ӨЗІМІЗДІ ҚАЛАЙ
ҚЫМБАТҚА САТАМЫЗ?
Адамдардың көбі өз қабілеттерін өздері бағала-
майды. Көп қаражатқа қол жеткізгісі келсе, биз-
нес ашу керек дейді, бизнес ашса, идеяны басқалардан із-
дейді. Барлығын да сырттан іздейміз. Ал өз қабілетімізді
дамытып, қолымыздан келетін нәрсені жасамаймыз.
Қазақ жастарымен көп жұмыс жасаймын, өте дарын-
ды балалар бар: бірінің ойлау қабілеті керемет, екіншісі
қолөнерге бейім, үшіншісі сөзге шешен, бірақ өздерін
сата алмайды.
«Қабілетті анықтау: жоқты қуаламай, барды дамыту»
бөлімінде айтқанымдай,
әр адам өз ерекшелігін, мықты
жағын анықтап алу керек. Осының арқасында біз өзімізді
жақсы кәсіпкер немесе маман ретінде нарыққа ұсына
аламыз.
кімнің көлігі «Camry-55» немесе одан да мықты?» деп
сұрақ қойдым, ешкім қол көтермеді. Сонда,
Қарақат ха-
ным кәсіпкер емес, ұста бола тұра тиісті, өзіне сай табыс
тауып жатыр деген сөз. Сондықтан да ойлан. Сен кімсің?
Қолыңнан не келеді
Шындығына келсек, барлығымыз саудагерміз. «Он
берекеттің тоғызы – саудада» деген хадис бар. Мен көп
ойландым, неге екен деп? Сауда – бір адамның қажеттілі-
гін қанағаттандыру. Нарықта сатушы мен сатып алушы
кездеседі, ал ең үлкен нарық – қызмет күші нарығы.
Білімімізді сатып, ол үшін ақша аламыз. Қызметкерлер
де біреудің, жұмыс берушінің қажеттіліктерін қанағат-
тандырады.
Ұста жолында өзімізді қымбатқа сату үшін не істейміз?
Потенциалы бар адам, бірақ 180
мың теңге айлық ала-
ды. Біріншіден, білімге назар аударамыз. Бұл дегеніміз,
диплом; сен ортаң мойындау керек, яғни, репутацияң
жақсы болуы тиіс; белгілі бір нәтижелерің болу керек,
яғни сертификаттарың.
Көп жағдайда ұяңдықпен,
ұялшақтықпен жұмыстары-
мызды, білімімізді көрсете алмаймыз. Бірақ, Instagram-
ға жеген тамағың мен сатып алған жаңа смартфоныңды
салғанша, мүмкіндік болса, өз жұмыстарыңды сал.
Орыс тілімен айтқанда «упаковка» жасау керек. Ұста
өзін нарықта жақсы сату үшін жақсы жұмыс істеп қана
қоймай, мүмкіндіктерін көрсетіп, сата білуі керек. Қан-
шама мықты маман әлі күнге дейін әлеуметтік желілерде
жоқ, олар туралы халық та, жұмыс беруші де білмейді. Ал
соңында ол маман «ешкім жұмысқа алмайды» деп отыра-
ды. Ал ең білікті мамандар жұмыс іздеп бармауы керек,
оларды керісінше жұмыс берушілер іздеп, өздеріне шақы-
ру керек. Бұл жерде сен өзіңе дұрыс сұрақ қоюың керек.
«Неге мені жұмысқа алмайды?» – деп емес, «Қалай мені
жұмысқа шақыратындай жағдай жасай аламын?». Одан
соң, әлеуметтік желіні ашып, өз жұмыстарыңды жүктеп,
достарыңмен, таныстарыңмен бөлісе баста. Блог жүргіз,
өзің туралы видео түсір. Басында оңай болмауы мүмкін,
146
дұрыс сөйлей, әдемі мәтін жаза алмайсың, бірақ уақыт
өте келе шыңдаласың.
Бізге көптеген адам жұмыс іздеп келеді. Резюмесін
қабылдап, олардың әлеуметтік желілердегі парақшала-
рын іздестіріп, қарастырамыз. Internet-те
парақшаларын
дұрыс жүргізбей, тыртиған белдемше киіп алып, түнгі
клубта секеңдеп билеген суреттері мен видеолары жүр-
се, ол адамды жұмысқа қабылдамаймыз. Себебі, қанша
жерден мықты маман болғанымен, нарықта өзін әлі са-
тып үйренбеген. Оның офиста жүріп, ұзын белдемше,
ақ көйлек кигені маған қажет емес. Ол барлық жағынан
да өзін дамытып, лайықты дәрежеде нарықта өзін ұсына
білуі керек.
Нейромаркетингте бір
адам туралы шешім қабылдау
үшін ол туралы тоғыз рет есту немесе көру керек дейді.
Мысалы, кітабымды сатып алу үшін, ол туралы әлеумет-
тік желіде тоғыз түрлі пост көруің мүмкін немесе досың
мен туралы айтып берді, бәлкім, теледидардан көріп
қалған боларсың. Осының барлығы – тұлға болып қалып-
тасуымызға, дамуымызға, өзімізді қымбатқа сатуымызға
септігін тигізетін құралдар. Сондықтан да әлеуметтік
желіні өз пайдаңа қажетінше қолдана біл, қоршаған ауди-
торияда өзің туралы жақсы пікір қалыптастыр.
Ұста болсаң өз атыңды, кәсіпкер болсаң өз бизнесіңді
брендке айналдыр.
Тағы бір айтарым, бүгінгі күн, ол – ертеңнің баласы.
«Еріншектің ертеңі бітпейді» деп бекерге айтылмаған.
Сондықтан ақыры жеңіс жолында жүріп,
өзіңді жеңуге
тырыссаң, оны ертеңнен емес, бүгін баста!
«Ертең» деген сөзді ұмыт!