Екiншi деңгейлi банктің Қаржылық ТӘуекелдердің басқаруын талдау



бет1/3
Дата21.12.2022
өлшемі472 Kb.
#58788
  1   2   3

2.

ЕКIНШI ДЕҢГЕЙЛI БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ БАСҚАРУЫН ТАЛДАУ

29




2.1. «Сбербанк» АҚ ЕБ экономикалық сипаттамасы

29




2.2. 2014-2016 жж. «Сбербанк» АҚ ЕБ қаржылық жағдайын талдау

40




2.3. «Сбербанк» АҚ ЕБ тәуекел-менеджмент жүйесін талдау

47

3.

«Сбербанк» АҚ ЕБ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУДЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ

60





3.1. Коммерациялық банктің ағымдық жағдайы

60




3.2. Коммерциялық банктің қаржылық тәуекелдерін төмендету бойынша негізгі іс-шаралар

64

ҚОРЫТЫНДЫ

75

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

77


2. ЕКIНШI ДЕҢГЕЙЛI БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ БАСҚАРУЫН ТАЛДАУ


2.1. «Сбербанк» АҚ ЕБ экономикалық сипаттамасы.

Сбербанк Тобы – Орталық және Шығыс Еуропаның ең ірі қаржы институты болып табылады. Банк 1841 жылы құрылып, 2016 жылы 175-жыл мерейтойын атап өтті. «Сбербанк» АҚ ЕБ қызметінің негізгі түрі бөлшек және корпоративтік клиенттерге қаржылық қызмет көрсету болып табылады. Бұл Тобының географиясы 22 елін, оның ішінде Ресей Федерациясын қамтиды. Жалпы Топ клиенттерінің саны – 145,6 млн. адам.


Сбербанктің негізгі акционері және құрылтайшысы жарғылық капиталының 50%-ын және бір дауыс беруші акциясын меңгерген Ресейлік Банкі болып табылады. Сбербанктің басқа акционерлері халықаралық пен ресейлік институционалдық және жеке инвесторлар болып табылады. Банктің шетелдік желісі АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Орталық және Шығыс Еуропа, ТМД және т.б. елдердің еншілес банктерден, филиалдардан және өкілдіктерден тұрады.
Қазақстандағы Ресей Сбербанкінің тарихы 2006 жылдың аяғынан басталды. 2007 жылы банк ұлттық және шетел валютасында жүргізілетін банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алды. Осы жылы банктің жарғылық капиталы 15 есе ұлғайып, 29 млрд. теңгені (240 млн. доллардан астам) құрады, бұл Сбербанкке жарғылық капиталының көлемі бойынша Қазақстан Республикасындағы 10 ең ірі банктердің қатарына кіруіне мүмкіндік берді. 
2008 жылы Банк Visa мен MasterCard International халықаралық төлем жүйелерінің Принципалды мүшесі атанды.
2009 жыл Қазақстандағы Ресей Сбербанкі «Күрделі серіктес» номинациясында халықаралық құрметті «Бәйтерек» іскерлік сыйлығының лауреаты атануымен ерекшеленді. «Атамекен одағы» Ұлттық экономикалық палатасы мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Сбербанк «Деловар» журналының пікірінше, «2008 жылдың шетелдік қатысуы бар үздік банкі» номинациясының жеңімпазы болып танылды
2010 жылы қаңтар айында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында Сбербанктің Қазақстан аумағындағы он екінші филиалы ашылды. Сонымен қатар, Fitch Ratings халықыралық рейтинг агенттігі Сбербанкке тұңғыш рет «BBB-» рейтингін тағайындады. Осылайша, Сбербанк Қазақстанның ЕДБ арасында деңгейі бойынша екінші рейтингке сәйкес деп танылды. Сбербанк «Беделі жоғары компания рейтингінде» үздік 50-дің қатарына (Exclusive сараптамалық-шолу журналының зерттеулеріне сәйкес) кірді. Сбербанк «Танымал имидждің болуы» нормасы бойынша төртінші орынды иеленді.
2011 жылдың наурыз айынан бастап несиелерді тұтынушылық несие беру бағдарламалары бойынша ресей рублі валютасында алу мүмкіндігі пайда болды және ресей рублінде төлем карталары қолданысқа енгізілді.
2012 жылы Сбербанктің 2015 жылға дейін даму стратегиясы мерзімінен бұрын орындалды. Банк нарықтың 5% астам үлесіне қол жеткізді және Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің арасында активтер мөлшері бойынша алтыншы орынға ие болды (2011 жылы ҚР ЕДБ арасында активтер мөлшері бойынша 7 орында болды).
2012 жылғы 19 желтоқсаннан бастап Сбербанк MasterCard Int. төлем жүйесінің логотипімен Maestro, MasterCard Standard, MasterCard Gold, MasterCard Platinum және MasterCard Business санаттағы төлем карточкаларының эмиссиясына кірісті. 
2014 жылғы 25 қыркүйекте Сбербанкке қытай юані бойынша маркет-мейкер дәрежесі берілді. 2014 жылғы 25 қыркүйекте KASE-де қытай юані/қазақстандық теңге қос валютаның биржалық сауда-саттықтың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл жоғары сенімділік пен банкті қазақстандық валюталық нарық көсбасшылардың бірі ретінде тануды білдіреді. 2014 жылғы 12 маусымда Сбербанк және «Астана ЭКСПО 2017» ҰК ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
2014 жылғы ақпан айында Сбербанк Forbes Kazakhstan пікірінше қазақстандық банктер арасында төзімділік бойынша ең үздік аттанды. Рейтинг өтімділік көрсеткіші, активтердің сапасы көрсеткіші, капиталандыру көрсеткіші және бизнесті басқару тиімділігінің көрсеткіші сияқты топтардың бірнеше коэффициенттерінің нақты мөлшерін есептеу негізінде құрылған.
2015 жылы 24 ақпанда Сбербанк "Даму" қорынан бірден үш марапат алды. "Бизнестің жол картасы 2020" субсидиялау бағдарламасы бойынша "Сбербанк" АҚ ЕБ «Үздік банк», "Үздік өнім кепілдігі" номинациясында жеңімпаз атанды, сондай-ақ "Кепілдендірілген табыс!" акция қорытындысы бойынша көшбасшылар қатарына енді.
«Сбербанк» АҚ ЕБ инновация енгізуде:

  1. «Сбербанк Онлайн» - жеке тұлғаларға арналған интернет банкинг, оңай және тез ақшаны қарызға алуының жаңа функциясы. Бүгінде Сбербанк Онлайнды 160 мыңнан астам белсенді клиент пайдаланады, тағы 130 мың клиент мобильді қосымшаны таңдайды. Платформа клиенттерге мүмкіндіктердің кең функционалын ұсынады: 150-ден астам сервис; 1 500-ден астам әр түрлі төлемдер; әлемнің кез келген еліне ақшалай аударымдар; ҚР-дағы және шетелдегі шоттарға ұлттық және шетел валютасындағы ақша аударымдары; картасыз код бойынша банкоматтардан қолма-қол ақшаны алу; 24/7 онлайн депозитті ашу, ішінара толықтыру және одан ақшаны алу; қосарлы сәйкестендіру жүйесі бар ең заманауи қорғаныс.

  2. Сбербанк инновациялық стартап жобасын қолдады. Қазақстандық жас бағдарламашылар «I'd like» мобильдік программасын әзірледі. Осы программа көмегімен кафе мен мейрамханаларда тапсырыстар жасауға және шоттарды төлеуге болады. Бұл жобаның барлық төлемдердің есеп айырысу банкі мен эксклюзивті серіктесі «Сбербанк» АҚ ЕБ болып табылады. Қауіпсіздікпен шоттарын төлеуге 3D Secure технологиясы кепілдігін береді. Мобильдік программа «I 'd like» автоматты түрде қонақтың орналасқан үстелше мен мейрамхананы анықтап, сондай-ақ оларға бір басумен даяшыны шақыруға немесе тапсырыс жасауға мүмкіндігін береді.

  3. «Сбербанк» АҚ ЕБ корпоративтік клиенттер үшін мобильдік программаны іске қосты. iOS және Android операциялық жүйелері үшін "Сбербанк Бизнес Онлайн" жаңа мобильдік жобаны жүргізді.

Сбербанк әлемнің ірі банктерімен кең қатынас жасайды, сондай-ақ тұтынушымен және экономиканың түрлі салаларында қызмет атқаратын серіктестерімен жұмыс істеудегі елеулі тәжірибесі бар.
Қазіргі кезде Сбербанктің 83 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 16-і – филиалдар. Банктің орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.
«Сбербанк» АҚ ЕБ негізгі бес қағидасын берік ұстанады:

  1. Клиенттерге көрсетілген қызметтердің жоғары сапалылығы;

  2. Тиімді және рационалды операциялар;

  3. Салмақты капитал және жоғары өтімділік;

  4. Оңтайлы несиелеу саясаты;

  5. Шығындалудың қатаң тәртібі.

2016 жылы банк 746,3 млрд. теңге көлемінде ел экономикасын қаржыландырды.
Төмендегі кестеде қарастырылып отырған «Сбербанк» АҚ ЕБ 2014-2016 жж. кезең аралығындағы жалпы мәліметтері және соңғы 3 жыл ішіндегі динамика көрсеткіштері бейнеленген (1 кесте).

1 кесте.
2014-2016 жж. «Сбербанк» АҚ ЕБ экономикалық сипаттамасы.


(млн. теңге)

Көрсеткіштер

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2015-2014 жж.

2016-2015 жж.

+/-

%

+/-

%

Активтер

1280918

1594219

1650405

313301

124,459

56186

103,524

Міндеттемелер

1141056

1451466

1501417

310410

127,204

49951

103,441

Меншік капитал

139862

142753

148988

2891

102,067

6235

104,368

Таза табыс

27017

2667

7692

-24350

9,872

5025

288,414

ROаA,%

2,1

0,2

0,5

-1,9

-

0,3

-

ROаE,%

19,3

1,9

5,2

-17,4

-

3,3

-

Соңғы үш жыл аралығында банктің экономикалық талдауы «Сбербанк» АҚ ЕБ активтерінің өсуі байқалады, яғни оның жағдайында оң әсерін тигізеді. 2014 жылы активтер 1280918 млн. теңге, 2015 жылдың соңына осы көрсеткіш 1594219 млн. теңгені құрап, 313301 млн. теңгеге өскенін байқауға болады. 2016 жылы осы көрсеткіштің одан әрі өскенін көруге болады, яғни 56186 млн. теңгеге дейін ұлғайды. Сөйтіп, 2016 жылдың көрсеткіші 1650405 млн. теңгені құрады.


Активтердің өсу қорында міндеттемелердің де көрсеткіштері өсуде. Егер 2014 жылы міндеттемелердің соммасы 1141056 млн. теңге құраса, 2015 жылда 1451466 млн. теңгеге өсті. 2015 жылынан осы көрсеткіш одан әрі өскенінін көруге болады, яғни 2016 жылы міндеттемелердің көрсеткіші 1501417 млн. теңгені құрады.
Меншік капиталға келетін болсақ, 2014 жылдың көрсеткіштері 2015 жылдың көрсеткіштеріне 2891 млн. теңгеге арта түсті, сондай-ақ 2015 жылы 142753 млн. теңге көрсеткішіне келсе, келесі жылы 6235 млн. теңгені қосты.
Таза табыс 2014 жылы 27017 млн. теңгені құрайды. 2015 жылда осы көрсеткіш 2667 млн. теңгені құрап, яғни 24350 млн.теңгеге дейін кеміді. 2016 жылы көрсеткіш 7692 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 5025 млн. теңге таза табысын әкеледі.
Сонымен қатар, ROаA көрсеткіші 2014 жылы 2,1 п.т., 2015 жылы 0,2 п.т., 2016 жылы 0,5 п.т. құрайды. 2014 жылы банктің меншік капиталына 1 теңгеге 19,3 теңге, 2015 жылы 1,9 теңге, ал 2016 жылы 5,2 п.т. табыс алады.
«Сбербанк» АҚ ЕБ активтердің құрылымы мен динамикасына талдау төмендегі кестелерде көрсетілген (2 кесте).

2 кесте.
2014-2016 жж. «Сбербанк» АҚ ЕБ активтер динамикасы.


(млн. теңге)

Көрсеткіштер

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2015-2014 жж.

2016-2015 жж.

+/-

%

+/-

%

Ақша құралдары және оның эквиваленті

142745

297556

381183

154811

208,453

83627

128,105

Несиелік мекемелердің қаражаттары

35285

19259

6561

-16026

54,581

-12698

34,067

Туынды қаражат құралдары

2940

92002

49146

89062

3129,320

-42856

53,418

Клиенттерге берілген несиелер мен аванстар

969354

1032984

892185

63630

106,564

-140799

86,370

Инвестициялық бағалы қағаздар

87262

105270

270839

18008

120,637

165569

257,280

Ағымдағы корпоративтік табыс салығы бойынша активтер

2649

1678

1725

-971

63,345

47

102,801

Негізгі құралдар

28348

31207

30809

2859

110,085

-398

98,725

Материалдық емес активтер

5837

8443

11681

2606

144,646

3238

138,351

Басқа активтер

6498

5820

6276

-678

89,566

456

107,835

Барлығы

1280918

1594219

1650405

313301

124,459

56186

103,524

2 кестені талдайтын болсақ, ақша құралдары және оның эквиваленті көрсеткіші тек жылдан жылға ұлғаяды. 2014 жылы 142745 млн. теңгені құрап, 2015 жылы 297556 млн. теңгеге өсті, яғни 154811 млн. теңгеге дейін бұл көрсеткіш ұлғайды. Сондай-ақ, келесі жылы бұл көрсеткіштің саны 381183 млн. теңгеге жетті.
Активтердің көп бөлігін клиенттерге несие береді. Осыған байланысты осы баптың өсуіне активтердің өсуі ықпал етеді. 2014 жылы клиенттерге берілетін несиелер 969354 млн. теңгені құрады, 2015 жылдың көрсеткіштермен қарастырғанда 63630 млн. теңге несиелер беру ұлғайды. 2015 жылының көрсеткіші келесі жылда 140799 млн. теңгеге кеміп, 2016 жылдың көрсеткіші 892185 млн. теңгені құрады.
Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады (3 кесте).


3 кесте.
2014-2016 жж. «Сбербанк» АҚ ЕБ активтердің құрылымы.
(%)

Көрсеткіштер

Үлес салмағы

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

Ақша құралдары және оның эквиваленті

11,1

18,7

23,1

Несиелік мекемелердің қаражаттары

2,8

1,2

0,4

Туынды қаражат құралдары

0,2

5,8

3,0

Клиенттерге берілген несиелер мен аванстар

75,7

64,8

54,1

Инвестициялық бағалы қағаздар

6,8

6,6

16,4

Ағымдағы корпоративтік табыс салығы бойынша активтер

0,2

0,1

0,1

Негізгі құралдар

2,2

2,0

1,9

Материалдық емес активтер

0,5

0,5

0,7

Басқа активтер

0,5

0,4

0,4

Барлығы

100

100

100

Активтердің өсуіне ықпал ететін баптардың бірі «Ақша құралдары және олардың эквиваленттері» болып саналады, ол бойынша кезең аралығындағы сома ұлғая бастайды. Осы бап бойынша үлес салмағы 2014 жылы 11,1 %, ақша құралдырдың соммасы 142745 млн. теңгені құрады. 2015 жылы ақша құралдары және олардың эквиваленттері банктің жалпы активтер құрылымынан 7,6 % артып, сондай-ақ 2016 жылы 4,4 % -ға өсті.


Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау барысында осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, оларды рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді. 2014-2016 жж. «Сбербанк» АҚ ЕБ активтердің динамикасы (5 сурет).

5 сурет. 2014-2016 жж. аралығындағы «Сбербанк» АҚ ЕБ активтердің динамикасы.


Қорытындалай келе, банктің жиынтық активтері 2014-2016 жж. аралығындағы актив сомалары қарқынды өсуде. Яғни, 3 жыл ішінде активтердің көлемі 369487 млн. теңгеге өсті. RoaA көрсеткіші 2014-2016 жж. аралығында 1,8%-ға азайды.


«Сбербанк» АҚ ЕБ міндеттемелерінің динамикасы мен талдауы кестеде белгіленген (4 кесте).

4 кесте.
2014-2016 жж. «Сбербанк» АҚ ЕБ міндеттемелерінің динамикасы.


(млн. теңге)

Көрсеткіштер

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2015-2014 жж.

2016-2015 жж.

+/-

%

+/-

%

1

2

3

4

5

6

7

8

Несиелік мекемелердің қаражаттары

154688

119082

147713

-35606

76,982

28631

124,043

Корпоративтік клиенттердің қаражаттары

603328

741463

623237

138135

122,896

-118226

84,055

Жеке тұлғалардың қаражаттары

303061

509815

647560

206754

168,222

137745

127,019

Шығарылған борыштық бағалы қағаздар

69570

69379

69804

-191

99,725

425

100,613

Кейінге қалдырған табыс салығының міндеттемелері

4819

5549

6476

730

115,148

927

116,706

4 кестенің жалғасы.

1

2

3

4

5

6

7

8

Басқа міндеттемелер

5590

6178

6627

588

110,519

449

107,268

Барлығы

1141056

1451466

1501417

310410

127,204

49951

103,441

Бұл кесте мәлiметтерiне сүйенетiн болсақ, «Сбербанк» АҚ ЕБ міндеттемелер көрсеткiштерiн талдауда соңғы 2014-2016 жылдарды салыстырдық. Мiндеттемелер жиынтығын қарастыратын болсақ, жыл сайын өсуiн байқауға болады. 2014 жылдың мiндеттемелерi 2015 жылдың мiндеттемелерiне қарағанда 310410 млн. теңгеге өстi. Ал, 2015-2016 жж. өзгерісі 49951 млн. теңгеге жоғарылады. Бұл көрсеткiштердiң өсуiнің себебi ретiнде, банк клиенттерiнің өсуi болып табылады.


Кестені талдау кезінде, «Сбербанк» АҚ ЕБ міндеттемелер құрылымының үлесін корпоративтік клиенттердің қаражаттары алады. 2014 жылы 603328 млн. теңгені құрады, ал 2015 жылмен қарастырғанда осы көрсеткіш 138135 млн. теңгеге өсті. 2015 жылы көрсеткіш соммасы 741463 млн. теңгені құрап, келесі жылы 118226 млн. теңгеге кеміді.
«Сбербанк» АҚ ЕБ міндеттемелерінің құрылымы 5 кестеде белгіленген.

5 кесте.


2014-2016 жж. «Сбербанк» АҚ ЕБ міндеттемелерінің құрылымы.
(%)

Көрсеткіштер

Үлес салмағы

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

Несиелік мекемелердің қаражаттары

13,6

8,2

9,8

Корпоративтік клиенттердің қаражаттары

52,9

51,1

41,5

Жеке тұлғалардың қаражаттары

26,6

35,1

43,1

Шығарылған борыштық бағалы қағаздар

6,1

4,8

4,6

Кейінге қалдырған табыс салығы бойынша міндеттемелер

0,4

0,4

0,4

Басқа міндеттемелер

0,5

0,4

0,4

Барлығы

100

100

100

«Жеке тұлғалардың қаражаттары» баптың көрсеткіші бойынша үш жыл ішінді артып өзгереді. 2014 жылы көрсеткіш барлық міндеттемелерден 26,6%, яғни 303061 млн. теңгені құраса, 2015 жылы соммасы 509815 млн. теңгені құрап, оның үлес салмағы 35,1% болады. Сонымен бірге, 2016 жылы қайта өскенін көруге болады, яғни көрсеткіш соммасы 647560 млн. теңге болып, 43,1%-ға өсті. Бұл баптың ұлғайғаны көрініп, бірақ мұндайды «Несиелік мекемелердің қаражаттары» бабы туралы деуге болмайды. 2014 жылы үлес салмағы 13,6%-ды құрап, келесі жылы 8,2%-ға төмендеді. 2016 жылы бұл көрсеткіштің үлес салмағы 2015 жылға қарағанда 1,6% -ға жоғарылды.


2016 жылы белсенді корпоративтік клиенттер 8 %-ға артты және компаниялар саны 33000 жетті.
Жалпы, 2014-2016 жж. берілген қаржы институтының міндеттемелері аздап ұлғайғанымызды көреміз, міндеттемелер өсе түседі, бұл клиенттердің банкке деген сенімі арта түседі деген сөз.
Меншік капиталының артуы банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді және экономикаға инвестициялау үшін ішкі және сыртқы нарықтардан сайма-сай көлемдегі қарыз қорларын тартуға жағдай жасайды. «Сбербанк» АҚ ЕБ меншік капиталының динамикасын талдау төмендегі кестеде көрсетілген (6 кесте).

6 кесте.


2014-2016 жж. «Сбербанк» АҚ ЕБ меншік капиталының динамикасы.
(млн. теңге)

Көрсеткіштер

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2015-2014 жж.

2016-2015 жж.

+/-

%

+/-

%

Жарғы капиталы

51500

51500

51500

0

100

0

100

Бөлінбеген пайда

69887

72554

80246

2667

103,816

7692

110,602

Басқа қорлар

18475

18699

17242

224

101,212

-1457

92,208

Барлығы

139862

142753

148988

2891

102,067

6235

104,368

«Сбербанк» АҚ ЕБ жарғы капиталы 51500 млн. теңге құрайды. Меншік капиталының кестесінде көп үлесті бөлінбеген пайда алады. 2014 жылы осы көрсеткіш 69887 млн. теңгені құрап, келесі жылы 2667 млн. теңгеге дейін ұлғайды. 2015 жылы 72554 млг. теңгеге өсіп, 2016 жылы көрсеткіш соммасы 80246 млн. теңгені көрсетті.


2016 жыл бойы меншік капитал 4,4%-ға немесе 6235 млн. теңгеге ұлғайды, соның ішінде 7,7 млрд. теңге таза пайда арқылы.
«Сбербанк» АҚ ЕБ меншік капиталының құрылымы 7 кестеде белгіленген.

7 кесте.


2014-2016 жж. «Сбербанк» АҚ ЕБ меншік капиталының құрылымы.
(%)

Көрсеткіштер

Үлес салмағы

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

Жарғы капиталы

36,8

36,1

34,6

Бөлінбеген пайда

50,0

50,8

53,9

Басқа қорлар

13,2

13,1

11,6

Барлығы

100

100

100



7 кестені талдайтын болсақ, жарғы капиталының үлес салмағы жылдан жылға төмендейді. 2014 жылдан 2015 жылға қарағанда бұл көрсеткіштің 0,7 %-ға, ал 2015 жылдан 2016 жыға үлес салмағы 1,5 %-ға азайды. Яғни, үш жыл бойы 2,2 %-ға төмендеді.
Меншікті капиталдың қаржылық есебінің негізгі мақсаты ресурстарды дұрыс қолдану мен сақтауда бақылаудың болуы. Бұл мақсатқа жету үшін қаржылық есеп мыналарды бақылауға қамтамасыз етуі тиіс: 

  1. Жарғылық капиталға қатысушылардың үлестерін уақытында және толық қабылдап алу; 

  2. Мерзімінде, толық және дәл көрсетілген жарғылық капиталдың немесе оның әр түрлерінің жалпы сомаларының өсуі немесе кемуі жайлы өзгерістерді айқындап отыру; 

  3. Меншіктік акцияларды сатудан (эмиссиялық кіріс) түскен табыстарды алу; 

  4. Инфляцияға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа да активтерді қайта бағалаудан кейін капиталдың сомасын уақытында және дәл анықтау; 

  5. Резервтік капиталдың уақытында және дұрыс құрылуы мен оны дұрыс қолдану;

  6. Алдыңғы есеп беру жылы мен есеп беру жылында пайда болған бөлінбеген кіріс сомаларын дұрыс анықтау және көрсету. 

2014-2016 жж. «Сбербанк» АҚ ЕБ меншік капиталының динамикасы (6 сурет).



6 сурет. 2014-2016 жж. «Сбербанк» АҚ ЕБ меншік капиталының динамикасы.


Сонымен қатар, суретте көрсетілген «Сбербанк» АҚ-ң қаржылық көрсеткіштеріне талдау жасалғандай, 2014-2016 жж. аралығында меншік капиталдың өсуі байқалады.


Активтердің негізгі қаражат көзі – меншіктің капиталы болып табылады. Активтердің соммасының өсуі банк қызметінің сферасы ұлғая түсіп, оған сыртқы факторлар әсерін тигізеді. Активтермен бірге, мендіттемелер мен жеке капитал да өсе түседі, осы жағдайда оң жақты әсерін тигізеді. Осы банкке ешқандай да рецессияны қорқпауға болады, көптеген көрсеткіштері бойынша оң жақта қала алады.
Пайыздық табыс - ақшалай қаражатты немесе капиталды тиімді жұмсау шарасы. Бағалы қағаздарды сатып алу кезінде дивидендтің бағалы қағаздың атаулы құнына қатысты пайыз түрінде алынған сомасы (8 кесте).


