КӨШПЕЛІ ҺӘМ ОТЫРЫҚШЫ НОРМА
Біздің басқармамызға әр жақтан хабарлар келеді:
«Қай нормамен жер алғанымыз жағымды» деп?
«Біреулеріміз көшпелі норма көп болған соң – мұны
алғанымызды жағымды көреміз. Екіншілеріміз оты-
рықшы норма түпкілікті дегенге оны алғанымызды
қолайлаймыз. Соңғыларымыздың сөзін переселен
шиноуніктері де қуаттайды» деген хаттар көптеп-
ақ келіп жатыр. Бірақ біз жер сөзін ашып айтарлық
қолайлы мезгілге қаратып жүр едік.
Бұл мәселе турасында қазақтың білем деген адам-
дарының пікірлері екіге бөлінуші еді. Бірі – отырық-
шы норманы ұнатушы еді. Отырықшы нормамен де
болса жер алып қалғанымыз дұрыс. Жақсы жерді алып
кетіп, жаман жерге қамалып қаламыз деген пікір. Бұл
пікірді ұнатушылар жұртқа басшы болу үшін әуелі
өздері отырықшы норманы қабыл етіп, жер алды.
Жұрт тоғытатын қой сықылды. Серкесі суға түссе,
топырлап бәрі тоғытқа түседі. Атақты, біледі деп жүрген
адамдар алып жатқан соң, ол білмей алып жатқан
жоқ шығар деп, отырықшы норма сұраушы қазақтар
көбейді. Сол жылы-ақ переселен праулениесінің хаба-
рына қарағанда, отырықшы нормамен жер сұраушы
қазақтардың саны Торғай мен Орал облыстарында 16
мың 441 үйге толып қалған. Оның 11 мың 490 үйі Орал
қазақтары. Осы пікірді қазақтың русша, мұсылманша
оқыған жастарының көбі қуаттады. Бұлар қуаттаған-
да көбінесе шаруадан бөтен жағын ойлап қуаттады.
Мәселен, қазақ отырықшы нормамен жер алып, қала
салып отырса, қазақ арасына ғылым, өнер таралуына
17–7069
258
жақсы болады деген ой. Бұл пікірдің дұрыс-бұрысы
тағы бірде айтылар. Енді екінші пікірге түселік.
Екінші пікір – қазақ отырықшы нормамен күн көре
алмайды дейді. Қазақтың жеріне келіп мұжықтар күн
көре алмай, көбіне патшалықтың асырауымен ғана
жан сақтап отыр. Қазақ жерінде отырықшы норманы
алу керек нағыз жері жақсы қазақтар иа жерді арықпен
суаратын қазақтар, иә жаман патшалықтан асырар деп
дәме қылатын қазақтар. Осындай жері жоқ қазақтар
иә олай дәмелі болмайтын қазақтар отырықшы норма-
мен күн көре алмайды. Онымен жер алдым деп жама-
натты болғанша, қарап отырған жақсы дейді. Бұл
пікірді қуаттаушылар айтушы еді: «Отырықшы норма
қазақ сонымен күн көреді деп көзі жеткендіктен
шығарған норма емес, қазақтың жерін көбірек алу
үшін шығарған һәм көбірек алғанда қазақтың ырзалы-
ғымен алдық деп көрсету үшін шығарған норма» деп.
Осы екі пікірдің бастапқысын көбі қолайлылап,
соңғысын әншейін наразылықпен айтатынға санайтын-
қырайтын еді.
Өткен 11-ші иуінде Думада айтылған сөздерден
мағлұм болды: қай пікірдің дұрыс-бұрысы. Депутаттар
қазақ жерлері жолсыз алынып жатыр дегенде, пере-
селен упраулениесінің бастығы Глинка қазақ жерін
жолмен алып жатқандығын көрсетуге отырықшы
норманы қазаққа не үшін шығарғандарын жасырмай,
ашып айтып берді. Ол айтты: «Біздің қазақ турасында
істеп отырған ісіміз жолды. Біздің жолымыз екеу-ақ.
Бірі қазақтан артық жерді алу, екіншісі қазаққа тиісті
жер беріп орналастыру. Қазақтың артық жерін алып
жатырмыз, артық жерді алсын деген закон бойынша.
259
Қазаққа жер беріп, орналастырып жатырмыз өздерінің
тілегі бойынша. Қазаққа істеп отырған жолсыздық
емес ебіміз, әдісіміз бар: қазаққа тиісті жер беріп
орналастыру турасында думаға закон жобасын кіргіз-
бей отырмыз. Кіргізбей тұрғанымыздың мәнісі мынау:
көшпелі қалпында жер беріп орналастырсақ қазаққа
көп жер тиеді. Артыларлық жер аз болмақшы. Оны
Дума арқылы законмен бекітіп қазаққа берген соң
ала алмаймыз. Қазақ жері қазақтан көп артылып қалу
үшін, йағни переселендерге қазақтан жерді көбірек
алу үшін біз әдіс істеп отырмыз. Әдіс қылу жолсыздық
емес, ептілік. Біз министр соуетінен ептілік етуге
рұқсат алып, қазақты ебімізге түсіруге қайырмалап
едік, топ-тобымен топырлап түсіп жатыр. Ол істеген
ебіміз мынау еді. Қазаққа отырықшы болып жер
алуға риза болсаңдар, сендерге де мұжықпен қатар
15 десиатинадан еркек басына жер береміз дедік.
Айтуымыз-ақ мұң екен, қазақтар отырықшы нормамен
жер бер деп жабыла сұрап жатыр. Өткен жылда оты-
рықшы нормамен қазақтарға 700 мың десиатина жер
бердік...».
Міне, переселен упраулениесінің министрден
соңғы бастығының сөзі. Бұл құпиалап қана досына
айтқан сөзі емес, государственный Думада күллі депу-
таттардың алдында айтқан сөз. Мұның айтқанын
шылғи өтірік деп айта алмаймыз.
Жоғарыдағы сөздің қорытқандағы қысқасы мынау:
переселен упраулениесі қазақ жерін жолмен алып
жатқан болады. Артық жерді алсын деген закон бар.
Қазақтан жер көп алынып жатқаны – ол қазақтың өзінің
тілегі бойынша болып жатыр. Қазақтан отырықшы
нормамен жер алушы неғұрлым көбірек болса, соғұр-
260
лым жер көбірек артылмақшы һәм переселендерге
көбірек алынбақшы.
Отырықшы норманы қазаққа не үшін шығарған-
дығын, отырықшы нормамен қазақтар жер алғанын
переселен шиноуніктері не үшін қуаттайтындығын,
қазақтарға түсіну енді қиын болмас шығар. «Тісі
шыққан балаға шайнап берген ас болмас» деген.
Тісі шыққан адамдарға айтылып отырған сөз ғой.
Переселен шиноуніктері алушы, қазақтар беруші.
Алушыға көп алғаны жағымды, берушіге аз бергені
жағымды. Қазақ әуелден осыны ойлау керек еді. Олар
өзіне жағымды жағын көздегенде қазақтар да өзіне
жағымды жағын көздеу тиіс. Құр пәленше пәлен етіп
жатыр деген дақпыртқа жүгірмей, істің түбінен ойлау
керек. Көшпелі һәм отырықшы норма турасында біз-
дің естіген, білгеніміз осы. Ендігісін өздерің білесің-
дер. Отырықшы нормамен күн көрерлік болсын, болма-
сын отандас орыстарымызға қарасалық десеңдер,
отырықшы нормамен алып, жерлеріңді орысқа көбірек
қалдырыңдар. Жоқ оны алып күн көре алмаспыз
десеңдер, көшпелі нормасын алыңдар. Берушіге бес
көп, алушыға алты аз. Жағымдысын ойлаңдар.
Біздің мұнан соң айтатынымыз, қазақтың бас
адамдары! Әуелі сіздер адаспаңыздар. Адаспас үшін
ақылдасып, ойланып, ынтымақпен іс етіңдер.
Екінші қазақтың байлары, күштілері! Жарлы-
жақыбай, нашарларыңды жермен теңгеріңіздер. Бір-
асуға да болса құлдық дейтіндер көбінесе солардан
болады. Үшінші, алашқа аты шыққан адамдар!
Көсемдіктеріңді адаспай, түзу істеңдер. Сендер адас-
саңдар, аттарыңмен Алаш адасады. Арттарыңнан
ергендердің обал-сауабына сіздер қаласыздар.
«Қазақ» газеті, №20. 29 иуін 1913.
261
Достарыңызбен бөлісу: |