Әке шаңырақтың тірегі



Дата05.09.2023
өлшемі11,18 Kb.
#106127

Әке – шаңырақтың тірегі.
«Ана- сая болар бағың болса,
Әке – асқар тауың» дейді дана халқымыз. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке-шаңырақтың тірегі. Әке-отбасының асыраушысы, тірегі, қамқоршысы. Үйдегі жандардың аш қалмауын, киімдерінің бүтін болуын ойлайтын –әке. «Балаларым алаңсыз балалық шағын өткізсін, ештеңеден қысылмасын, дастарханымыз мол болсын » деген ой әкенің көкейінен ешуақытта кетпейді.Әкесі бар үйдің шаңырағы еш уақытта шайқалмайды. Ол үйдің тәртәбә де темірдей қатал болады. Қандай жағдай болмасын соңғы сөз-әкеде. Әкенің айтқанымен жүрген бала өз жүрісінен жаңылмайды. Әкені тыңдап өскен бала өмірдегі жолын табады. Жақсы азамат болып, еліне адал қызмет етеді. «Әке-асқар тау», «Әке-бәйтерек» деген қазақ мақалдары әкенің беделін көрсетеді.Әрбір баланың әке алдында борыштары мен парыздары, міндеттері бар. Әке алдындағы міндеттеріміз: тілін алу, сөзін тыңдау, ізет көрсету, әдеп сақтау, ал парызымыз: әкеге көмекші, демеуші, сүйеуші болу,оны әрқашан да қуанышқа бөлеу; кәмелеттік жасқа жеткен соң , әкеге біржола қызмет көрсетіп,оның қартайған шағында асыраушысы болу, әкенің әкелік еңбегін өтеу. Отбасындағы әкеге құрмет, әкеге қызмет ету, баланы жастайынан тәртіпке,ынтымақ пен бірлікке тәрбиелейді. Әке ұл-қызын намысшылдыққа, елі, жері, бауырлары үшін еңбек етіп, өмір сүруге баулып отырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет