Əкімшілік құқық - мемлекеттік басқарудағы қоғамдық қатынастарды реттейтін жəне əкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылықты белгілейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының саласы.
Əкімшілік құқықтың негізгі мақсаттары:
1) Мемлекеттік əкімшіліктің тиімді қызметіне жағдай жасау;
2) Азаматтардың, мемлекеттің ,қоғамның қауіпсіздігн қамтамасыз ету;
3) Жүзеге асырылуы атқарушы билікпен байланысты азаматтардың, олардың бірлестіктерінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға жағдай жасау;
4) Экономиканы дамытуға жағдай жасау;
Қоғамдық жəне мемлекеттік басқарудың өкілетті органдары, сондай-ақ əкімшілік соттар Қазақстан Республикасының əкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген шараларды қолданылады. Əкімшілік құқық іс жүзінде құқықтық реттеудің барлық əдістемелерін пайдаланады. Əкімшілік-құқықтық нормалар мен қоғамдық қатынастарға ықпал ететін əдіс-тəсілдерді əдістеме деп түсінеміз.
Əкімшілік құқықтың жүйесі дегеніміз – мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін əкімшілік-құқықтық нормалардың реттелген жиынтығы.
Əкімшілік-құқықтық əдістерге мыналар жатады: - тапсырма беру – бұл субъектінің əкімшілік құқықпен белгіленген қандай да бір нақтылы əрекетті жасау міндеті; -рұқсат ету – бұл құқық шеңберінде субьектіге қандай бір əрекет жасауға немесе өз қалауы бойынша оны жасаудан қалыс қалуға рұқсат беру; -тыйым салу – бұл заңмен тыйым салынған əрекеттерді жасауға тыйым салу.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі
белгілері:
1) қоғамдық қауіптілік — бұл іс — әрекеттің қоғамның,
мемлекеттің, азамататрдың мүдделеріне зиян келтіруі, мысалы,
ұсақ бұзақылық, мас күйінде көлік құралдарын басқару
2) құқыққа қайшылық – құқық нормасын бұзатын іс-әрекеттерді
жасауы
3) кінәлілік – бұл ерікті, саналы іс — әрекет. Кінә тұлғаның істеген
ісіне және оның салдарына психикалық қатысын білдіреді. Ісәрекетті құқық бұзушылық деп деп тану үшін оның ерік-жігерлік
және саналы көрініс екендігін анықтау қажет, яғни саналы ойлайтын
адамның психикалық қызметінің нәтижесі екендігін анықтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |