Екі апта ауылда



Pdf көрінісі
Дата12.03.2017
өлшемі93,46 Kb.
#9005

Екі апта ауылда 

 

«Ел іші-алтын бесік» , деген халық даналығымен сөз бастауды ұйғардым. Мен кең байтақ, 



мөлдір сулы, асқар таулы Қазақстанымның қарапайым қазақ қызымын. Туған еліме адал 

қызмет  етуге  мектеп  табалдырығын  аттаған  сәттен 

бастап  уәде  берген  болатынмын.  Мақсатыма  жету  үшін 

жасаған  бірінші  қадамым  «Назарбаев  Зияткерлік 

мектебінің» оқушысы болғаным.   

Ал  енді,  неге  мен  өз  сөзімді  осындай  мақалдан 

бастады  дейсіз  ғой?  Оған  себеп  болған  мектебімде  өтіп 

жатқан  тағы  бір  керемет  ойға  шомылдырар  «2  апта 

ауылда» атты жоба. 

Мен 


жазғы 

демалысымды 

тек 

тынығып 


өткізбейтін  оқушылар  қатарындамын.  Бәрімізге  мәлім, 

телефон  немесе  басқа  да  гаджеттерсіз  өмір  сүре 

алмайтын  жасөспірімдер  саны  қазіргі  таңда  аз  емес. 

Менің  көзқарасым  бойынша,  осындай  жастарды  жазғы 

демалыста  қала  шетіне  немесе  ауылға  апару  керек. 

Мысалы,  мен  жазда  тек  кітап  оқып  қана  қоймай, 

демалысымның қызығын ауылда тамашалаймын. Ал осы 

практиканың арқасында менің ауылым жайлы, онда уақытымды қалай өткізетінім жайлы 

білетін боласыздар.  

Менің  мақтан  тұтатын  ауылым  «Темір»  деп  аталады.  Ондағы  өмір  қала  өмірінен 

өзгеше.  Туған  ауылдың  иісі  мен  шүйгін  шөбіне,  мөлдір  бұлағы  мен  биік  ағаштарына 

жететін  еш  нәрсе  жоқ  десек  те  қателеспейміз.  Сонымен  қатар  ауылдың  тіршілігі  мен 

табиғаты адамға барша  ойдан арылуға көмектеседі. 

Шілде айында  ағам екеуміз ағылшын тілін дамытуға Ұлы Британияға сапар шегуші 

едік. Жобаларымызды уақытында тапсыру үшін ағам екеуіміз ауылға маусымның жиырма 

алтысы келген болатынбыз. Ағам екеуіміз уақытымызды ауылда бос өткізбедік. 

Келген  бетімізде  апам  мен  атам  ағам  екеуімізді  жылы  шыраймен  қарсы  алды. 

Бәріміз үстел басында  әңгіме-дүкен құрып, таңғы шайымызды іштік. Біраз  уақыттан соң 

бақшаға бардық та, құлпынай тердік. Одан апама тосап қайнатуға барымша көмектестім. 

Апаммен  кешкі  сауынға  барып,  сиыр  саууды  үйрендім.  Сауылған  сүтті 

сепаратордан  өткізіп,  қаймақ  алдым,  май  түсірдім.  Майды  екі  қайтара  суық  суға  жуып, 

аздап  тұздадым.  Өз  қолыммен    жасаған  май  дүкендікінен  әлдеқайда  дәмді  көрінді.  Міне 

туған жердің дәмі,   иісі. 

Апамнан    ұлттық  тағам  –  қызыл  ірімшікті  қайнатуды  үйрендім.    Мен  қазанға  сүт 

құйып, астына от жақтым. Қайнаған кезде, ашытқы қостым. Содан, сары суы тартылғанша 

отты  баяу  жағып  отырдым.  Дайын  ірімшікті  қазаннан  сүзіп  алдық.  Кейін  мен  ірімшікті 

кептіруге жайдым. Бұл ірімшікті қоспаға түйіп, қосса тіпті дәмді, дейді апам.  

 Атам бізді   Ертіс өзені жағасына балық аулауға апарды. Мен балық тазаладым да, 

апама оны пісіруге көмектестім. Кешкі асқа дайын болған балық өте дәмді болды. 


Құрт жаюға жәрдемдестім. Біз құртымызды далаға жайып қойып едік, біраздан соң 

жауын  жауып,  оны  үйге  кіргіздік.  Күннің  көзі  шыққан  соң,  құртты  аулаға  қайта 

шығардық. 

Сәтін салып жайлауға да сапарымыз түсті. Жол ұзақ болғанымен, мен атқа отыруға 

асығыс  едім.  Атам  маған  :  «Алдымен  сол  аяғыңды  басасың,  сосын  ертоқымды  мықтап 

ұстап,  абайлап  отырасың»,-  деді.  Сосын  ағама:  «Ержігіт  боп  өсерсің,  атқа  отырсаң 

жасыңнан!» ,- деді атам. 

Бүгін 


апамның 

ыдыс-аяқ 

жиналған  сөрелерінің  шанын  сүртіп, 

ыдыстарды  шайып  шықтым.  Апам  өте 

риза болды.  

Самса  пісіруді  үйрендім.  Атам  : 

«Самсаң 

дәмді 


болыпты!», 

-деп 


мақтады.  

Түскі  асқа  апам  екеуіміз  қуырдақ 

пісірдік. 

Қуырдағымыз 

тойымды 

болып, үйдегілер дастарханнан алғыс айтып тұрысты. 

Ағаммен бірге бақшада арам шөп жұлдым. Сәбіз өскен тақтаны арам шөптен тап-

таза  еткеніме  өзім  риза  болдым.  Ағам  екеуіміз  кешегі  арам  шөптен  тазартқан 

тақталарымыздағы  сәбіз  бен  пияздың  араларын  қопсытып  шықтық.  Сосын  шие  теріп 

әкеліп, оны жудық та, апамызға тосап қайнатуға бердік. 

«Екі  апта  бойы  тер  төктіңдер  ғой!»,-деп  атам  бізді  Ертіске  шомылуға  апарды. 

Жақсы дем алып қайттық.  

Өкінішке орай, 2 апта көзді ашып жұмғанша өте шықты. Алайда, үйреніп- түйгенім 

аз  болған  емес.  Осындай  мектеп  жобалары  арқылы  өмірлік  сабақ  алып,  терең  ойға 

шомылдым. Ауылдың қазақ халқына өте ыстық екенін, ұрпақ тәрбиесінде ауыл тіршілігі 

үлкен рөл атқаратынын да түсіндім.  



 

 

Орындаған: Семей қ. ФМБ НЗМ 9 «В» сынып оқушысы Стахан Аружан 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет