Экология и естественные науки



Pdf көрінісі
бет6/36
Дата03.03.2017
өлшемі52,23 Mb.
#6001
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

Әдебиеттер тізімі 
1.  Кирпичникова  Т.В.  Оценка  эффективности  затрат  строительных  организаций  на 
обеспечение  качества  строительной  продукции  –  Экономика  строительства.-  2001. 
№4 (507). С.52-58. 
2.  Дикман  Л.Г.  Организация  жилищно-гражданского  строительства:  Справочник 
строителя. - М.: Стройиздат, 1990.- С.78-85 
3. О.Сәбден “Бәсекелестік экономика” -Алматы : Ақиқат, 2007 жыл.-С.47-51 
Резюме 
В этой статье рассматриваются проблемы жилищного-коммунального рынка
улучшения жилищно-коммунальной услуги, стадии формирования жилищного рынка 
и конкурентноспособность строительных организаций. 
Summary 
This  article  discusses  the  problems  of  housing  and  communal  services  market, 
housing  and  communal  services,  the  stage  of  formation  of  the  housing  market and  the 
competitiveness of the construction organization. 
 
 
ӘОК 330.3 (7) 
Қ.Ә. Әділханова, А.Ж. Мукашева 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
КӘСӘПКЕРЛІКТЕГІ ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ   ЖҮЙЕСІ 
 
Аңдатпа 
Бұл  мақалада  инновациялық  белсенділікті  көтеру  мәселелері,  жаңа  өнімнің 
өндірістік  циклы  туралы,  техникалық  дайындық  кезеңдері  туралы,  инновациялық 
жоба ерекшелігі туралы айтылады.  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

53
 ~ 
 
Негізгі  сөздер:  инновациялық  белсенділік,  техникалық  дайындық, 
инновациялық жоба. 
 
Дүниежүзілік экономиканың жахандану процесінің күннен-күнге күшейіп, әрбір 
өркениетті  мемлекет  осы  саладағы  өзіне  лайықты  орнын  табу  үшін  жанталаса 
арпалысуда.  Қазіргі  уақытта  ішкі  жалпы  өнімнің  9-10  пайыздық  жылдық  өсімі 
негізінен  өңделмеген  мұнай  мен  газ  өнімдері  және  т.б.  табиғи  байлықтарын 
құрайды. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 
елімізді  маңызы  өте  зор,  күрделі  бәсекелестікке  қабілетті,  жан  –  жақты  дамыған, 
дүниежүзінің  өркениетті  50  елі  қатарына  қосылу  міндетін  қойып  отырғандығы 
кездейсоқтық емес.   
Біздің ойымызша, бүгінгі күнде басты мақсат тек қана өндірісті жандандыруға 
бағытталып  қоймай,  өндіріс  мекемелерінің  инновациялық  белсенділігін  көтеруге, 
өндіріске  принципиалды  жаңа  технологияларды  ендіруге,  сол  арқылы  қолдағы  бар 
ресурстарды тиімді пайдалануға аз шығын шығарып, сапалы әрі мол өнім өндіруге, 
өнімнің өзіндік құнын арзандатып, еңбек өнімділігін арттыруға да бағытталуы тиіс.  
Көпшілік  өнімнің  басты  белгісі  оның  белгілі  уақыт  аралығында  ғана 
сұранысқа  ие  болуы.  Кез  келген  өндірістік  кәсіпорын  өз  өнімінің  нарықтың  қай 
кезеңінде өтімділікке ие болатынын және оның ұзақтығына қандай факторлар әсер 
ететінін  білу  қажет.  Өнім  нарыққа  көңіл  аудару,  пайдалану  немесе  тұтыну  үшін 
ұсынылатын  және  мұқтаждықтарды  қанағаттандыратын  барлық  іс-әрекеттер.  Өнім 
бiрлiгi дегеніміз түрі, құны, шамасы және тағы басқаларды сипаттайтын бірлік.  
Дайын  өнімді  алудың  барлық  стадияларының жиынтығы  өндірістік  үдерістің 
құрылымын  қалыптастырады,  ал  шикізатты  өндірістік  үдеріске жібергеннен  бастап, 
дайын өнім алғанға дейіңгі кезең өнімнің өмірлік циклы деп аталады. Өнімнің өмірлік 
цикл    тұжырымдамасын  американдық  ғалым  Теодор  Левитт  1965  жылы  әзірлеген 
болатын.Тауардың    нарықта    өмір    сүру    кезеңдерін    сипаттайтын  өзіндік  өмірлік 
циклі  болады.  Тауар  ерте  ме,  кеш  пе,  жетілген    немесе    қымбат  емес  басқа 
тауардың нарыққа   келуіне  байланысты  нарықтан шығады.Тауардың өмірлік циклы 
өнімге    деген  нарықтағы  сұранысты,  фирма    табысын,  тауар    құрамын,  нарық 
сегментін,  бәсекелестердің  іс-қимылын  және  оның  әр    кезеңдегі    маркетингтің 
стратегиясын зерттеуге мүмкіндік береді.  
Өнімнің өмірлік цикл кезеңдері бойынша бөлінуі: 
1.  Қалыптасуы-  инновациялық  идеялардың  қалыптасуы,  маркетингтік 
зерттеулер және нарықты дайындау, идеяны патенттік бағалау, зерттеулер жүргізу, 
инвестициялық  қажеттіліктерді  және  қаржылық  мүмкіндіктерді  бағалау,  өндірісті 
дайындауды және өнім өткізуді жоспарлау; 
 2.  Меңгеру  -  өндіріске  конструкторлық  дайындық  жүргізу,  өндіріске 
технологиялық  дайындық  жүргізу,  өндірісті  жобалауды  ұйымдастыру,  өндірісті 
ұйымдастыру-жоспарлы  дайындау,  инновациялық  өнімнің  бастапқы  тапсырмасы, 
өнім өтімділігін дайындау; 
3.  Өсу  -  өндірістік  қуаттылықты  арттыру,  өнім  өтімділігін  арттыру,  жаңа 
нарықтарды  меңгеру,  жабдықтаушылардың  тұрақты  желісін  қалыптастыру,  өндіріс 
технологиясы  мен  ұйымдастырылу  жағдайларын  жетілдіру,  қызмет  көрсетушілер 
санын арттыру және жұмыс орнының мамандандырылу деңгейін жетілдіру; 
4. 
Нарықты 
толықтай 
қамтуы- 
жабдықтаушлардың 
тұрақтылығы, 
инновациялық  өнімнің  жетілуі,  жаңа  нарықтарды  іздестіру,  қосымша  зерттеулерді 
жүргізу,  инновациялық  идеялардың  жаңа  салаларын  іздестіру,  өнімнің  кәсіпкерлік 
концепциясын жетілдіру; 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

54
 ~ 
 
5.  Ескіруі  -  өндірістік  базаны  жетілдіру,  өндірістік  инфрақұрылымды 
қысқарту, жұмысшылар санын қысқарту, қорлар ликвидациясы, меншікті ноу-хауды, 
лицензияны және патентті сату, өнімнің нарықтан кетуі.   
Нарыққа  бағытталған  өндірістік  менеджмент  жаңа  өнімді  жоспарлау 
барысында мынадай ақпараттармен қамтылуы қажет: 
1.Нарық, оның элементтері, даму жағдайы және қарқыны туралы; 
2.Бәсекелестері туралы, олардың потенциалы және даму жоспары туралы; 
3.  Тұтынушылар  туралы  олардың  өнімге  қоятын  талаптары  туралы  және  олардың 
сатып алу мүмкіндіктері туралы; 
Жаңа  өнімнің  инновациялық  идеясы  ең  алдымен  тұтынушының  қажеттілігін 
қанағаттандыру қажет.  
Тұтынушыларды  талдау  сатысы  жаңа  өнімнің  тұтынушылар  құндылықтары 
жүйесінде  жаңа  өнімге  деген  қажеттіліктің  орны  анықталады.  Өнімге  деген 
қажеттіліктің  сапалық  және  сандық  параметрлері  ескерілуі  қажет.  Бәсекелестерді 
талдау  және  нарықтағы  бәсекенің  жағдайы  жаңа  өнімге  деген  талаптар  денгейін 
қалыптастыруға  құрастыру  үрдісінде  алдын  ала  қарауға  мүмкіндік  береді. 
Инновациялық  өнімнің  бәсекелік  деңгейін  талдау  барысында  тек  қана  қазіргі 
жағдайды  емес,  сонымен  қатар  болашақта  өнімге  өзгерістер  еңгізуге  техникалық 
болжам жасау қажет.  
Бәсекелі  экономикада  бір  ғана  өнім  түрімен  нарықты  жаулап  алу  мүмкін 
емес.  Сондықтан  да  өнім  және тауар  құрамын  үнемі  жаңартып  отыру  қажет.  Жаңа 
өнімді  жобалауда  техникалық  дайындық  жүргізіледі.    Өндірісті  техникалық 
дайындауға  жаңа  өнім  түрін  өндіру  мен  жетілген  бұйымдардың  және  өндірістің 
ұйымдастыру    -  техникалық  деңгейін  арттыру  үшін  жүргізілген  жұмыстардың 
жиынтығын жатқызуға болады. 
 
Өндірісті  техникалық  дайындаудың  мазмұны  мен  міндеттері  кәсіпорынның 
экономикалық  және  әлеуметтік  даму  жоспарына  сай  анықталады.  Осыған  орай 
тапсырыс  беруші  сауда  орындарының,  тұтынушылардың  талабына  сәйкес  өндірісті 
техникалық тұрғыда ұйымдастыру үшін дайындық шаралары жүргізіледі. 
            Жаппай  өндірістік  кәсіпорындарында  өндіретін  өнімнің  көптігі,  өнім 
құрамының  кендігі  өндірісті техникалық  дайындауды  ұйымдастыруға  көптеп  шығын 
жұмсауды  қажет  етеді.  Жаңа  және  жетілген  өнімдер  өндіру  кезінде  өндірісті 
техникалық  дайындаумен  бірге  жаңа  құрал  –  жабдықтарды,  инновациялық 
технологияны,  материалдарды,  өндірісті  ұйымдастырудың  жаңа  түрлерін  игеру 
жөнінде дайындық жұмыстары жүргізіледі. 
 
Әдетте өндірісті техникалық дайындау үш кезеңнен тұрады: 
 Бірінші  кезеңде  жаңа  өнім  түрін  жасау  және  өндірісті  дайындау,  үлгіні 
әзірлеу және оның тәжірибе жүргізу арқылы үлгісін жасау, оны бекіту, құжаттарын 
дайындау,  бұйымды  суреттеу,  қолданылатын негізгі  және  қосымша  материалдарды 
ескере  отырып,  конструкциясын  жасау,  өнімді  өндіруге  қажетті  шикізат, 
материалдар,  жартылай  фабрикаттар  мен  фурнитура  беруші  жабдықтаушыларды 
анықтау  шаралары  жүргізіледі.  Осы  кезеңде  өнімді  дайындаудың  технологиялық 
сызбасы, технологиялық операциялардың тізбегі, жұмыс күшіне қажеттілік, олардың 
мамандылығын  анықтау,  құрал-  жабдықтарды  жөндеу  және  түзеу  тәрізді  көптеген 
жұмыстар атқарылады. 
Екінші  кезеңде  жаңа  және  әр  түрлі  өнімді  өндіруді  дайындау  және  игеру, 
ұйымдастыру – техникалық шараларды енгізу орындалады. Бұл жұмыстар негізінен 
тәжірибе цехтарында жүзеге асырылады. Өндірісті техникалық дайындаудың екінші 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

55
 ~ 
 
кезеңде  еңбек  өнімділігін  арттыруға,  өнім  сапасын  жақсарту  мен  материалдарды 
үнемдеуге барлық жағдай жасау жан – жақты қарастырылады. 
Үшінші кезеңде өнімнің жаңа және әр түрін өндеудің жалпы және сериялық 
әдістерін  бір  жүйеге  келтіру,  өндірістік  ағындарда  өндірістік  –  техникалық 
шешімдерді  пайдалану  сияқты  жұмыстар  атқарылады.  Жетілдірілген  ағынның 
тиімділігі  жұмыс  істеп  тұрған  ағынның    техника  –  экономикалық  көрсеткіштерімен 
салыстырылады.  Егер  қабылдаған  көрсеткіштер жүйесі    бойынша  бағалау нәтижесі 
берілген жағдайда келтірілген шығындардың ең аз шамасы қолданылады. 
Инновациялық  жоба  дегеніміз  -  бұл  ғылыми  зерттеу,  тәжірибелік 
конструкторлық,  өндірістік,  ұйымдық,  қаржылық  және  тағы  басқа  шаралардың 
жиынтығынан  тұратын  өзара  байланысты  мақсаттар  мен  бағдарламалар  жүйесі 
және олардың жетістіктері. Бұл жүйе жобалық құжаттама жиынтығына сәйкес келу 
керек  және  нақты  ғылымы  техникалық  мәселенің  тиімді  шешімін  қамтамасыз  ету 
қажет. 
Инновациялық жобаның негізгі элементтері: 

жобаның негізгі мәнін сипаттайтын мақсаттар мен міндеттер; 

инновациялық мәселені шешу бойынша және қойылған мақсаттарды жүзеге 
асыру  бойынша  және  қойылған  мақсаттарды  жүзеге  асыру  бойынша 
қолданатын жобалар; 

жобалық шаралардың орындалуын үйрену; 

жобаның негізгі көрсеткіштері (жеке тапсырмалар, тақырыпшалар, кезеңдер, 
шаралар  және  орындаушылар)  оның  ішінде  тиімділігін  сипаттайтын 
көрсеткіштер. 
Инновациялық жоба міндеттері: 

ғылыми техникалық дамудың нақты міндеттерді шешу жолдарын қарастыру; 

инновацияларды  басқаруда  жобаның  ғылыми  техникалық  дамудың  сандық 
нақты мақсат пен нәтижесінің; 

инновацияны  қалыптастыру,  меңгеру,  өндіру  және  тұтыну  үдерістерін 
үздіксіз басқару; 

жоба мақсатын жүзеге асыруының тиімді бағыттарын анықтау; 

инновациялық  жобаларды  жүзеге  асыруға  қажетті  ресурстарының  теңдігін 
қамтамасыз ету. 
Инновациялық жоба оның қатысушылары арқылы жүзеге асады. Жоба түріне 
байланысты оны бірнеше ұйым жүзеге асыра алады. Тапсырыс берушілер жобаның 
болашақтағы  иегері  және  оның  қолданушылары  болып  есептеледі.  Инвесторлар 
жобаға  қорға  салатын  заңды немесе  жеке  тұлға  кей  жағдайда тапсырыс  берушінің 
өзі  де  инвестор  болуы  мүмкін,  жеке  тұлға  болып  Қазақстан  Республикасының 
азаматы және шетел азаматы болып табылады.  
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

56
 ~ 
 
 
Сурет 3 - Инновациялық жобаның жіктелуі 
 
Инновациялық  жоба  келесі  кезеңдерді  қамтиды:  инновациялық  идеяның 
қалыптасуы  инновациялы  идеяның  пайда  болу  және  жобаның  генералдық 
мақсаттарының  қалыптасу  үдерісі  жобаны  жасақтау  жобаның  негізгі  мақсатына 
шешімдерді іздеу  және жобаны жүзеге асыру бойынша уақытының, ресурстарының 
және  орындаушылардың  өзара  тәуелділіктердің  қалыптасу  үрдісі  жобаның  жүзеге 
асырылуы  жоба  бойынша  алға  қойылған  мақсаттарға  сәйкес    жұмыстардың 
орындалу  үрдісі  жобаның  аяқталуы  соңғы  нәтижеге  қол  жеткізіп,  келісім  шартта 
тоқтату  үдерісі.  Мұнда  тапсырыс  беруші  күткен  нәтижені  қолына  алуға  тырысады. 
Осылайша жаңа жобаның өмірлік циклы аяқталады. 
  
Әрине,    өнімнің  қайталанбайтын  жаңа  түрімен  нарыққа  енуші  кәсіпорын 
бәсекелестік нарықта ерекше орынға ие болады, соның нәтижесінде бәсекелестерін 
нарықтан  ығыстырып  шығаруы  мүмкін.  Осы  кезеңде  тауардың  бағасы  өмірлік 
циклдың  басқа  сатыларына  қарағанда  өте  жоғары  болып,  оның  жаңалығының 
ерекшелігін  көрсетеді.  Табыс  төмендеп  кету  нәтижесінде  кәсіпорын  зиян  шегуі  де 
әбден мүмкін. 
Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты 
іске  асыруды  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  уәкілетті  мемлекеттік  орган 
арқылы  жүзеге  асырады.  Ғылым  және  ғылыми-техникалық  қызмет  саласында 
мемлекеттік  саясатты  үйлестіру  мен  іске  асуын  бақылауды  уәкілетті  мемлекеттік 
орган жүзеге асырады. Ғылым және ғылыми-техникалық қызметтің нақты саласында 
мемлекеттік  саясатты  жүргізуді  сәйкес  саланың  уәкілеттік  органдары  жүзеге 
асырады. 
Мемлекет 
ғылыми 
және 
ғылыми-техникалық 
қызметті 
Қазақстан 
Республикасының ішкі жалпы өнімінің (ІЖӨ) 1-%-дан кем емес өлшемде бюджеттік 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

57
 ~ 
 
қаржыландырылуын  (қорғаныс  пен  ұлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  жөніндегі 
зерттеулерге  арналған  шығыстардан  басқа)  қамтамасыз  етеді.  Ғылыми  және 
ғылыми-техникалық қызметті бюджеттік қаражат есебінен қамтамасыз ету мынадай 
бағыттарда жүзеге асырылады: 
1.  бюджеттік қаражатты тарту арқылы іргелі зерттеулер жүргізетін мемлекеттік 
ғылыми  ұйымдарды  тікелей  базалық  қаржыландыруға  сәйкес  ғылыми  және 
ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру;  
2.  қаржыландырылуы бюджеттік қаражатты тарту арқылы жүзеге асырылатын 
ғылыми  және  ғылыми-техникалық  бағдарламаларды  іске  асыру  үшін 
бағдарламалық-мақсатты  қаржыландыру  қағидатына  сәйкес  ғылыми  және 
ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру; 
3.  басым іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді, сондай-ақ тәжірибелік-
конструкторлық  және  тәжірибелік  технологиялық  әзірлемелерді  және 
инновациялық  жобаларды  жүзеге  асыру  үшін  гранттар  беру  жолымен 
ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру; 
4.  Бағдарламалық-мақсатты 
қағидатқа 
сәйкес 
ғылыми 
және 
ғылыми-
техникалық  қызметті  қаржыландыру  мемлекеттік  тапсырыс  туралы  заңнама 
нормаларының  қолданымынсыз  мемлекеттік  ғылыми  сараптаманы  міндетті 
түрде  жүргізу  арқылы  конкурстық негізде  ғылыми қызметкерлердің  ғылыми 
ұйымдар  мен  қоғамдық  бірлестіктерде  мемлекеттік  тапсырыстарын  кіргізуді 
айқындайды.  Мемлекеттік  ғылыми-техникалық  сараптама  жобаларды 
сараптаудың негізгі критерийі болып табылады. 
5.  Ғылыми 
және 
ғылыми-техникалық 
қызметті 
қаржыландырудың 
бағдарламалық-мақсатты  қағидатынын  сәйкес  жүзеге  асыру  тәртібін 
Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  Қаржыландырылуы  бюджет  қаражаты 
есебінен жүзеге асырылатын ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу, 
бекіту және іске асыру ережелерінде айқындайды.  
6.  Ғылыми  және  ғылыми-техникалық  қызметті  гранттар  беру  жолымен 
қаржыландыруды  ұйымдастыру  негізінде  жүзеге  асырылады.  Басым 
қолданбалы 
ғылыми 
зерттеулерді 
және 
бастамашылық 
сипаттағы 
тәжірибелік-конструкторлық  әзірлемелерді  дамыту  үшін  ғылыми  және 
ғылыми-техникалық  қызметті  гранттар  беру  жолымен  қаржыландыруды 
уәкілеттік органдар жүзеге асырады.  
Бәсекеге қабілетті болу үшін Қазақстанға әлемдік нарықтағы өз «қуысын», яғни 
жақын  болашақта  бәсекеге  жарай  алатын  өнеркәсіп  салаларын    таба  білу  әрі 
дамыта  алу    қажет.  Бүгінгі  заман  тауарларының  құндылығы  олардың  бойындағы 
озық ғылыми-техникалық жетістіктердің молдығымен ерекшеленетіндіктен, отандық 
өнімдердің 
бәсекеге 
қабілеттілігі 
Қазақстанның 
ғылыми-техникалық 
және 
инновациялық  даму  деңгейімен  өлшенеді.    Сонымен,  еліміздің  инновациялық 
әлеуетіне талдау жасай келе мынадай қорытынды жасауға болады:Индустриалдық-
инновациялық  стратегияның  1-кезеңі,  нақтылап  айтқанда  құқықтық-заңнамылық 
негіз  салу  және  оны  жетілдіру,  көптеген  инвестициялық  және  инновациялық 
жобаларды  жүзеге  асыру  екінші  кезеңнің  алғашқы  екі  жылында  күткен  үмітті 
ақтаған  жоқ.  Өндіріс  күштері  мен  өндіріс  қуаттарын  біртұтас  жоспарсыз    салу 
экономиканың  дисбаланс  пен  диспропорцияға,  қаржының  шашыраңқылығы  мен 
жетіспеушілігіне, маман жұмыс күшінің жетіспеушілігіне алып келуі әбден мүмкін.  
 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

58
 ~ 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Бердалиев  К.  Менеджмент:  Лекциялар  курсы.  – Алматы:  Экономика,  2005.  С.27-
31. 
2.  Анисимов  В.А.  Салық кодексі:  Салық төлеушілердің  құқықтары  мен  міндеттері. – 
Алматы.- 2002 ж. С.12-17. 
3. Кочетков А.И. Кәсіпкерлік қызметке салық салу. – М.: АҚ ДНС.- 1994ж.- С.16-17. 
4. Дәуренбекова Ә.Н. “Өндірісті ұйымдастыру”.- Алматы 2007 жыл.- С.56-60. 
 
Резюме 
  
В  этой  статье  рассматриваются  проблемы  инновационной  активности
производственный  цикл  нового  продукта,  стадии  технической  подготовки 
производства, особенности инновационного проекта.  
 
  Summary  
This article discusses the problems of innovation activity, the production cycle of 
the  new  product,  the  stage  of  technical  preparation  of  production,  especially  the 
innovative project. 
 
 
 
ӘОК 336.153.2 
В.Д. Жуманалиева, А.Д. Мукашева  
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті  
 
МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Аңдатпа 
Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджет мәселелері 
туралы,  бюджеттік  қарым-қатынастар  туралы,  бюджеттік  жүйенің  принциптері 
туралы  айтылады.  
Негізгі сөздер: мемлекеттік бюджет, бюджеттік қарым-қатынас, қаржылық 
жүйе, қазынашылық. 
 
Әрбір 
аймақтың 
тұрақты 
әлеуметтік 
– 
экономикалық 
дамуының 
экономикалық  өсуіне  бюджеттік  қатынастың  тиімді  жүйесінсіз  қол  жеткізу  мүмкін 
емес. Бұл мәселе жаңа мәселелердің қатарына жатпайды. Бұл мәселелердің шешілуі 
көптеген  факторларға  тәуелді:  аймақтың  экономикалық  потенциалы,  мүмкіндігі, 
тұрғындардың  интеллектуалдық  және  жастық  құрамы,  адамның  қажеттілігі  артып, 
сәйкесінше ресурстардың мүмкіндіктері азаяды. 
Экономикалық  қатынастар  жағдайында  жергілікті  басқару  органдарының 
қызмет  ету  саласы  кеңейе  түседі,  сондықтан  олар  әлеуметтік,  экономикалық, 
экологиялық,  демографиялық  мазмұндағы  мәселелерді  шешуде  өз  бетінше  әрекет 
ете 
алады. 
Жергілікті 
басқару 
органдарына 
мемлекеттің 
әлеуметтік 
бағдарламаларын,  мемлекеттік  қаржыны  тиімді  басқаруды,  бюджеттік  сала 
құрылымын  қайта  құру,  аумақтың  экономикалық  өркендеуі  үшін  қолайлы  шарттар 
қалыптастыру  сияқты  аса  маңызды  міндеттерді  жүзеге  асыру  жүктеледі.  Осы 
жағдайларды ескере отырып, Елбасы 2005 жылғы “Жаңа әлемдегі, жаңа Қазақстан” 
атты  Жолдауында  “Маңызды  әрі  көкейтесті  өмірлік  қағидаттарды  іске  асыру  үшін 
қазақстандықтарға:  отбасын  қамсыздандыру,  тұрғын  үй  иелену,  денсаулықты 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

59
 ~ 
 
нығайту,  зейнетақыға  жинақтаулар  қалыптастыру  жөнінде  барлық  қажетті 
жағдайларды туғызу болып табылады” делінген. 
Бүгінгі  күнгі  мемлекеттің  бюджеті  қаржылық  қарым  –  қатынастағы  әр  түрлі 
қатысушылардың  әлеуметтік  – экономикалық  мүдделерін  қалыптастыратын  күрделі 
және  көп  міндет  атқаратын  құрал.  Бюджет  арқылы  орталық  пен  аймақтар 
арасындағы  әлеуметтік  шығындар  мен  салық  бөлу,  еңбекақы  мен  кіріс  жөніндегі 
келісімге  (компромисс)  келеді,  бюджеттік  дотациялар  мен  трансферттер  бөлу 
арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. 
Ал  бюджет  экономикалық  құжат  ретінде  қоғамның  саясаттық  және  әлеуметтік 
дамуын көрсетеді.   
Бюджеттік жүйе – мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің маңызды құрамдық 
бөлігі  болып  табылады.  Бюджеттік  жүйе  экономикалық  категория  ретінде 
мемлекеттің  орталандырылған  ақша  қорын  –  бюджетті-қалыптасу  мен  пайдалану 
бойынша  заңды,  жеке  тұлғалар  мен  аймақтар  арасындағы  барлық  қаржылық 
қатынастар,  бюджеттік  қалыптасу  мен  атқарудың  әдіс  тәсілдері  және  сол 
қатынастарды  басқару  органдарымен  қатысты.  Басқаша  айтқанда,  барлық  
деңгейдегі  бюджеттер  мен  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  қоры  және 
экономикалық  қатынастар  мен  құқықтық  нормаларға  негізделген  бюджеттік 
қатынастар қосындысын жүйе деп түсіндіріледі. 
Қазақстан  Республикасының  бюджеттік  жүйесі  реформалау  кезеңінен  өтіп, 
мынадай кезеңдерді құрап отыр: 1992 – 1995, 1996 – 1999, 2000 – 2003 жылдар. 
1992  –  1995  жылдары  әлеуметтік  нарықтың  экономикаға  көшуі  басталды. 
Жаңа  құбылыстарға  байланысты  бюджеттік  жүйелер  және  мемлекеттік  қаржылық 
бақылау  жүйелері  енгізілген  құқықтық  негіздері  қалыптасты.  Республикалық  және 
жергілікті  бюджеттің  құқықтық  базасы  қалыптасып,  екінші  денгейлі  бюджеттік 
жүйенің қызметі анықталды.  
1996  –  1999  жылдары  қаржы  ресурстары  орталықтандырыла  бастады. 
Реформалау  процесінің  аяқталмауы  бюджетаралық  қатынастарды  жергілікті  қаржы 
дағдарысын  күшейте  бастады.  1996  жылы  Қазақстан  Республикасында  «Бюджеттік 
жүйе»  туралы  Заң  қабылданды.  Мұнда  жергілікті  бюджеттің  тәуелсіздігі  туралы 
айтты. Бұл  кезеңнің  негізгі  құбылысы  1997 жылы  қабылданған  «Қазақстан  -  2030» 
стратегиясы  болды.1999  жылы  сәуірінде  «Бюджеттік  жүйе  туралы»  жаңа  Заң 
қабылданды. Мемлекеттік табысты басқаруды жетілдіру мақсатында бюджет заңына 
мемлекеттік  қаржыны  басқару  туралы  өзгерістер  енгізілді.  Республикалық  және 
жергілікті  бюджет  арасындағы  бюджетаралық  қатынастар  «бюджеттік  бөлу» 
принципі  негізінде  құрыла  бастады.  Сол  кезде  жүргізілген  бюджеттік  реформалар 
қоғамның  өмір  сүру  саласының  барлығын  қамтыды,    мемлекеттік  билік 
органдарымен жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметке нақты талдау жасалды. 
2000  –  2003  жылдар  бюджет  шығысының  әділдігін  дәлелдеуге  бағытталған 
бюджеттік саясат шегінде тиімді бюджеттік жүйені қалыптасуы бойынша Қазақстан 
Республикасының бюджетаралық қатынастарында нақты шаралар жасалды. 
Қазақстан  нарықтық  экономикада  экономикалық  қатынастарды  дамытудың 
батыстық  үлгісін  таңдап  алды.  Алайда  кеңес  аралық  байланыстардың  бұзылуы, 
инфляцияның  көтерілуі,  жұмыссыздық  енді  ғана  аяғынан  тұра  бастаған  жас 
мемлекетке үлкен сынақ болды. 
Экономикалық  дағдарысты  тұрақтандыру  үшін,  елдегі  ақша  айналымын 
бақылау  мен  айналымдағы  есепті  қамтамасыз  ету  керек  еді.  Осы  кезде 
экономикалық  құрылымдарды,  оның  ішінде  мемлекеттік  қаржы  басқармасын 
реформалау қажеттіліктері туды. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

60
 ~ 
 
Осы  міндетті  мәселелерді  шешу  мақсатында  1994  жылы  Қаржы  министрлігі 
жанынан  Қазынашылық  бас  басқармасы  құрылды.  Бұл  қаржылық  жүйе  мен 
бюджеттік  мекемелердегі  бухалтерлік  есептің  әдістемесі  және  сонымен  бірге 
бюджеттік  басқарылу  функциясы  берілген  бюджеттің  атқарудағы  бірден  бір  ұйым. 
Сонымен  қатар,  министрліктерде,  ведомстваларда,  кәсіпорындар  мен  ұйымдарда 
мақсатты және мақсатсыз пайдаланылған  бюджеттік қаражаттарды тексеруге және 
сонда  фактілерді  айқындаған  кезінде  мақсатсыз  пайдаланған  қаражаттарды 
қайтарып алуға құзыретті болды. 
Сондықтан да қазына мен мемлекеттік бюджет тығыз байланыста.  
Бюджет 
құрылысында  басты  орынды  бюджет  жүйесі  алады,  ол 
экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер 
бюджеттерінің,  сонымен  бірге  бюджет  процесі  мен  қатынастарының  жиынтығын 
білдіреді.  Әр  түрлі  елдердің  бюджет  жүйелері  өзінің  құрылымы  мен  аумақтық 
құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады. 
Қазақстан  Республикасында  жиынтығында  мемлекеттік  бюджетті  құрайтын 
бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер жұмыс 
істейді: 

республикалық бюджет; 

облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астаның бюджеті; 

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті. 
Қазақстанда  төтенше  немесі  соғыс  жағдайында  төтенше  мемлекеттік 
бюджеттің әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін. 
             1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге 
ұшырады.  
 
Қазақстандағы  бюджеттік  жүйенің  принциптерінің  бірі  –  мемлекеттік 
басқарудың  барлық  деңгейлерінде  бюджеттік  процесстің  өздігінен  реттелуі. 
Бюджеттік  жүйенің  аталған  принципіне  сәйкес  біздің  елімізде  бюджет  деңгейлері 
құзіреттері  бекітілген  органдармен,  әкімшілікпен,  мәслихатпен  бекітіледі  және 
орындалады.  Ал  республикалық  деңгейде  үкімен  және  Парламентпен  бекітіліп, 
орындалады.  Осы  процестерді  жүзеге  асыруда  жергілікті  бюджеттің  өзін-өзі 
реттелуіне 
қатаң 
шектеулер 
байқалады. 
Мемлекеттік 
реттеу 
шегіндегі 
бюджетаралық  қатынастардың  негізгі  мақсаты  –  Қазақстанның  барлық  аймағында 
бюджет  құралдарымен  қамту  деңгейін  теңестіру.  Бұл  мақсатқа  қол  жеткізу  жеке 
аймақтардың немесе облыстардың  жағдайын қарастыруға және бюджет деңгейлері 
арасында табыстар мен шығындарды бөлуге негізделген орталықтан бағыну арқылы 
жүзеге  асырылады.  Бюджетаралық  қатынастарды  реттеудің  мұндай  механизміне 
республикалық  және  жергілікті  бюджетке  бекітілген  табыстар,  сонымен  қатар  
мемлекеттік қызметтің барлық бағыттары бойынша жұмсалатын шығындар жатады. 
Сондай-ақ  шығынның    бюджеттің  бір  деңгейінен  екіншісіне  берілуі  бюджет 
заңдылығына  өзгерістер  еңгізу  арқылы  немсе  толықтырулар  енгізу  арқылы  жүреді 
және облыстық маслихат бекітілген аймақта бюджеттің табыс және шығыс бөлігіне 
өз бетінше өзгерістер еңгізе алмайды. Бюджетаралық қатынастардың келесі кезеңі – 
төмен деңгейдегі бюджеттің әрекеттерін шектейтін мемлекеттік басқарудың әртүрлі 
деңгейлеріне  сәйкес  келетін    бюджеттерді  қарау  және  бекіту.    Республикалық 
бюджет  жобасы  Үкіметтің  қарауына  15  тамыздан  кешіктірілмей,  ал  Үкімен 
Парламентке 15 қыркүйектен кешіктірілмей, облыстық бюджет жобасы әкімшілікке 1 
қазаннан  кешіктірілмей,  облыстық  әкімшілік  мәслихатқа  15  қазаннан  кешіктірілмей 
аудандық  бюджет  жобасы  аудандық  әкімшілікке  15  қазаннан  кешіктірілмей,  аудан 
әкімшілігі  мәслихатқа  1  қарашадан  кешіктірілмей  ұсынылуы  қажет.  Аудандық 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

61
 ~ 
 
бюджет облыстық бюджет бекітілгеннен кейін 2 аптадан кешіктірілмей, ал соңғысы 
республикалық  бюджет  бекітілген  соң  екі  аптадан  кешіктірілмей  бекітіледі.  Бұдан 
шығатын  қорытынды:  облыстық  бюджеттер  республикалық  бюджетке  сонымен 
қатар  Парламент  және  Үкімет  бекітетін  нормативтік  құқтық  актілердің  нормалары 
мен  ережелеріне тәуелді  болады.  Бұл  жергілікті  бюджеттің  бекітілуі нақты  өмірден 
алыс екендігін көрсетеді. Мұндай кемшіліктердің алдын алу үшін:  
1.  бюджеттік  жоспралаужы  жүзеге  асыратын  орталық  орган  аймақтық  бөлімшемен 
біріге отырып, республикалық және облыстық бюджет жобаларын жасақтауы және 
Үкіметпен бекітуі тиіс; 
2.  үкімет  республикалық  бюджет  туралы  жобаны  қарастырады  және  облыстық 
бюджеттер жобасын сәйкес әкімшілікке бағыттай отырып бекітеді. 
         Мемлекеттік  басқару  деңгейлері  арасында  өкілеттік  шығыстың  шектеу 
нәтижесінде  олардың  функционалдық  жауапкершіліктері  өзгеруіне  байланысты 
Бюджеттік  кодексте  бюджетаралық  қатынастар  механизмі  және  сонымен  қатар 
қаржылық  қамтамасыз  етулік  мұқтаждықтары  қайта  қаралған.Осыған  байланысты 
биліктің барлық деңгейлері өздеріне жүктелген өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін 
толығымен  іске  асыру  үшін  олардың  әрбіреуі  бойынша  салықтық  және  салықтық 
емес  түсімдер  бекіту  қарастырылып,  бюджетаралық  қатынастарды  реттеудің  тиісті 
формалары анықталған. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет