Сейсмикалық барлау, сейсмобарлау.Сейсмикалық барлау – жер қойнауларының құрылысын , заттық құрамын және кернеуленген жағдайын зерттеу мақсатында сейсмикалық (серпімді) толқындарды жасанды түрде қоздыру мен тіркеуге негізделген геофизикалық барлау әдістерінің жиынтығы. Жасанды қоздырылған сейсмикалық толқындар жер қойнауына қарай тарағанда өзінің жолында құрамы мен физикалық, механикалық қасиеттері әр-түрлі тау жыныстарды кездестіреді. Әр-түрлі таужыныстар ауқымында сейсмикалық энергияның біразы шағылады, өзге бөлігі сынады да үлкен тереңдіктерге кетеді. Шағылған толқындар қоздырылған орынға таяу жерде жер бетіне оралады, сынған толқындар жоғарылаған жылдамдықтармен қабаттардан өтіп, қоздырылған орнынан едәуір қашықтыққа кетеді. Шағылған толқын тәсілінің басты ерекшеліктерінің бірі – қабаттағы толқынның таралу жылдамдығын нақты анықтау мүмкіндігі. Ол үшін жылдамдық мәні бірнеше рет анықталып, оның орташа мәні қабылданады. Өйткені, жеке анықтауда әртүрлі себептерге байланысты қателер болуы мүмкін. Тәсілдің тағы бір басты ерекшелігі – шекараға түскен және шағылған толқындардың таралу жолдарын бір- біріне жақындату мүмкіндігі. Ал, бұл берілген ауданды жан-жақты, толық зерттеуге мүмкіндік береді.
Годограф. Сейсмикалық толқындардың қадағалау нүктесіне келіп жету жылдамдығы мен қадағалау нүктелері координаттары арасындағы байланыс графигі; "беткейлік годограф " және "түзу сызықтық годограф " болып екі түрге бөлінеді. Беткейлік годографты алу үшін қадағалау жұмыстары нақтылы кеңістікте жүзеге асырылады, ал түзу сызықтық годограф нақтылы кесінділер бойында қадағаланған деректер нәтижесінде алынады. Бұрғылау ұңғымасындағы сейсмикалық зерттеулер барысында қадағалау сызықтары зерттелмек ортаның ішіңде орналасады, мүның нәтижесінде алынған годографты "тік бағытты годограф" деп атайды.
Сейсмикалық толқындар годографы сейсмикалық барлау жұмыстарындағы ең басты мәлімет көзі болып табылады. Нақ осы Годограф көмегімен толқынның түрі, қиманың жылдамдық сипаттары, толқынды шағылыстыратын және сындыратын шекаралардың тереңдігі және орналасу ерекшеліктері, сол сияқты зерттелген ортадағы сейсмикалық толқындар энергиясының таралу зандылықтары анықталады.
Сейсмикалық толқындар годографы сейсмикалық барлау жұмыстарындағы ең басты мәлімет көзі болып табылады. Нақ осы Годограф көмегімен толқынның түрі, қиманың жылдамдық сипаттары, толқынды шағылыстыратын және сындыратын шекаралардың тереңдігі және орналасу ерекшеліктері, сол сияқты зерттелген ортадағы сейсмикалық толқындар энергиясының таралу зандылықтары анықталады.
Айналмалы годограф тәсілі ( метод обращенных годографов , МОГ ) арнайы бұрғыланган немесе дайын ұнғымаға сейсмоқабылдағыштар түсіріліп , ал толқынды коздыру көзі жер бетінде профиль бойына орналасады. Бұл әдісті,негізінен, толқындардың шағылу беткейлерінің бедерін анықтау үшін пайдаланады.
Табиғи геологиялық орталар жылдамдық қимасы мен оларда монотипті толқындардың тарау ерекшеліктері жағынан өте күрделі. Сейсмикалық орталардың қарапайымдалған физикалық-геологиялық модельдері (ФГМ) мыналар:
Табиғи геологиялық орталар жылдамдық қимасы мен оларда монотипті толқындардың тарау ерекшеліктері жағынан өте күрделі. Сейсмикалық орталардың қарапайымдалған физикалық-геологиялық модельдері (ФГМ) мыналар:
- бір текті изотропты ортада толқынның тарау жылдамдығы барлық нүктелер мен бағыттарда тұрақты.
- бір текті анизотропты ортада жылдамдық бағыттар бойынша әр түрлі.
- бір текті қабатты орталарда жылдамдық бір қабатта тұрақты, келесі қабатпен шекарада күрт өзгереді.
- градиентті орталарда жылдамдық координаталардың үздікссіз функциясы түрінде болады. Көбінесе жылдамдық тереңдікке байланысты өседі (тік градиентті орталар). - екі өлшемді әр текті орталарда жылдамдық тік және көлденең бағытта өзгереді.
- үш өлшемді әр текті орталарда жылдамдық үш бағытта өзгереді.
Таужыныстар мен орталардың серпінділік және пьезоэлектрлік қасиеттеріне қума (Vp) және көлденең (Vs) толқындардың жылдамдықтары, олардың жұтылуы (bp, bs) жатады. Бұл параметрлер серпінділік модульдерімен (E, δ, μc, Kc) және тығыздықпен (σ) анықталады