Ән«Әкелер» (Раздықтың орындауында)
Отқа түстің, суға түстің мен үшін,
сының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата- ананың қадірі ерекше әспеттелген. Ананы ардақтамайтын халық та жоқ. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Мұзды бесік таянған, - да Ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да Ана.
Айжан: Ал, ананың балаға деген сүйіспеншілігі жайында мынандай бір аңыз бар. Оны қазақтың дарынды қызы Аққұштап Бақтыгереева әдемі де әсерлі жырға айналдырған:
... Ертеде сұлу қызға болған ғашық
Ананың әлпештеген жалғыз ұлы.
Қыз атын айтса, ауыздан зар шығыпты,
Құс жастық аққан жасқа малшыныпты.
Дертіне сағыныштың шыдай алмай,
Жас жігіт құр сүлде боп таусылыпты.
Қинады қыздың шарты, бөлек екен
О, сұлу неткен қатал керемет ең!
«Анаңның жүрегін ап келген күні
Мен саған жар боламын», - деген екен.
Сол қызға есі ауған жігіт мүлде,
Бүк түсіп жата алмады құрып күнде.
Ұйқыда бейқам жатқан сорлы ананың
Жүрегін жұлып алды тұрып түнде.
Сүюдің серті ме еді соның бәрі,
Ол, міне қыздың шартын орындады.
Сүрініп кетсе жігіт келе жатып,
Жүрегі түсіп кеткен қолындағы.
Ананың кезі бар ма кекті болған,
Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан.
Ұмтылса топырақта жатқан жүрек:
«Құлыным, байқасаңшы», - депті оған...
Бұл – ананың баланы қаншалықты шексіз сүйетінін білдіретін терең мәнді көңілсіз мысал.
Дәулет: Ал, мен сіздерге, Ыбырай Алтынсаринның «Ананың сүюі» деген өлеңін оқып берейін.
Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең?
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше?
Сендер қайтып келгенде адам болып,
Еш арманым болмас дер өл – өлгенше.
Жандос: Дін мұсылман жолында әкені құрметтеу – айрықша парыз «Әкенің алдында күнаһар болу – Алла алдында күнаһар болу» - дейді Пайғамбарымыз. Халқымыздың мақала-мәтелдерінен, даналық сөздерінен де ата ананың қадір қасиеті туралы айтылған асыл сөздерді табар едік. «Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас», -деген сөзде терең ой жатыр. Ата ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Ақыры, ең қастерлі тілектері: бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса, дейді. Осындай ата ананы сыйлау, оларды алақанға салып аялау, құрметтеу қандай ғанибет!
Дана: «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне cүйеу болу біздің ата дәстүріміз. Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата анаңның алдында адамның парыз міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата ананың алған ерекше биік орны, қадір қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау өз болашағыңды сақтау. Ата-анаға не істесең, алдыңда сол қайтады. Дүние кезек. Сен ата анаңды сыйласаң, сенің балаларыңда қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып қағатын болады.