90
«Ақымақ ешқандай қателіктен сабақ алмайды; ақыл-
ды өз қателігінен сабақ алады; тек дана адам ғана өзгенің
қателігінен сабақ алады» деген сөз бар халықта. Бұған
«Біреудің тонна қателігі бес тиын, өзіңнің грамм қателі-
гің мың тиын» деген нақылды да қосуға болады. Саналы
адам өзінің қателігінен сабақ алады. Бұл біздің бойымы-
ға туа біткен қабілет. Кішкентай кезiмiзден одан әрі да-
мып отыруымыз керек. Алайда, кейбір келеңсіз жағдай-
лардың әсерінен бар заттың өзі жоқ болып қалады.
Қателікке ұрынған сайын үйренуді үйренудегі тәжіри-
бең артады. Қателік істеуден қорықпау керек. Ең басты-
сы, бір қателікті қайталамасаң болғаны. Қателіктен сабақ
алмаған жағдайда ғана қателік қайталанады. Кейде бір
қателіктің беретін сабағы көп болады.
Қателіктің ең үлкен пайдасы – жадымыздағы ақпарат-
тардың негізінде құрылған заңдылықтардың өзектілігін
анықтау, себеп-салдарлы байланысын жою не күшейту.
Достарыңызбен бөлісу: