Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы


Комплекспен күресу – әдетте адамды белгілі бір



Pdf көрінісі
бет14/95
Дата20.10.2022
өлшемі2,73 Mb.
#44447
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   95
Комплекспен күресу – әдетте адамды белгілі бір 
мүмкіндіктерден шектейді. 
Кері итереді. 
 
Кемшілік деген сөздің өзі шартты. Біреу үшін кемшілік, 
басқа біреу үшін артықшылық болуы да мүмкін. Бірақ 
осы «кемшіліктің» сенің еркіне бағынатыны бар, бағын- 
байтыны бар. Мәселен, бойым 175 см болса, мен 190 
см болып өзгере алмаймын. Әншілік қабілетім жоқ па, 
ешқашан Димаш Құдайберген бола алмаймын. 
Комплекс сенің ойында ғана. Адамға көбірек нұқ- 
сан келтіретіні де комплекс, бірақ оны жеңу де логикаға 
салғанда оңай. Өйткені, Сократты
13
тағы қайталасақ, 
«мен өз ойымды басқара аламын». «Ауылдың баласы» 
деген комплексті «Онда тұрған не бар екен? Еш жерім 
кем емес» деген оймен ауыстыра аласың. «Тіл білмей- 
мін» дегенді «тез-ақ үйренемін» деген оймен ауыстыра- 
сың, комплекске таптырмас қазына ретінде қарасаң, сол 
кезде алға қойған мақсатыңа, жеңісіңе бір қадам жақын- 
дайсың. 
13
Сократ – Батыс философиясының негізін қалаушы ежелгі грек философы. 


 
 
 
СЫЛТАУ 
Өмірде ұстанатын қағидаларымның бірі – сыл- 
тау айтпа. Бір іс қолымыздан келіп жаста, 
«мен істедім», «мен мықтымын» деу, ал болмай жатса, 
оны жұрттан көру біздің қоғамға тән. Орынды-орын- 
сыз екеніне қарамастан, әркім өте көп сылтау айтады. 
«ата-анам бай емес», «көшеде пробка», «ұйықтап қал- 
дым», тағы да басқа. 
 
Осы сылтауға қатысты бір мысал келтірейін. «MEGA 
Silk Way» орталығында үлкен «Rumi» мейрамханасын 
аштық. Сол жердегі галереямен өтіп келе жатқанда, қарсы 
жағымызда орналасқан кофеханада адам өте көп көрін- 
ді, ал бізде адам аз секілді. Операциялық директорымыз 
Қарақат ханымнан: «Неге оларда адам көп, ал бізде аз?» 
деп сұрадым. Қарақат ханым болса: «Олардың мейрамха- 
налары кішкентай, сондықтан адам көп секілді көрінеді. 
Ал біздің мейрамхананың аумағы үлкен. Негізінде адам 
саны бірдей сияқты» деп сылтау айта бастады. Мен біздің 
және қарамағымыздағы жаңағы мейрамхананың адамда- 
рын санап шығуға ұсыныс жасадым. Сөйтсек біздің 
«Rumi»-де отыз сегіз, ал елу оларда адам отыр екен. Сол 
кезде «неге оларда адам көп?» емес, «бізде де адамдар 
дың санын қалайша көбейтуге болады?» деген сұрақ 
туындады. Әріптесім Айдос мырза кез келген сұрақтың 
жауабын таба алатын адам. «Неге оларда адам көп, біліп 
келіңізші, Айдос аға» деп, сол кофеханаға оны жібердім. 
Бұл жағдайда, менің «Несіне уайымдаймын? Олардың 
кофеханасы 50 адамға арналса, біздің «Rumi» 150 адамға 
арналған» деп өзімді ақтап алуыма болатын еді. Негізі 


36
бұнда ешқандай «проблема» жоқ, бірақ мен оны өзіме- 
өзім жасап алдым. Айдос мырза 27 минуттан соң қай 
тып келді. «Қуаныш, біріншіден олардың қызметкерлері 
баяу жұмыс жасайды, сол үшін 20 минутта шығып кетем 
деген адам 40 минуттай отырады. Бірақ, ол жер жарық 
екен, сонысы жақсы» деді. Өзіміздің мейрамханаға қа- 
радық, шынында да оларға қарағанда қараңғылау. Сыл- 
тау айтқан жоқпыз, мәселені шешуге кірістік. Сол күні 
Қарақат ханым мамандарды шақырып, қалай болу керек 
деп сұрап, қажетті жарықты қосты да, барлығын тәртіп, 
яғни заң бойынша жасады. Келесі күні саудамыз өсті. 
Сылтау айтудың қажеті жоқ. Жалпы, ешқашан сылтау 
айтпаймын, сені де соған шақырамын. Бұнда мен сылтау 
туралы үлкен трактат немесе сылтау айтпаудың жолда- 
рын жазбаймын. Тек бір мәселені түсінуге және қабыл- 
дауға, өмірде қолдануға шақырамын, ол – сылтау айтпау. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет