Әдебиеттер тізімі
1.Договорное право. Договоры о передаче имущества (книга вторая). Статут. М.
2001 г. Брагинский М.И., Витрянский В.В. 6 стр.
2.Гражданский Кодекс Республики Казахстан (Особеннан часть). Комментарий.
Отв.ред К. О. Сулейменов. Ю. Г. Басин. А.: Жеті-Жарғы. 2000,-С. 206.
3.ҚР Азаматтық Кодексі. Алматы, Жеті жарғы. 1999 ж. 604 бап.
4.«Гражданское право» часть ІІ. Под.ред. А.П. Сергеева. Ю.К. Толстого. Москва.
1999 г .292 стр.
5.Г.А Жайлин. « Азаматтық құқық» (ерекше бөлім). Алматы. 2003ж.
6.Гражданский Кодекс Республики Казахстан (Особеннан часть). Комментарий.
Отв.ред. М. К- О. Сулейменов. Ю. Г. Басин. А.: Жеті-Жарғы. 2000,-С. 206.
Резюме
В данной статье рассматриваются проблемы понятие и общая
характеристика видов договоров пользования имуществом.
Summary
This article discusses the concept of the problem and a general characteristic of
the use of property contracts.
УДК 628.973.1
А.А. Ондасинова
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
ТУРИЗМДЕГІ ОРНАЛАСТЫРУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ІШІНДЕ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ҚОНАҚ
ҮЙ ХОСТЕЛЬ ТҮСІНІГІ МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ СИПАТЫ
Аңдатпа
Мақалада туризмдегі орналастыру құралдарының ішіндегі жастарға арналған
Хостельдің түсінігі, қызмет көрсету түрлері, халықаралық хостель ассоциациясы мен
жастардың дисконттық картасы туралы сөз қозғалады. Негізгі сөздер: хостель,
анимациялық сервис, тур база, дисконттық карта, рекреация, мотель.
Қонақ үйлерде және орналастыру қызметтерінде көрсетілетін сервистік
қызметтер өте қымбат. Қонақ үй мен сервистік қызметтің категориясы жоғары
болған сайын, орналасу қымбатқа соғады. Сондықтан туристер категориялардың
барлығы осы қызметтерді пайдалана алмайтынын білдіреді. Туристердің,
экскурсанттардың ең қозғалмалы болып табылатындар дәстүрлі түрде 25 жасқа
дейінгі жастар. Паадоксальды жағдай пайда болады: сервистік қызмет
(орналастыру, тамақтану, анимация) тұтынушыларының категориясы бар, яғни
оларға арзан, сонымен қатар демалу мен тұрудың ыңғайлы жағдайлары көрсетілген.
Осы мәселені шешу үшін Еуропада кең таралған жастар хостельдері мүмкіндік
туғызады.
Хостель – жатақхана түріндегі жастарға арналған арзан қонақ үй. Хостельде
бөлмелер әдетте 2...6 (кейде одан да көп) орынға есептелген. Егер де хостельдер
тек қана орналастыру қызметін орындамаса, сонымен қатар жастарға тегін немесе
шағын ақыға кешенді қызметті көрсететінін ескеретін болса, онда оның дамуыда
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
163
~
арта түседі. Хостельде әр түрлі елдерден, ұлттардан, этникалық топтардан келетін
жастардың, әдетте интенсивті қарым-қатынасқа әкелетініне назар аудару керек.
Яғни, бұл жастар арасындағы өзіндік қарым-қатынас процесінде пайда болатын
адамдық түсініспеушілікке және глобальды әлемде жаңа толерантты санаға және
мінез-құлыққа әкелуі мүмкін. Жастар хостелі жастардың материалды, білім және
әлеуметтік мәртебесіне қарамастан көбіне қолайлы орын болып табылады. Қазіргі
уақытта жастар хостелі туралы ақпараттар негізінде Интернет жүйесінде
көрсетілген. Бұл әбден заңды, өйткені жастар белсенді пайдаланатын интернет-
ресурстары, ақпарттардың ең негізгі қайнар көзі болып табылады.
Алғаш рет жастар хостелі XX ғасырдың басында Германияда пайда болғанын
ескеру қажет. 1901 жылы «Ұшқан құстар» (Wandervogel) жастар қоғамдастығы
пайда болды, оның мүшелері танымдық мақсатта ұзақ жаяу жорықтарымен
әуестенген. Саяхаттан басқа олар неміс фольклор, халық билерін зерттеп, және
олар үйден тыс ашық аспанда жиі түнеген. 1910 жылы осы қоғамдастықтың
бастамасы бойынша арнайы хостель ашылды, бұл жастардың орналасуы үшін ең
қарапайым және ең арзан орын болып есептелген. Хостельді жасау идеясы тез
таралды, және олар тек Германияда болған жоқ, сонымен қатар Нидерланды,
Швейцария және Еуропаның басқа елдерінде пайда болды. Бірінші Дүниежүзілік
соғыс хостельдің таралу процессін тоқтатты, бірақ 1930 жылы Англияда бірінші The
Youth Hostels Association – Y.H.A. хостельдер ұйымы құрылды.
Қазір әлемің 70 елінде шамамен 4,5 мың хостельдер жылына 30 млн –нан
жоғары түнеуді қарастырады. Танымалы және кең таралған экономикалық
орналастырулар көбіне Еуропада қолданады. Мұнда шамамен 3 мың хостельдер
жинақталған. Қазір көптеген елдерде ұлттық хостель-ұйымдары қызмет етеді.
Олардың барлығы Халықаралық хостельдер федерациясымен біріккен (The
International Youth Hostel Federation – IYHF). Ұйым осы класстың орналастыру
құралдары үшін стандартты орнатып, оқыту бағдарламаларын жетілдіреді. Хостель
орналастыруға ең қажеттілерін ұсынады. Олар жастарға арналған, бірақ жастық
жастан кеткен көптеген туристер хостельді қолданады. Мысалы, 2005 жылдың
тамыз айында шығарылған «Еуропаның қонақ үй және анимациялық сервистің»
авторы білім турының қатысушысы мен жетекшісі ретінде өзінің тәжірибесінде
осыған көз жетті. Шверин қаласының бейнелі экологиялық зонасында орналасқан
жастар хостелі біздің топқа келесі сервистік қызметтерді ұсынды: тұру, кешкі ас,
төсек орны, душ, таңғы ас, ауданның рекреациялық ресурстар туралы ақпараттар
беріледі.
Хостельдер бүкіл әлемде кең таралған, бірақ олар көбіне Еуропада танымалы,
өйткені мұнда қонақ үйлер қымбат. Жаз айында ірі қалаларда хостельдер саны
ұлғаяды, өйткені жаз «ұзын» туристік маусым болып саналады, хостельден
студенттік жатақхана орындары пайдаланылады. Хостельде орналасуды әр түрлі
жастағы турист ала алады. Бірақ бұл жерде Баварияда хостельде тұрудың жас
шектеулігі 26 жасқа дейін, ал Скандинавия елдерінде хостельде орналасу үшін
Халықаралық хостельдер федерациясының мүшелік картасы қажет болуы тиіс.
Халықаралық немесе ұлттық студенттік билет (жолдама) қолда болса, кез келген
хостельде қонақ үй қызметінің және тамақтану қызметінің бағасына үлкен жеңілдік
алуға болады. Хостельдер халықаралық ұйымда біріккен және кез келген ірі
еуропалық қалаларда және кейбір еуропалық емес елдерде бар.
Халықаралық – хостель ассоциациясы: The Youth Hostels Association –
Y.H.A. 1930 жылы құрылды. 1932 жылы Халықаралық хостельдер федерациясы The
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
164
~
Internatioal Youth Hostel Federation – IYHF құрылды, штаб-пәтері Англияда
орналасқан.
Жастар хостельдерінің қоғамдастығы – жас туристерді орташа бағамен қонақ
үйлерде, жатақхана мен турбазаларда орындармен қамтамасыздандыратын ұйым.
IYHF мақсаты жастардың сервистік қызмет көрсетудің сапалы стратегиясына жұмыс
жүргізу мен енгізу болып табылады, яғни өзіне әр түрлі елдердің хостельдердің
жұмыс тәжірибесін көрсетеді, бірақ сонымен қатар хостельдердің глобальді желінің
әр түрлігі мен уникалдығын сақтау үшін қонақтардың мәдени айырмашылығы мен
қажеттіліктерін назарға алар еді. 1934 жылы АҚШ-та Аmerican Youth Hostels
қоғамадастығы құрылды. Оның сипаттамасын Hostelling North Аmerica A Guide to
Hostels in Canada and the United States арнайы жолсілтемеден табуға болады.
IYHF–ң шамамен 400 хостельдері бір компьютерлік резервтеу жүйесінде
біріккен – International Booking Network (IBN). Егер хостель тұтынушылары
Membership Card IYHF картаның иесі болатын болса, олар қосымша мүмкіндіктерді
ала алады. Карта бағасы Халықаралық хостельдер федерациясымен белгіленеді.
Оны тек IYHF тіркелген агенттері тарата алады. Кейбір хостельдерде тұтынушыда
мүшелік карточканың болуы міндетті орналастыру шарты болып табылады, кейбір
объектілерде карточканы ұстаушыларға тұру үшін 10...15 % көлемінде жеңілдіктер
ұсынылады және «ұзын» маусымға приоритетті орналасуға кепіл беріледі. Жастарға
халықаралық студенттік және жастық карталарын International Student Idenity Card
(ISIC) және GO25 алу мүмкіндігі ұсынылады, бұлар әлемнің кез келген
аймақтарында саяхаттауға кең мүмкіндіктер береді. International Student Idenity Card
(ISIC) – халықаралық студенттік ұйымының төлқұжаты. Іспеттес төлқұжаттар тек
студенттерге емес, сонымен қатар 25 жасқа дейінгі жастарға беріледі -
International Youth Travel Card (GO25) және мұғалімдерге (туристік сапарларда
оқушылармен еріп жүрушілер) - International Teacher Idenity Card (ITIC).
Карталардың иелері хостельде орналасу мен тамақтануға, мұражайлар мен
аттракциондарға баруға, және де жолақы билеттеріне жеңілдіктер ала алады. ISIC
картасын қолданушыларға медициналық, қаржылық және де шетелде критикалық
жағдайлар кезінде басқа да көмектер көрсетіледі.
Халықаралық федерация 2..5 жұлдызды деңгейге сәйкес хостель-класстың
орналасу құралдарына түрлі категорияларды ерекшелейді. Адайда бұл бөлу
тәжірибеде сирек қолданады. Елдер қатарында хостелингтің ішкі ұлттық
стандарттары бар. Осылай Канадада 4 классты хостельдерді бөлуге болады –
superior, standard, basic (ұсынылатын қызметтердің санын бір бірінен ерекшелейді)
және supplemental accomodation, бұған хостельге уақытша жатақхана, қонақ үйлер,
мотельдер сәйкес келеді.
Жастар дисконттік картасы – сапалы сервисті қызметтерді алудың кепілі
Дүниежүзілік федерациялық жастар туристік одағының (FIYTO) жастар дисконттік
картасы (GO25) 1997 жылы халықаралық COUNTDOWN жүйесіне қосылды. Жастар
дисконттік картасы жастар арасында өте кең таралған, 26 жасқа дейінгі жастарға
әлемнің көптеген елдеріне саяхаттауға мүмкіндік беретін құжат ретінде ЮНЕСКО –
де ресми қабылданған. Картаны алу үшін фото, төлқұжаттағы іспеттес фото,
құжаттар болуы керек, және осы картаны алған күннен 1 жылға дейінгі мерзімге
алу үшін кез келген туристік фирмаларға бару керек. Карта кітапшасында оның
иеленушісіне жеңілдіктер мен қызметтер көрсетіледі, сонымен қатар әр түрлі
елдердегі жастар туристік агенттіктердің тізімі болады.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
165
~
Әдебиеттер тізімі
1. Александрова А.Ю Экономика и территориальная организация международного
туризма. Учеб пособие: М, изд-во МГУ-1996.
2. Александрова А.Ю. Международный туризм. Учеб для вузов: М-2001.
3. Папирян Г.А. Менеджмент в индустрии гостепримства,- М- Экономика 2000.
Резюме
В этой статье дана информация об истории развития и о способе обслуживания в
Хостеле.
Summary
There is information about history of development and way of service of the Hostel.
ӘОК 656.071.39
Э.М. Адиетова, З.С. Казангапова
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
БАСҚАРУШЫЛЫҚ ШЕШІМДЕРДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ЭКСПЕРТТІК ЖҮЙЕНІҢ
КЕЗЕҢДЕРІ
Аңдатпа
Бұл мақалада басқарушылық шешімдердің теориялық мазмұны, эксперттік
жүйелер, басқарушылық шешімдердің кезеңдері және ұйым қызметін атқарудағы
ролі туралы айтылады.
Негізгі сөздер: басқару қызметі, басқарушылық шешімдер технологиясы,
эксперттік жүйе, логикалық нәтижелер.
Басқару теориясы мен практикасының қазіргі дамуы басшы шешетін
өзгерістермен сипатталады. Сәйкесінше басқарушылық шешімдердің тиімділігіне
қатынасатын
талап
жоғарылайды.
Басқарушылық
шешімдердің
дұрыс
қабылданбауына бәсеке денгейінің көтерілуі, шаруашылық қызметтің белгісіздігі,
тәуекелділіктің өсуі секілді мәселелермен сипатталатын сыртқы ортаның
факторлары әсер етеді.
Басқару адамдардың кәсіптік қызметі. Сонымен қатар басқару дегеніміз –
бұл ұжымдағы адамдарға және жекелеген адамдарға олардың бірлескен жұмыс
процесінде мақсатты, жүйелі түрде ықпал етуі. Әртүрлі денгейде басқару
процесінің күрделігіне және алуан түрлілігіне қарамастан басқару процесіне
біршама жалпылама анықтама беруге болады. Басқару шешімінің маңызды талабы
- оның сапалылығы.
Мәселе дегеніміз – жүйенің қажетті үміт еткен және қолданылып жүрген
қалпының арасындағы сипатталатын жағдай. Жалпы әрекеттесетін жүйелерде
(басқарушы мен басқарылатын) шешім қабылдамаса да болады. Бірақ-та іс жүзіне
былай болуы мүмкін емес. Өйткені, өндірісте көптеген ауытқу, теріс ықпал ету
жағдайлары (ауа-райы жағдайы, техникалық ақаулар, еңбек тәртібінің нашарлығы
және т.б.) кездесетіндіктен оны түзету үшін шешім қабылдауға тура келеді. Басқару
шешімін қабылдауға жүйелік тұрғыдан қараудың пайда болған мәселелерді шешудің
жүйелілігін сақтаудың зор маңызы бар. Әрбір жаңа шешім алдыңғы шешімдерді
өрістету үшін қабылдануы, сонымен бірыңғай өндірістік міндеттерді кезең-кезеңімен
орындауды уақыт талабына сай қабылдауы тиіс. Күрделі өндірістік жағдайда, әсіресе
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
166
~
жұмыстың қауіпті кезінде, егер барлық факторларды ескеруге көп уақыт кететін
болса, онда шешім қабылдауды кешіктіріп, жұмыстың орындалуына кедергі
жасағаннан гөрі, ең дұрысы тәуекел еткен жөн. Мұның тек жедел шешімге ғана емес
басқа да шешімдерге қатысы бар. Басқару шешімінің саңызды талаптарының бірі –
мақсаткерлік шешім. Ұжымның мақсатын, басты міндеттерін білдіреді. Кез-келген
жұмысты тікелей орындаушыға берілетін тапсырмаларды айқындайды. Ірі
шаруашылық шешімдерді бірнеше мақсатта айқындалады. Кез-келген шаруашылық
шешімі әділ болуы, яғни шешімді қабылдаған кезде істің нақты жағдайы ескерілуі
тиіс. Басқару шешімі жан-жақты болады, яғни шаруашылық мәселелермен қоса
әлеуметтік мәселелерде шешіледі. Кез-келген шешім ол ауызша, мейлі жазбаша
болса да айқын дәлелді болуы, толық қамтылуы әрі кімге арналғаны дәл көрсетілуі
тиіс. Шешімде тапсырманың мәні, оның көлемі, мерзімі, жүзеге асыру әдісі, сондай-
ақ орындауға жауаптылар көрсетіледі.
Кәсіпорынның және персонал қызметін басқарудың
негізі
-
бұл
басшылардың, менеджерлердің, экономикалық (қаржы) операцияларын дайындау
және жүзеге асыру, сонымен қатар қойылған тапсырмаларды және мақсатқа
бағытталған қызметті жүзеге асыруды дайындау. Басшының шешімі экономикалық іс
әрекеттерді, оны жүзеге асыруға қажетті күш пен құрал, басқару жүйесін
ұйымдастыруға арналған шараларды бір толық мақсатқа біріктіреді. Ол
экономикадағы басқарудың негізі болып табылады.
Ал шешімнің негізі неден құралады? Экономикалық тапсырманы шешудің
негізі менеджменттің принциптері мен заңдылықтары, сонымен қатар тапсырманы
дұрыс ұғыну және жағдайды дұрыс бағалау құрайды .
Бүгінгі күнде барлық интеллектілік жүйенің ішінде негізгі орынды –
эксперттік жүйелер алады.
Эксперттік жүйенің негізгі орын алуы мына жағдайларға байланысты.
Эксперттік жүйе ЭЕТ қолдану үшін табылмайтын бұрын қалыптаспаған салаларда
кең мағыналы шешімдердің шешілуіне бағытталуы;
Эксперттік жүйе бағдарламалық білімді қажет етпейтін мамандармен біріге отырып,
мәселелерді шешуге бағытталған;
Эксперттік жүйені қолданатын маман осы салада қызмет ететін маманмен біріге
отырып, бір уақытта мәселені шеше алады.
Эксперттік жүйе деп аталуы аталуы мына екі себепке байланысты:
процеске қатысты ақпаратты эксперт ұсынады;
эксперттік жүйе эксперттер қалыптастыратын шешімдерді береді.
Д. Уотерменнің айтуы бойынша эксперт дегеніміз – (ағылшын тілінен
аударғанда – белгілі бір саланың маманы деген ұғымды білдіреді) білім алу және
тәжірибе алмасу нәтижесінде нақты мәліметтерге бағытталған мәселелерді тиімді
шеше білетін адам.
П.Джонның анықтамасы бойынша эксперт – бұл біздің қолымыздан
келмейтін мәселелерді шешетін адам. Эксперттер сенімді қызмет етеді. Эксперттер
өз мақсатына жету үшін әртүрлі білімді және тәсілдерді қолданады, мәселені түбінен
талдауға тырысады.
Бұл 2 анықтаманың негізі мынадай 2 көрсеткіштерге негізделеді: білім алу және
тәжірибе.
Қорыта айтқанда эксперттік жүйе дегеніміз – бірнеше кеңестерді біріге
отырып іс - әрекеттерді орындайтын бағдарламалық жүйе.
1 кесте - Эксперттік жүйенің қолданылу аялары
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
167
~
№
Эксперттік жүйенің қолданылу аялары
1.
Эксперттік жүйені жобалау
2.
Медициналық диагноз және емдеу бойынша кеңестер
3.
Міндеттерді шешу бойынша қолданушыға кеңес беру және көмек көрсету
4
Автоматикалық программалау, программамен қамсыздандырылуын тексеру және
талдау
5
Интегралдық сызбаларды жобалау
6
Құрал – жабдықтарды жөндеу бойынша ұсыныстарды жасақтау және техникалық
диагностика
7
Биология саласында ғылыми зерттеулерді жүргізу барысында берілгендерді
интеграциялау және экспериментті жоспарлау
8
Химияны ғылыми зерттеулермен қамтамасыз ету, байланыс синтезі бойынша
ұсыныстарды жасақтау
9
Электронды сызбаларды талдау синтездеу жобаны, технологиялық процестерді және
өнеркәсіптік өндірісті басқару
10
Саясаттағы және экономикадағы тәуекелділіктерді талдау
ЛП – лингвистикалық процестер; МБ – мәліметтер базасы; ЛНМ – логикалық нәтижелер механизмі; БА –
білім алу компаненті; ТК – түсіндіру компаненті; БК – білім компаненті; ЭЖ – эксперттік жүйе; БЖ –
білімге негізделген жүйе.
1 сызба - Эксперттік жүйенің құрылымы
Эксперттік жүйені көптеген белгілері бойынша жіктеуге болады. Күрделілік
деңгейі бойынша жоғары және төмен деңгейдегі эксперттік жүйе, байланыстылық
деңгейі бойынша байланысты және нашар байланысты, заттық мәні бойынша
статистикалық, динамикалық, нақты кезеңдегі эксперттік жүйе болып бөлінеді.
Эксперттік жүйенің қалыптастыру кезеңі аз уақыттан тұрмайды. Эксперттік жүйені
жасақтау масштабы арнайы құрал – жабдықтардың қалыптасуын қарастырады.
Эксперттік жүйенің жасақтау кезеңдері бойынша топталуы Демонстрациялық
прототип – мұнда білім базасы 10-100 Ережені қамтиды;
Зерттеу прототипі – 200-500 Ережені қамтиды;
Іс-әрекет прототипі – 500-1000 Ережені қамтиды;
Өнеркәсіптік үлгі – 1000-1500 Ережені қамтиды;
Коммерциялық үлгі – 1500-3000 Ережені қамтиды.
Қолданушы
ББ
БК
ЛП
МБ
ЛНМ
Білім беру
инженері
ТК
БЖ
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
168
~
Эксперттік жүйені қалыптастыруда эксперттер білімін үлгілеу қиындық
тудырады. Білім үлгісі шығармашылық қасиетті қажет ететін қалыптаспайтын
процесс болып табылады. Эксперттік жүйені жасақтау бірнеше кезеңнен тұрады.
идентификация концептуализация қалыптастыру жүзеге асыру тестілеу
Эксперттік жүйеге қатысушылар ішінде негізгі орынды білім инженері алады.
Ол процесті бақылаушы болып табылады.
Егер мына жағдайлар жүзеге асса, онда эксперттік жүйе ақталған болып
есептеледі:
- міндеттердің шешілуі тиімді болса;
- адамның мәселелерді шешу тәжірибесі әртүрлі себептер бойынша жоғалады;
- эксперттер саны аз.
Нарықтық өзгермелі экономикада басқарушылық шешімді жүзеге асырудағы
эксперттік жүйенің алатын ролі ерекше.
Әдебиеттер тізімі
1. Семенов А. К., Жигалов В.Т. Управление кооперативным хозяйством. – М:
Экономика -2006 год- С.22-25
2. Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента – М: Дело, 2006 год-
С.87-92
3. Роберт Таунсенд. Секреты управления. -М: 2003 г.- С.5-7
4. Вернер Зигерт, Лючия Ланг. Руководитель без конфликтов. – М: Экономика, 2005
г. - С.22-23
5.Кабанов В.С. и др. Менеджмент: проблемы, программа и решения. – Ленинград,
2003 г. - С.28-30
Резюме
В этой статье рассматриваются теории управленческого решения,
экспертные системы, стадии управленческого решения и роль управленческого
решения в оказании услуг организации.
Summary
The resume: In this paper, we study management solutions, expert systems,
stage management solutions and the role of management solutions in service delivery
organization.
______________________________________________________________
талап
түсінік
құрылым
ереже
Білімнің
негізгі
аспектілері
н қалай
сипаттауға
болады
Шешу үшін
қандай
түсініктер
қажет
Білімді
ресми
түрде қалай
ұсынуға
болады
Білім
алуға
қандай
ережелер
қажет
Ережені
қалай
бекітуге
болады
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
169
~
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
______________________________________________________________
УДК 379.852:29
Э.Т. Исагалиева
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
ҚАЗАҚСТАНДА ДІНИ ТАҚЫРЫПТАҒЫ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ
Аңдатпа
Мақалада діни мақсаттағы туризм географиясының нақты белгіленген
шектеулері, әлемдегі қажылықтың макроаймағы, адамдардың діни әулие орындарға
сапарға шығуы және діни ескерткіштер, тарихи және мәдени орындар туралы сөз
қозғалады.
Достарыңызбен бөлісу: |