«Тағдыр» романы тек шекара бөлісі ғана емес, тұтас ұлт тағдыры екендігін жоғарыда айттық. Ондағы тарихи деректіліктің өзі ұлт болмысын ашуға қызмет ететіндігіне де, қазақты танытуға септігін тигізетіндігіне де баса назар аударғымыз келеді. «Тағдыр» романындағы тарихи деректілік туралы сөзімізді әдебиеттанушы ғалым Шериаздан Елеукеновтың роман жайындағы сөзімен түйіндесек: «Тағдыр» – ұлтжанды қаһарманды биік өреге көтерген роман. Ол – қазақ әдебиетінің өз қойнауынан шыққан туынды. Басқа тілдерге аударылғанда ғана бағы ашылатын кейбір шығармалардай, батыс я Латын Америкасы роман үлгісі бойынша пішілмеген. «Тағдырды» оқып отырғанда қазақтың кең даласына сүңгіп кеткендей рахат кешесің» – дейді.
1-тапсырма. «Ойталқы»
Қабдеш Жұмаділов қай жерде дүниеге келді?
Оның қандай шығармаларын білесің?
2-тапсырма. «Себебін анықта»
Жазушы не себепті оқуын тастауға мәжбүр болды?
Қабдеш Жұмаділов неліктен «Тағдыры бөлек тарланбоз» жазушы атанды?
3-тапсырма. «Талдап көр»
Егер Қ.Жұмаділов ақындықты таңдағанда тарихи тақырыптарды кеңінен аша алар ма еді? «Көшпелі бекет» тәсілі бойынша жазушы туралы мәліметті талқылап көр:
1-т: Қ.Жұмаділов – қазақ қара сөзінің дарабозы;
2-т: Қ.Жұмаділов – қазақ тари хироманистикасының беделді өкілі ;
3-т: Қ.Жұмаділов – ерен еңбек иесі;
4-т: Қ.Жұмаділов – ұлтжанды жазушы.
4-тапсырма. «Дәптеріңе жаз»
Қабдеш Жұмаділов өмірінің хронологиялық кестесін жаса