8 кесте.
2014-2016 жж. аралығында «Сбербанк» АҚ ЕБ пайыздық мөлшермесінің есептіліктері.
(млн. теңге)

Көрсеткіштер

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

Өзгерістер, %

2015/2014

2016/2015

Пайыздық табыс

Клиенттерге берілген несиелер мен аванстар

103433

113795

111834

10,0

-1,7

Инвестициялық бағалы қағаздар

5759

4753

15454

-17,5

225,1

Ақша құралдары және оның эквиваленті

1228

2309

11106

88,0

381,0

Несиелік мекемелердің қаражаттары

2767

1371

857

-50,5

-37,5

Барлығы

113187

122228

139251

8,0

13,9

Пайыздық шығыс

Корпоративтік клиенттердің жедел депозиттері

18847

28266

29249

50,0

3,5

Жеке тұлғалардың жедел салымдары

15393

14537

25717

-5,6

76,9

Корпоративтік клиенттердің және жеке тұлғалардың ағымдағы шоттар

1033

1238

1779

19,8

43,7

Несиелік мекемелердің қаражаттары

10730

10493

7199

-2,2

-31,4

Шығарылған борыштық бағалы қағаздар

5033

4891

5237

-2,8

7,1

Барлығы

51036

59425

69181

16,4

16,4

Таза пайыздық табыс

62151

62803

70070

1,0

11,6

8 кестеде көрсетіліп тұрғандай, 2014 жылы пайыздық табыстардың соммасы 113187 млн. теңге болып, келесі жылы 9041 млн. теңгені құрды. 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы пайыздық табыстар 13,9 %-ға ұлғайып, 139,3 млрд. теңгені құрады. Пайыздық шығыс 2014-2015 жж. аралығындағы өсу қарқыны 16,4 %-ға өсіп, 2015-2016 жж. да 16,4 %-ға өсті. Яғни, бұл көрсеткіштердің тұрақтылығы көрсетіліп тұр. 2016 жылы бантердің қаражат шығыстары 31,4 %-ға төмендеді.


Сонымен қатар, «Сбербанк» АҚ ЕБ таза пайыздық табысы 2014 жылы
62151 млн. теңгені құрды, ал 2015 жылы 62803 млн. теңгеге дейін жетті. Осы жылдары өсу қарқыны 1 %-ға өсті. 2016 жылдың соммасы 70070 млн. теңгеге жетті. 2015 жылмен салыстырғанда 11,6 %-ға өсті.
2014-2016 жж. «Сбербанк» АҚ ЕБ таза пайыздық табыстың өзгеруі (7 сурет).

7 сурет. 2014-2016 жж. «Сбербанк» АҚ ЕБ пайыздық табыстың


өзгеруі (млн. теңге).

Даму жоспарын және филиалдар желісінің тиімділігін арттыру бағдарламасын іске асыру мақсатында «Сбербанк» АҚ жаңа бөлімшені ашып, 1 бөлімшесін ауыстырды және 35 бөлімшені жапты.


Банк бөлімшелерінің қызмет етуі заманауи стандарттарына сай жұмыс істедейді:

  1. Қысқа мерзімде келіп түскен өтінімдерді өңдеуге, талдауға және орындауға жаңа банктік технологиялар мүмкіндік береді;

  2. Функционалдық инфрақұрылым клиенттерге қызмет көрсету үшін барынша жайлы операциялық залдарын құрады.

Бірқатар банк бөлімшелерінің ішінде маңызды клиенттерге қызмет көрсету үшін банктік сыйақылық "Сбербанк Премьер" сервисі ұсынылған. 2016 жылы банк бөлімшелерінің желісін оңтайландыруы клиенттердің қызмет ету сапасын арттыру мақсатында бөлімшелерінің операциялар бөлігін алыстағы қызмет көрсету арналарының аударуымен негізделеді.
2017 жылы ашылатын жаңа бөлімшелер өз-өзіне қызмет көрсету (электрондық кассир, видеобанкинг, video teller machine) және coworking-аймақтардың сандық құрылғылармен жабдықталып. Жаңа бөлімшелерде касса тораптары орналастырмайды.
Ашылатын бөлімшелер клиенттерге digital ортаға қызмет көрсетуге бағытталған. Олардың ерекшелігі электрондық кассир арқылы операцияларды және клиенттеріне дистанциондық бейнебайланыс қызмет көрсету арқылы сервисін жасау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет