiрекке айналады. Бiрақ, ол ең аяғында шошқа болып батпаққа аунайды.
Iшкен адам айналасындағы адамдардың мазасын алады. Сондықтан, iшу деген жалғыз бастың емес, ол- қоғамның мәселесi.
Iшiмдiкке салынған адам отбасында қандай болады?
Жауабы: Отбасына ойран салады, алған жалақысын iшiмдiкке жұмсайды, үйдегi нәрсенi бiр шөлмек араққа сатады, әке-шешесiнiң зейнетақысына жармасады, жұмыс iстемейдi, еңбектен гөрi ойында арақ тұрып, тепсе темiр үзетiн азамат сенделiп көшеде жүредi.