178
Өйткені сен біреуден көмек сұрасаң, ол бейсаналы түрде
жаны семіріп, мерейі үстем болып қалады: өзін ықпалды,
маңызды адам сезінеді. Сондықтан менторлардан көмек
сұраудан қысылма. Мұныңмен өзіңе пайдалы, оларға
жағымды әрекет жасадым деп санай бер. Мен Овчинни-
ковқа барғанда, ол үшін бейтаныс адам едім. Әлі бизнесі
де жоқ. Бірақ ол пікірлесуден қашқан жоқ, ойын жайып
салды, кеңестерімен бөлісті. Бұл маған көп көмек берді.
Табысты адамдардан өзгелер де үйренетін жағдай
жаса. Жақында IFC-де (Әлемдік банктің бөлімшесі) кор-
поративтік басқару бойынша курстан өттік, үздіксіз өсу,
тәуекелдерді басқару, стандартизация, т.б. маңызды нәр-
селерді үйретті. Жас компаниямыз, бірақ бізге стартап
деңгейінен тезірек өтіп, басқарудың неғұрлым дамыған
үлгілерін пайдалану керек болды. Сол сияқты, «Пре-
восходный сервис» кітабының авторы Джон Шоулдың
53
семинары өтті. Оны біздің қызметкерлер жақсы біледі,
өйткені көп үрдісті дәл осы кітап бойынша рельске қой-
ғанбыз. Біздің командадан 16 адам, оның ішінде өзім де
бармын, семинарды тыңдадық. Семинардан кейін, әрине
өзіміздің палауды ұсындық. Ең тамашасы, Шоул «Тама-
ша сервис» деп баға беріп кетті. Бірақ осы семинардан
біз әлі де өсе алатынымызды түсініп қайттық. Қысқасы,
керек адамдармен танысып, олардан дәріс алу, үйрену –
өсемін деген адамның міндеті.
Соңғы кезде маған түрлі сұрақтармен келетін адамдар
көбейді. Және байқағаным, жоғарыда айтқан ережелерді
ғана емес, ең қарапайым дүниелерді ескермейді екенбіз.
Кездесуге байланысты мына ойларыммен бөлісейін.
Достарыңызбен бөлісу: