жандарға өзін өзгертуге тамаша мүмкіндік дейді ол. Мысалы, Марк
Аврелий екі мың жыл бұрын «Медитация» деген кітап жазды. Онысы тек
қана күн сайынғы алғыс еді. Қазіргі смартфондарда көңіл күйіңді, ішімдік
пайдалануыңды, ұйықтауыңды, диетаңды, физикалық жаттығуларыңды,
шығыстарың мен кірістеріңді, қысқасы өміріңнің кез келген аспектісін тізіп
отыратын қосымшалар толып жатыр. Өз əдеттерің мен эмоцияларыңды
тізіп отыру, өз өзіңе есеп беруге жəне өзіңді тəртіпке салуға көмектесетін
жақсы құрал дер едім.
Жəне əрине, жеңістерді де тізіп отыру керек. Темекі шекпеуге шешім
қабылдадың ба, оны атап өт. Күн сайын. Қанша уақыт темекісіз өмір
сүрсең, соншалықты өзіңе деген бағаң артады. Грек философы Эпиктет кез
келген жаман əдеттен арылу үшін отыз күн керек деген. Тізім, жасауға
күніне ұйқыға кетерде уақыт бөл. Қажет болса, телефонға ескертпе орнат.
Бірақ тізім жасамайынша, ұйқыға кетпе. Сократ айтқан: «Қандай ас ішіп,
қандай жаттығу жасағанын үнемі қадағалап жүретін адамға дəргердің
керегі жоқ». Қысқасы, тізім жасау өзіңді жетілдіру жолында жүйелі
қадағалаудың құралы бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: