Экология и естественные науки



Pdf көрінісі
бет24/36
Дата03.03.2017
өлшемі52,23 Mb.
#6001
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36

Список литературы 
1. Ш.Қ. Сәтбаева – 80 жаста: Еске алуға арналған мақалалар. – Алматы: ИД «Жибек 
жолы», 2012. – 200 с. 
2. Советский роман. Новаторство. Поэтика. Типология. - М.: Наука, 1978.  
3.  Ахметов  З.А.  Современное  развитие  и  традиции  казахской  литературы.  –  Алма-
Ата: Наука, 1978. – 328 с.   
4. Нургалиев Р. Книга о русских писателях Казахстана // Казахстанская правда. 22 
июля 1992 г. – С.3.  
5.  Черноголовина  Г.В.  //  Творчество  русских  писателей  Казахстана.  –  Алма-Ата: 
Ғылым, 1992. – С.265-289. 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

202
 ~ 
 
ӘОК 342.1  
Ф.И. Рыскалиева  
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ТЕҢДІГІ 
 
Аңдатпа 
Бүгінде қоғамдағы әйелдердің саясат пен билікке, кәсіпкерлік пен қоғамдық 
өмірге  араласуы  өзекті  тақырыптардың  біріне  айналды.  Қазақстанда әйелдердің іс-
керлігі,көшбасшылық  танымалдығы  артып  келеді.  Әйелдер  атқармайтын  жұмыс 
қалмады  деуге  болады.  Олар  билікте  де,  заң  шығарушы  органда  да  өздерінің осал 
еместігін байқатып жүр. 
 
Негізгі сөздер
гендерлік саясат, теңдік, қоғамдағы әйел 
 
Бүкіл    әлемде    тарихи  қалыптасқан    еркектердің    әйелдерден  басымдығы 
өзгеріске  ұшырауда.  Дамушы  елдерде  өздерінің  құқы  және  мүмкіндіктері  бойынша 
әйелдер  толық  түрде  еркектерментеңесіп  үлгерді.  Гендерлік  теңдік  идеясы  бірінші 
рет  «әйелдердің  дамуы»  атты  БҰҰ  Бағдарламасында  бекітілді.  Мұнда  әйелдер– 
адамзаттың  пайдаланылмаған  ресурсы  дегенді  негізге  алады.  Ал,  олар  әлемдік 
қауымдастық  экономикалық    өрістеуіне  өз  үлестерін  қоса  алатындықтарын 
дәлелдеді. 
Гендерлік  саясаттың  негізгі  қағидаттары  Қазақстан  Республикасының 
Конституциясымен  кепілдік  берілген  әйелдер  мен  ерлердің  тең  құқығы  мен 
еркіндігін белгілейді. Қазақстандағы гендерлiк саясаттың мiндеттерiне әйелдер мен 
ерлердiң 
билiк 
құрылымдарында 
теңдестiрiлген 
қатысуына 
қолжеткiзу,экономикалық тәуелсiздiктiң барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасызету,өз 
бизнесiн  дамыту  және  қызмет  бабында  iлгерiлеу,отбасында  құқықтар  мен 
мiндеттердi  тең  жүзеге  асыру  үшiн  жағдайлар  жасау,  жыныстық  белгiсi  бойынша 
зорлықтан еркiн болу жатқызылады.  
Сонымен,гендер  дегенміз – бұл ерлер мен әйелдердiң мiнез-құлқын, сондай-
ақ олардың арасындағы әлеуметтiк өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың 
әлеуметтiк    және  мәдени  нормалары  мен  рөлдерiнiң  жиынтығы.  «Gender»  сөзi 
ағылшын  тiлiнен  аударғанда  жыныс  (еркек,  әйел)  дегендi  бiлдiредi.  Ал,  гендерлiк 
саясат – қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер  мен әйелдердiң теңдiгiне қол 
жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет. Гендер – бұл өте күрделі 
әлеуметтік – мәдени құрылым, яғни қоғам қалыптастыратын еркектер мен әйелдер 
арасындағы 
рөлдер, 
іс-әрекеттер, 
мінез-құлықтар, 
менталдық, 
сезімдік 
сипаттамалар. 
Осы  жүйенің  шеңберінде  гендер  ұғымы  еркектер  мен  әйелдер  арасындағы 
тұлғаралық байланысты, отбасындағы өзара іс - әрекетті ғана емес, қоғамның негізгі 
құрылымдары  салаларындағы  олардың  әлеуметтік  қатынастарын  анықтайтын 
әлеуметтік  байланыстардың  ұйымдасқан  үлгісі  болып  табылады.  Осылайша  гендер 
басқа да әлеуметтік – демографиялық және мәдени сипаттамаларымен (нәсіл, тап, 
жас)  қатар  әлеуметтік  жүйені  құрайтын  қоғамның  әлеуметтік  құрылымының  негізгі 
өлшемдерінің  бірі  болып  табылады.  Әйел  құқығын  қорғау  саласында  негізгі  осы 
заманғы  мәселелердің  бірі  әйелдерді  қоғам  өмірінде  екінші  кезектегі  орын  алатын 
теңсіз  құқықты  субьекті  ретінде  бағалайтын  қоғамдық  сананың  кертартпалығы 
болып табылады. Тіпті орталық мемлекеттік органдармен жұмыста да біз гендерлік 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

203
 ~ 
 
қағиданы  түсінбеушілік,  халықаралық  құқық  қорғау  стандарттарын  білмеушілікпен 
кездесеміз. 
«Гендер»  ұғымы  әйелдердің  билікке  ұмтылуы  емес,  оның  дәл  анықтауышы  – 
«әлеуметтік жыныс» десек дұрыс болар [1, 12б]. Демек, бұл жердегі әңгіменің өзегі 
тек әйелдердің мәселесінде ғана емес, олардың әлеуметтік рөлдерінде болып отыр. 
Ресейлік  зерттеуші  Е.С.Косых  өзінің  «Гендерный  подход  в  истории»  деп  аталатын 
еңбегінде  дұрыс  аңғарғанындай,  бұл  –  «әйелдер  немесе  еркектер  деп  бөлінбейтін 
өміріміздің  әлемдегі  көрінісі».  Басқаша  айтар  болсақ,  бұл  –  әлеуметтік  таңдаудың 
еркіндігі,  тең  құқық  пен  тең  мүмкіндіктерді  жүзеге  асыру  –  ал  ол  дегеніміздің,  өз 
кезегінде  еркектерге  де,  әйелдерге  де  қатысты.  Әйелдердің  осы  мәселеге 
байланысты  құқықтары  жиірек  тапталып  жататындықтан,  бұл  ұғым  көбінесе 
әйелдерге қатысты секілдікөрінеді. 
Гендер  тақырыбын  егжей-тегжейлі  зерттеп  жүрген  венгриялық  теоретик 
Андреа  Петоның еңбегінде «көп жағдайда  гендер санаты уақыт  өте  келе  жай  ғана 
әйел түсінігінің орнын басты, ал дұрысында ол метаконцепциялы болып табылады» 
деген пікір айтылады. 
 
