Екіөлшемді массив.
Екіөлшемді массивті кесте түрінде енгізуге болады. Кестенің әрбір элементінің екі индексі болады, олардың мәні элементтің орнын көрсетеді.
Математикада квадрат және тіктөртбұрышты кестені матрица деп атайды. Бірінші индекс — жол нөмірі, тек келесі жолға ауысқанда ғана өзгереді; екінші индекс – баған нөмірі. m жолдан және n бағаннан тұратын кестені m*n өлшемді кесте деп атайды.
Екіөлшемді массивтің сипатталуы
Жол бойынша толтыру:
FOR i:=1 to 3 DO {жол нөмірі өзгеретін сыртқы цикл}
FOR j:=1 to 4 DO {баған нөмірі өзгеретін ішкі цикл} Read (A[i,j]); {пернетақтадан енгізу}
Жол бойынша ауысу:
FOR i:=1 to m DO ßжол нөмірі өзгеретін сыртқы цикл
…
FOR j:=1 to n DO ßбаған нөмірі өзгеретін ішкі цикл
…
|
Баған бойынша ауысу:
FOR j:=1 to n DO ßбаған нөмірі өзгеретін сыртқы цикл
…
FOR i:=1 to m DO ß жол нөмірі өзгеретін ішкі цикл
|
Баған бойынша толтыру:
FOR j:=1 to 4 DO {баған нөмірі өзгеретін сыртқы цикл}
FOR i:=1 to 3 DO {жол нөмірі өзгеретін ішкі цикл}
Read (A[i,j]); {пернетақтадан енгізу}
Массивтің элементтерінің қосындысы.
…
S:=0;
FOR i:=1 to 3 DO
FOR j:=1 to 4 DO
S:=S+A[i,j];
Әр жол және әр баған элементтерінің қосындысын есептеу.
Бірөлшемді массив элементтерінің қосындысын есептейтін негізгі алгоритмді қолданамыз және жолдар қанша болса сонша рет қайталаймыз.
Program М1;
Var a: array[1..3,1..4] of integer; i, j, S: integer;
Begin
For i:=1 to 3 do
For j:=1 to 4 do
read(a[i,j]);
FOR i:=1 to 3 DO begin
S:=0;
FOR j:=1 to 4 DO
S:=S+A[i,j];
WRITELN(I,’ жол қосындысы= ’ , S);
End;
Readln;
End.
КВАДРАТ МАТРИЦА
Жолдар саны мен бағандар саны сәйкес келетін екіөлшемді массивті квадрат матрица деп атайды.
Мысалы:
Var A: array [1..4,1..4] of integer;
{Массивтің барлық элементтері бүтін сандар}
Бас диагональ: элементтері a[1,1], a[2,2], a[3,3], a[4,4] (бас диагональда орналасқан элементтерінің индекстері (i=j));
Бас диагональ үстінде орналасқан элементтер үшін i қатынасы орындалады.
Бас диагональ астында орналасқан элементтер үшін i>j қатынасы орындалады.
Жанама диагональ элементтері А[4,1], A[3,2], A[2,3], A[1,4] (жанама диагональда орналасқан элементтерінің индекстері i+j=4+1 à жалпы түрде i+j=n+1).
i+j< n+1– элементтері жанама диоганалінің үстінде орналасқан;
i+j> n+1– элементтері жанама диоганалінің астында орналасқан;
Достарыңызбен бөлісу: |