Гендерді    осылайша  бұрмалап  қабылдау  бұрынғы  посткеңестік  елдерде, 
оның  ішінде  Қазақстанда  жиі  байқалады.    ХХ  ғасырдың    70-жылдарында    Батыста 
«гендер»  терминінің  қолданысқа  енуі  адам  табиғатындағы  биологиялық  әсерлерді 
еңсерудің,  сол  арқылы  оның  әлеуметтік  орнын  нықтау  қажеттілігінен  туындаған 
болатын.Гендер әлеуметтенудің, еңбек бөлінісінің және қоғамда қалыптасқан белгілі 
бір  мәдени  нормалар,  рөлдер,  теоротиптердің  белгілі  бір  жүйесі  арқылы 
қалыптасады.  Қоғамда  қабылданған  гендерлік  нормалар  белгілі  бір  тұрғыда 
адамдардың биологиялық жынысына қарай психологиялық сапасын, мүмкіндіктерін, 
іс-әрекетін, мамандығын анықтайды. 
Гендерлік  теңдік  –  бұл  әйелдер  мен  еркектер  арасындағы  ұқсастық  пен 
айырмашылықтарға  қоғамның  тең  беретін  бағасы.  Еркектер  мен  әйелдер 
арасындағы 
теңдіктің 
мәнін 
түсіну 
үшін 
ең 
алдымен  мынадай 
екі 
құрылымның  маңызы зор: 
1. Жыныстың әлеуметтік құрылымы (әйелдік және еркектік) 
2. Жыныстар арасындағы қарым - қатынас 
Саясат пен қоғамдық - саяси құрылым өмір жағдайын үйлестіруде басты орын 
алады.  Осылайша  екі  жыныстың  да  мәртебесінің  сақталуы  мен  өңделуіне  жағдай 
жасайды. 
Гендерлік  әділеттілік  –  бұл  әйелдер  мен  еркектерге  деген  бірдей  көзқарас, 
яғни  олардың  бірдей  позицияны  ұстауға  кедергі келтіретін  тарихи және  әлеуметтік 
себептерді  жоюға  бағытталған  арнайы  шараларды  жүзеге  асыру.  Сонымен  қатар,  
барлық әйелдер мен барлық еркектер бірдей емес, яғни, әлеуметтік стратификация 
әйелдер  социумының  ішінде  еркектер  мен  әйелдер  арасындағы  айырмашылыққа 
қарағанда  тереңдеу  болуы  мүмкін.  Көптеген  уақыттар  бойы  стратификацияны 
зерттеушілер  жыныстық  әртүрліліктің  рөлін  дұрыс  түсінбей  келді.  Авторлар  өз 
еңбектерінде  әйелдерді  тіпті  болмағандай  немесе  билік,  байлық,  атақ-даңққа 
бөленудегі  әйелдердің  рөлін  жоққа  шығарды.  Бірақ  гендер  стратификацияның  ең 
жарқын мысалы болып табылады. 
Мемлекет  басшысы  Н.Ә.Назарбаев:  «Тәуелсіз  Қазақстан  әйелдерінің  саяси 
және  экономикалық  мәртебесін  арттыру  –  уақыт  талабы,  бұл  мақсатқа  жету  менің 
ұдайы  назарымда»  деген  болатын  [2,  29б].  Президент  сөзінің  өмірдегі  көрінісі  – 
елімізде  өз  Жарлығымен  әйелдердің  жағдайын  жақсарту,  оларды  елдің  қоғамдық-

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

204
 ~ 
 
саяси  өміріне  белсене  араластыру  мақсатында  түрлі  бағдарламаларға  жол 
ашқандығы. 
Бүгінде қоғамдағы әйелдердің саясат пен билікке, кәсіпкерлік пен қоғамдық 
өмірге  араласуы  өзекті  тақырыптардың  біріне  айналды.  Қазақстанда әйелдердің іс-
керлігі,көшбасшылық  танымалдығы  артып  келеді.  Әйелдер  атқармайтын  жұмыс 
қалмады  деуге  болады.  Олар  билікте  де,  заң  шығарушы  органда  да  өздерінің осал 
еместігін байқатып жүр. 
Тәуелсіздік  алғаннан  кейін  қазақ  қоғамы  әйелдер  мәселесін  жаңа  заман 
талабына  орай  жаңаша  қырынан  көтере  бастады.  Еліміздің  қоғамдық-саяси  және 
әлеуметтік-экономикалық дамуына белсене араласып, демографиялық ахуалымызды 
жақсартуға  үлес  қосты.  Нәтижесінде  саяси,  қоғамдық  және  экономикалық 
жағдайлардың  ерекшелігі  ескеріле  отырып,  1998  жылы  ел  Президентінің  жанынан 
кеңес беру органы – Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. 
Сондай-ақ,  Ел  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  IV  әйелдер  форумында  берген 
тапсырмасы  бойынша  ҚР-сының  2006-2016  жылдарға  арналған  гендерлік  теңдік 
Стратегиясы дайындалып, Елбасының Жарлығымен бекітілді. Жарлықта әйелдердiң 
мемлекеттiк  органдар  мен  қоғамдық  бiрлестiктердiң  қызметiне  нақты қатысуы  үшiн 
жағдай  жасауды  қамтамасыз  ету  қажеттiгi  атап  көрсетiліп,  әйелдердiң  мемлекеттiк 
қызметке тұруына және сыртқы саяси қызметке қатысуына ерлермен тең мүмкiндiк 
қамтамасыз етiлген. Стратегияның мақсаты Конституциямен барлығымызға берілген 
тең  құқықтарды  ғана  емес,  сонымен  қатар,  әйелдер  мен  еркектердің  тең 
мүмкіндіктерін,  олардың  қоғаммен  өмірдің  барлық  салаларына  бірдей  қатысуын 
жүзегеасыру. 
             Қоғамда  әйелдердің  құқығына  нұқсан  келтіретін  жағдайлар  жиі  кездесіп 
тұрады.  Мәселен,  басқаны  айтпағанда,  жанұялық-тұрмыстық  қатынастардан 
туындаған  келеңсіз  жағдайларда  әйелдердің  құқығына  нұқсан  келтірілген,  яғни  ҚР 
ӘҚБтК-нің  79-1,  79-5  баптары  бойынша    сотта    әкімшілік  іс  қаралады,  құқық 
бұзушылықты жасаған, нәзік жандыларға құрмет көрсете алмаған азаматтар  сотта 
әділ жазасын алады. Алайда, елімізде әйелдер құқығына нұқсан келтіретін көптеген 
оқиғалардың болатындығы ащы да болса шындық. 
Елбасының  Жолдауында  көрсетілген  халық  санын  20  млн.  жеткізу 
мәселесінің  шешімін  табудың  тетігі  ретінде  үй  шаруасында  бала  тәрбиесімен  айна-
лысатын  әйелдердің  мәртебесі  қоғамдық  пайдалы  еңбек  деп  қабылдануы  туралы 
проблема  көтерілуде.  Бұл  әйел  қауымының  табиғи  миссиясы  –  тұтас  ұлттың 
тәрбиешісі болу деген ізгі ойдан туындап отырғаны белгілі. Осының барлығының түп 
мақсаты  –  қазақстандық  эгалитарлық  отбасының  ұлттық  моделін  қалыптастыруды 
негіздеу. 
Мемлекетіміз  қай  салада  болмасын  әлемдік  стандарттарға  сәйкес  даму 
жолын  таңдағанымен,  өз  менталитетін,  дәстүрін  сақтап  отыр  деп  сеніммен  айта 
аламыз.  «Біз  батыстық  позитивті  құндылықтарды  –  демократияны,  толерант-
тылықты, заңға, еңбекке, тұлғаға құрметті оң қабылдаймыз, бірақ батыстық үлгідегі 
елге айналуды мақсат етпейміз», деген Елбасының ұстанымы осыған саяды. 
Бүгінде  ел  экономикасының  дамуына  әйелдер  де  ер  азаматтармен  тең 
дәрежеде  атсалысуда.  Оған  дәлел  ретінде  мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес 
органдар  мен  ұжымдарды  тап-тұйнақтай  етіп  басқарып  жүрген  қыз-келіншектерді, 
денсаулық,  білім,  экономика,  мәдениет  саласының жілік-жілігін  шағып,  тізгінін түзу 
ұстап  жүрген  әйелдер  затын  айтуға  болады.  Олар  үйде  берекелі  ана,  сүйікті  жар 
болса, саясат пен билікте абыройлы басшы, шебер маман. Еліміздің қоғамдық-саяси 
өміріне белсене араласып, өзінің ой-пікірлерін білдіруге әркімнің де құқы бар. Бұдан 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

205
 ~ 
 
нәзік  жандылар  қауымы  да  тыс  қалмайды.  Бұл  күндері  Қазақстанда  саясатта  да, 
өзге  салаларда  да  іскерлігімен  танылып  жүрген  қыз-келіншектер  аз  емес.  Дәстүрлі 
өңдеу  қызметтерінің  орнын  ақпараттық-технологиялар  басатын  болса,  әйелдердің 
жұмыс  орны  қысқаруы  мүмкін.  Отбасының,  балаларының  игілігін  арттыру 
мақсатында әйел қауымы өзінің кәсіби біліктілік дағдыларын жетілдіруге тырысады. 
Тұрмыс  сапасы  әйел  еңбегінің  өнімділігіне  байланысты.  Сондықтан  әйелдер  үшін 
экономикалық тұрғыда ілгерілеудің дәл қазіргі қоғамда маңызы зор. 
Қазақ  қоғамы  әйел  мәртебесін  әрқашан  жоғары  қоя  білген.  Мысалға  әйгілі 
Мөңке  бидің  «Әйеліңмен  дос  бол,  үйіңнің  берекесі  кіреді»  деген  нақылын,  Әз-
Жәнібек  ханның  тұсындағы  Жиреншенің  Қарашаштың  қара  басын  қара  орманға 
балағанын, Қазыбек бидің «Аймалайтын анаң қымбат, мейірімді апаң қымбат» деген 
кесімді  сөзін  келтірсек  те  жеткілікті.  «Алашорда»  қозғалысының  қайраткерлері 
азаматтар  жынысына  қарамай  өз  құқығын  заңды  саяси  талаптар  арқылы  қорғауы 
мәселесін көтеріп, әйелдердің саяси құқығы ерлермен тең болуға тиісті деген қаулы 
қабылданғаны  тарихтан  белгілі.  Мұхтар  Әуезовтің  «Ел  боламын  десең,  бесігіңді 
түзе!» деген сөзі күні бүгінге дейін ұрпақ тәрбиелеуге үндейтін өзекті ұғымға, ұран 
сөзге  айналды.  Ғабит  Мүсіреповтің  «Мақтасақ  әйелді  мақтайық,  құрметтейік  те 
әйелді.  Әйел  –  ана,  барлық  қиындықты  жеңетін  сарқылмайтын  күш  емес  пе? 
Дүниеде әйелді құрметтеп, әйелді нұрға бөлейік те» деген асқақ рухты жолдары да 
сөзімізге дәлел [3, 44-45бб]. 
Бүкіл  әлемде  тарихи  қалыптасқан  еркектердің  әйелдерден  басымдығы 
өзгеріске ұшырауда. Дамушы елдерде өздерінің құқық және мүмкіндіктері бойынша 
әйелдер  толық  түрде  еркектермен  теңесіп  үлгерді.  Олар  әлемдік  қауымдастықтың 
экономикалық  өрістеуіне  өз үлестерін  қоса  алатындықтарын  дәлелдеді.  2000  жылы 
Бірлескен  Ұлттық  Ұйым  Декларациясына  дүниенің  көп  елдері  қол  қойып 
келісті.Декларацияда  адамзат  дамуының  негізгі  мақсаты  болып  табылатын  үшінші 
мыңжылдықтағы  еркектер  мен  әйелдердің  теңесуі,  әйелдердің  құқы  мен 
мүмкіндіктерін  кеңейтуі  жазылған.Қазақстан  тәуелсіздік  алған  жылдарында 
әйелдердің  заңды  мүдделерін  және  құқын  қорғау  аясында  нақты  процеске  қол 
жеткізді.  
Біздің елімізде гендерлік саясатты жүзеге асыру іс-шаралары оң нәтижелерді 
берді.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  атап  өтті:  «Гендерлік  теңдік, 
әйелдердің  экономикалық  және  саяси  өмірге  кеңінен  қатысуға  байланысты  біздің 
саясатымыз әлемдік қауымдастықтың жоғары бағасын алды» [4, 20б]. 
Республиканың  жұмыс  істейтін  нормативті-құқықтық   базасы  гендерлік 
гүлденудегі  азаматтық  ынта-жігер  мәнін  көрсетеді.  Ол  еліміздің  қоғамдық  және 
саяси  өміріне  әйелдердің  қатысуына  мол  мүмкіндіктер  туғызады.  Демократиялық 
мемлекет  құру  мақсатындағы  нақты  бағдарламаларды  әзірлеуге  көмектеседі. 
Батыстан  енген  «гендер»  ұғымы  екі  жынысты  көрсетеді.  Ал,  жыныстың  өзі 
биологиялық  және  әлеуметтік  болып  бөлінеді.  Міне,  гендер  дегенде,  біз 
биологиялық  емес,  әлеуметтік  жынысты  айтамыз.  Мұнда  әйел  еркектің  орнын 
басқысы  келмейді,  керісінше  өз  құқықтарын  қорғап,  білімі  мен  біліктілігіне, 
қабілетіне  қарай  қоғамның  дамуына,  экономиканың  алға  қарыштауына  өз  үлесін 
қосқысы келеді. Дана халқымыз «Әйел – ақ бесіктің иесі, туған жердің киесі» дейді. 
Әр  уақытта  да  дана  сөзге  жүгінген  еліміз  қазіргі  таңда  жоғары  нәтижелерге  қол 
жеткізіп, өркениетке қарыштап қадам басуда. 
 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

206
 ~ 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.Әміржанова  А.  Әйелдердің  қоғамдағы  қызметі  белсенді  іс-әрекеттерімен 
бағаланады. А.: «Жеті Жарғы», 1998.  
2.ЕлбасыНұрсұлтан 
Назарбаевтың 2006-2016 
жылдарға 
арналған 
гендерлік 
теңдік стратегиясы туралы Жарлығы, 8 Мамыр 2012.  
3.Алтынбекова  Г.А.  Қазақстан  қоғамын  демократияландырудағы  әйелдердің  саяси 
қатысуы.- А.,1999. 
4.Найзағараева  Е.  Әйелдердің  қоғамды  демократияландыру  процестеріне  қатысуы 
//Ақиқат -2002. 
Резюме 
Понятие  гендерная  политика  зарадилось  в  стране  благодаря  Ассоциации 
деловых  женщин  Казахстана. 
Гендерная  политика  —  государственная  и 
общественная  деятельность,  направленная  на  достижение  равенства  мужчин  и 
женщин во всех сферах жизнедеятельности общества.
 
 
Summary 
The  concept  of  gender  policy  originated  in  the side  due  to  association  business 
women of Kazakhstan. Gender policy - state and public activity aimed at achievement of 
equality of men and women in all spheres of society. 
 
 
УДК  37.02. 
 
Г.Ж. Муканова  
Атырауский государственный университет имени Х. Досмухамедова 
 
ОЛИМПИЙСКИЕ ИГРЫ ПО РУССКОМУ ЯЗЫКУ 
                                                          
Аннотация 
  В статье рассматривается один из видов учебного занятия, организуемого в 
виде  дидактической  игры,  предлагается  разработка    занятия  по  теме  «Спорт  в 
жизни человека». 
Ключевые  слова:  дидактическая  игра,  активное  обучение,  орфоэпия, 
орфография,рассуждение.      
 
 
Дидактические  игры  –  это  один  из  типов    занятий,  организуемых  в  виде 
учебных игр, реализующих ряд принципов игрового, активного обучения, является 
коллективной, 
целенаправленной 
 
деятельностью 
по 
имитационному 
моделированию  изучаемых  явлений.  В  познавательно-дидактических  играх 
создаются  ситуации,  характеризующиеся    включением  изучаемого    в  необычный 
игровой  контекст  (1,  115).  Соревнования,  аукционы,  викторины,  конкурсы  и  т.п. 
развивают  познавательный  интерес  к  предмету,    создают  положительные  эмоции, 
которые обеспечивают успешное протекание деятельности обучаемых.    
 
Типовая  программа  по  русскому  языку  (Астана,  2002)  в  корректировочном 
курсе  предусматривает  изучение  темы  «Спорт  в  жизни  человека».  Занятие  может 
быть  проведено  в  форме  игры-состязания  и  посвящено  одновременно  и  русскому 
языку, и олимпиаде. 
 
2012 год в спортивной жизни планеты был знаменателен тем, что в Лондоне 
были проведены ХХХ Летние Олимпийские игры. Национальная сборная Казахстана 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

207
 ~ 
 
достойно  выступила  на  Олимпиаде.  Ее  достижения  должны  стать  предметом 
разговора  на  занятии,  целями  которого  являются:    образовательные  1) 
продолжить  работу  по  развитию  языковой  компетенции  студентов;  2)  закрепить 
орфографическую зоркость; 
3) продолжить формирование умения передавать содержание текста; развивающие 
– 
1)  развивать  культуру  речи  студентов;2)  обучать  умению  связно  излагать  свои 
мысли  в  устной  форме;3)  содействовать  развитию  творческой  активности 
студентов;  воспитательные    –1)  воспитывать  чувство  гордости  за  спортивные 
достижения 
республики;2)  пропагандировать   
здоровый 
образ  жизни;3) 
воспитывать интерес и любовь к русскому языку. 
 
Объясняются правила игры. Группа делится на команды, каждой из которых 
вручается  пакет  с  заданиями.  Представляется  жюри  из  числа  студентов. 
Предлагаются следующие задания.  
Состязание «Допинг-контроль». 
 
Представители  каждой  из  групп  по  очереди  должны  прочитать  слова, 
поставить в них ударение в соответствии с нормами произношения. 
1.  Каталог, рукописный, начал, диалог, слалом. 
2.  Досуг, красивее, поняла, докрасна, фристайл 
3.  Договор, адресный,  звонит (телефон), адресат, гандбол 
4.  Ходатайство, гражданство, включат, завидно, биатлон. 
Состязание «Орфографический биатлон». 
В  заданиях  к  этому  соревнованию  даны  слова  с  пропущенными  словами. 
Участники по очереди (по одному от каждой команды) выходят и вставляют нужные 
буквы, объясняя свой выбор. 
1. И..ку..тво, ж..вопись, ко..екция, с..мфония, режи...ер. 
2. Ко..еспондент,  посв..щена, ..б.н.мент, б..бл.отека, ра..каз. 
3. Сув..р..н..тет, м..грация, объ..д..нить, р..туал, мл..коп..тающие 
4. Хо..кей, и…одром, праз.ник, учас..вовать в с..ревновании. 
Состязание «Фонетический слалом». 
Определить количество букв и звуков в слове. 
1.  Олимпиада 
2.  Чемпион 
3.  Здоровье 
4.  Физкультура 
Состязание «Языковедческий марафон». 
Прочитать  текст. Определить  тему и главную мысль. Подготовить  краткий 
пересказ текста 
 Текст 1. 
…Современное  олимпийское  летосчисление  ведется  с  1896  года,  но 
Олимпийские  игры  существуют  издавна.  В  Древней  Греции  28  веков  назад  в  776 
году  до  нашей  эры  стали  устраивать  состязания  атлетов  в  силе,  ловкости  и 
быстроте.  Самые  крупные  и  знаменитые  спортивные  состязания  в  городе Олимпии 
получили  название  Олимпийских  игр.  Олимпийские  игры  были  общегреческим 
праздником,  который  проводился  через  каждые  1417  дней,  то  есть  один  раз  в 
четыре года. 
 
Поначалу олимпийцы состязались только в скорости бега. Но со временем в 
программу олимпийских соревнований вошли также борьба, пентатлон (пятиборье, 
состоявшее  из  бега,  прыжков  в  длину,  метания  диска,  метания  копья  и  борьбы), 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

208
 ~ 
 
кулачный  бой,  гонки  на  колесницах.  На  олимпийских празднествах устраивались  и 
конкурсы  искусств:  поэты  читали  стихи  и  гимны,  сложенные  в  честь  Игр,  ораторы 
прославляли победителей. 
 
Текст 2. 
 
…Второе рождение Олимпийских игр произошло в конце 19-го века. В 1896 
году  в  Афинах  состоялись  крупнейшие  международные  спортивные  состязания, 
прообразом  которых  стали  античные  олимпиады.  С  тех  пор  раз  в  четыре  года 
проводятся Олимпийские игры. В программу современных Олимпийских игр входят 
наиболее массовые и популярные виды спорта. С 1924 года проводятся еще Зимние 
Олимпийские игры, которые называются Белыми олимпиадами. 
 
В  память  об  античных  олимпиадах  за  несколько  дней  до  открытия 
очередных  Игр  в  греческом  городе  Олимпии  стартует  факельная  эстафета. 
Зажженный факел начинает длительное путешествие к олимпийскому стадиону – на 
самолетах и поездах, автомобилях, мотоциклах и велосипедах. И вот факел в руках 
бегуна.  Спортсмен поднимается к  огромной  чаше  светильника,    установленного  на 
стадионе,  и  зажигает  олимпийский  огонь,  который  не  гаснет,  пока  продолжаются 
Игры. 
Олимпийские игры в наши дни стали настоящими праздниками спорта. В них 
принимают участие лучшие спортсмены большинства стран мира. 
 
Игры устаивались в городах Европы, Америки, Азии и Австралии. 
 
Текст 3. 
 
…Самым  ярким  событием  первых  олимпийских  игр,  которые  состоялись  в 
Афинах,  несомненно,  стал  марафонский  бег.  До  олимпийских  игр  в  Афинах  такой 
дистанции бега -  
около  сорока  километров  –  не  существовало  вовсе.  Ее  инициатором  стал  друг  и 
соратник  Пьера  де  Кубертена  Мишель  Бреаль.  Он  предложил  посвятить  эту 
дистанцию памяти афинского воина, который, согласно легенде, в 490 г. до нашей 
эры пробежал от города Марафона до Афин, чтобы рассказать о победе греков над 
во много раз превосходящим их войском персов. 
 
Старт необычному забегу Олимпийских игр 1896 года был дан в Марафоне. 
А  на  финише  на  мраморном  афинском  стадионе  семьдесят  тысяч  зрителей 
приветствовали  победителя  –  своего  соотечественника,  двадцатичетырехлетнего 
Спироса  Луиса.  Надо  заметить,  что  Луис  не  был  спортсменом  в  прямом  значении 
этого  слова.  Он  был  обычным  крестьянином  и  подрабатывал,  разнося  почт.  …Так 
или иначе олимпийские игры – достояние земной цивилизации – были возрождены. 
 
Текст 4. 
 
…Идея провести олимпийские игры возникла очень давно и уходит корнями 
в  древнегреческую  мифологию.  Полагают,  что  первые  олимпийские  игры  были 
проведены в 776 году до нашей эры и были посвящены богу Зевсу. Проходили они в 
почитаемом  греками  святилище  Олимпия,  которая  располагалось  на  западе 
Пелопоннесского  полуострова.  Из  древних  источников  до  нас  дошло  имя  первого 
участника  и  победителя  Олимпиады.  Это  был  атлет  Короибос  из  города  Элиды.  В 
Древней    Греции  участвовать  в  олимпийских  играх  могли  лишь  греки  по 
происхождению,  причем  только  свободные  граждане  и  исключительно  мужчины. 
Атлеты  соревновались  с  особым  упорством,  а  победители  игр  награждались 
лавровым венком или оливковой ветвью…  
Состязание «Финишная прямая» 
 
Предлагается  капитанам  команд  написать  краткое  сочинение-рассуждение 
на тему «Что дает человеку спорт?» 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

209
 ~ 
 
 
Остальные участвуют в состязании «Знаете ли вы?» 
Ответьте на вопросы: 
1.  Назовите девиз олимпийских игр («Быстрее, выше, сильнее»). 
2.  Что  означают  разноцветные  кольца  на  эмблеме  Олимпиады?  (  Пять 
переплетенных колец – пять континетов). 
3.  Что означает олимпийский огонь? ( Символ чистоты помыслов, дружба). 
4.  Назовите казахстанцев – чемпионов и призеров Олимпийских игр. 
5.  Как называются Зимние Олимпийские игры? 
            Подведение итогов. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет