Эволюция (лат. evolutіo – өрлеу, өркендеу), биологияда – тірі табиғаттың қайта айналып келмейтін және тура бағытталған тарихи дамуы. Эволюциялық ілім жасауда Чарльз Дарвинның еңбегі зор. Ол ашқан ең маңызды жаңалыққа дейін көптеген ғалымдардың еңбегі болды. Эволюциялық үдерістер зандылығы өте күрделі және ғалымдар күні бүгінге дейін толық анықтай алған жоқ. Алайда эволюцияның неге жүретіні бізге нақтылы белгілі.
Эволюция терминін алғашқы рет швейцарлық табиғаттанушы және философы Шарль Бонне 1762 жылы эмбриологияға арналған еңбектерінде пайдаланды. Эволюция құбылысы тіршілік деңгейлерінің барлық сатыларында (молекула деңгейден биосфералық деңгейге дейін) байқалып, үнемі құрылысы мен атқаратын қызметтерінде бұрын болмаған жаңа құрылымдар мен олардың жаңа қызметімен ерекшеленеді. Эволюцияның ең қарапайым деңгейі – мутациялық өзгерістер болып есептелінеді. Табиғи сұрыпталу кезінде мутация арқылы пайда болған жаңа белгілер мен қасиеттер организмдердің жаңа орта жағдайларына бейімделуіне жағдай жасайды. Ең алғашқы Эволюциялық процестер тіршіліктің популяция деңгейінде пайда болады. Бұл кезде организмдердің генотипі өзгереді.
Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады.
Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т.б. жағдайлардан адам денсаулығы бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс көрсетілмеуі де әсерін тигізеді.
Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар бірнеше топка бөлінеді.
1. Бұлшықет қимылдарының белсенділігі. Адамның барлык тіршілік әрекеті түрлі кимыл-козғалыстар жиынтығынан түрады. «Қозғалыс - тіршілік тірегі» деген ұғымда зор мән бар. Қозғалыс белсенділігі жұмыс істеу қабілетін арттырады, түрлі ауруларға қарсы тұруына көмектеседі.
Тынысалу мүшелерінің жұмысын жақсартып, жүрек бұлшықеттерін шынықтырады, зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Әсіресе спорт пен дене шынықтыру жаттығулары қозғалыс белсенділігін арттырады.
2. Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру. Бұлардың денсаулық үшін маңызы зор. Адам өмірінде еңбек басты орын алады. Еңбек ету арқылы адам өзіне қажетті жағдайларды жасап алады. Шектен тыс еңбек ету ағзаның қажуына әкеп соқтырады. Сондықтан да еңбек ету мен демалысты дұрыс үйлестіре білу қажет. Бұл адам ағзасындағы барлық мүшелердің жұмысын жақсартады. Адамның ұзақ өмір сүруіне де септігін тигізеді.
3. Дұрыс тамақтана білу. Дұрыс тамақтанудың нөтижесінде асқорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Адамның дұрыс өсіп дамуына, зат алмасу үдерістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды жөне т. б. Адамның ұзақ өмір сүруінде дұрыс тамақтана білудің рөлі зор. Көбіне көкөніс, жеміс-жидектерді пайдалану, тамақтану ережелерін мұқият сақтау. Майлы етті тағамдарды шектеп пайдалануды естен шығармау қажет. Дұрыс тамақтану адамның дене салмағының біркалыпта болуына жағдай жасайды. Артық салмақ аурудың пайда болуына әсер етеді. «Артык салмақ - аурудың белгісі» деген ұғым соны аңғартады. Адам денсаулығына халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері де жағымды әсер етеді. Мысалы, ораза ұстау - адам ағзасын қажетсіз заттардан тазартады. Балаларды сундетке отырғызу - терінің таза болуына септігін тигізеді. Намаз оку - тазалықты сақтап, буын қозғалыстарының белсенділігін арттырады. Әрбір адам өз денсаулығына қамқорлық жасап, үнемі көңіл бөліп отыруы тиіс. Ұзақ өмір сүрудің негізгі шарты - денсаулықты сақтау мен нығайту екенін естен шығармауымыз керек.
Адам денсаулығының басты үш көрсеткіші бар. Олар: біріншіден - адам ағзасының орта жағдайларына бейімделуінің жоғары дәрежеде болуы. Ол ағзадағы барлық мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің үйлесімді жұмыс аткаруы аркылы байқалады. Екіншіден - адамның психикалық көңіл күйінің калыпты дамуы арқылы айқындалады, ойлау, есте сактау, зейін, дарындылық және т. б. қабілеттіліктерді қоғамның қажетіне жұмсай білу. Үшіншіден - жеке тұлғаның қоғамдағы өз орнын білуімен, жауапкершілігін сезінумен айқындалады. Бұл адамдардың бірімен-бірінің қарым-қатынасы аркылы білінеді.
Дүниежүзілік денсаулық ұйымының шешімімен 7 сәуір «Бүкіләлемдік денсаулық сақтау күні» деп белгіленген. Біздің елімізде де адамдардың денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың Ұлттық орталығы» ұйымдастырылды.
Адамның денсаулығының төмендеи, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық.
Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50—52%-ы — өмір сүру салтына, 20-25%-ы — тұқым қуалау факторларына, 18—20%-ы — қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады.
Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксеиобиотиктер (грек тілінен аударғанда хеnos —бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар.
Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50—52%-ы — өмір сүру салтына, 20-25%-ы — тұқым қуалау факторларына, 18—20%-ы — қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады.
Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксеиобиотиктер (грек тілінен аударғанда хеnos —бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар.
Бейімделу механизмдері
Айырмашылыққа бейімделу үдерістеріне ыңғайлы болу үшін үш түрі бөлінеді: биологиялық, әлеуметтік және этникалық бейімделу.
Адамның биологиялық бейімделуі. Адамның эволюция жолымен туындаған ортасының жағдайына бейімделуі. Мұндай бейімделудің ерекшелігі ішкі органдардың немесе организмнің толық пайда болған қоршаған орта жағдайларына өзгеруі болып табылады. Бұл тұжырым денсаулық пен аурудың критерийлерін әзірлеуге негіз болды - осыған байланысты денсаулығы - орган денсаулығына барынша бейімделген жағдай. Егер бейімделу қабілеті азайса және бейімделу кезеңі кешіктірілсе, бұл ауру. Егер денесі бейімделе алмаса, онда ол дұрыс жұмыс істемейді.
Әлеуметтік бейімделу. Әлеуметтік психологиялық бейімделу өмірлік мақсаттарды жүзеге асыруға ықпал ететін белгілі бір жағдайларды білдіретін әлеуметтік ортаға бір немесе бірнеше адамды бейімдеуді қамтиды. Бұған оқу мен жұмысқа бейімделу, басқа адамдармен қарым-қатынасқа, мәдени ортаға, ойын-сауық және демалыс жағдайларына бейімделу кіреді. Адам өз өміріндегі ештеңені өзгертпестен немесе белсенді өмір салтын өзгерту арқылы пассивті түрде бейімделе алады (бұл сәтті жол екендігін дәлелдейді). Осыған байланысты, командамен шиеленісті қарым-қатынастан белгілі бір ортада оқуға немесе жұмыс істеуді қаламауға бейімделудің түрлі мәселелері болуы мүмкін.
Этникалық бейімделу. Бұл əлеуметтік бейімделу жиынтығы, ол этникалық топтарды қоныс аудару аймақтарының қоршаған ортасына бейімделуін қамтиды, бұл əлеуметтік жəне ауа райы жағдайына қатысты. Бұл лингвистикалық, саяси, экономикалық және басқа да салаларда айырмашылықтарды тудыратын бейімделудің ең ерекше түрі. Жұмысқа байланысты бейімделуді бөліп алыңыз, мысалы, Қазақстаннан келген адамдар Ресейде жұмыс істейді, тілі мен мәдениетіне бейімделу, ақылдылық. Бейімделудің әдеттегі жолы жиі байырғы халықтардың нәсілдік немесе нәсілдік көзқарастары мен әлеуметтік кемсітушілікке кедергі келтіреді.
Психологиялық бейімделу. Жеке қарым-қатынас саласында да, кәсіптік төлем қабілеттілігі саласында да жеке тұлғаны бағалауға мүмкіндік беретін ең маңызды әлеуметтік критерий болып табылатын психологиялық бейімделуді бөлек атап қажет.
Бейімделу реакцияның ұзақтығына байланысты бөлінеді: *Жедел механизмдер. Ағза функциясы реттелуінің нейрогуморальды және миогенді механизмдері. *Ұзақ уақытты механизмдер. Геоәлеуметтік биоритмдер. Арнайы және арнайы емес резистенттілікке тұрақтылығы. *Тұрақты механизмдер. Геофизикалық биоритмдер. Тұқым қуалайтын иммунитет. Инфекциядан арнайы емес қорғаныс.
Қоршаған ортаның өзгеруіне дайындық және тиісті психикалық бағалау адамға қиындықтарға дайын және оны жеңуге қабілетті сипаттайтын бейімделудің жоғары деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Сонымен қатар, бейімделудің негізі - бұл кішіпейілділік, жағдайды қабылдау және қорытынды жасау мүмкіндігі, сондай-ақ өзгертуге болмайтын жағдайға қатысты өз көзқарасын өзгерту мүмкіндігі.
Физиологиялық бейімделіс — әрекеттік жүйе, ағза, ткань белсенділігі мен өзара байланысын реттеуші механизмдердің, орнықты деңгейін айтады. Бұның мәні ортаның жаңаша жағдайларында организмнің сақталуына, дамуына, қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін әрекеттердің қайта құруына келіп тіреледі. Табиғи факторлар: ағзаға қоршаған орта температурасы, барометриялық қысым, ғарыштық сәулелену, су және оның құрамындағы заттар, геомагниттік өріс, фотопериодизм әсер етеді. Жыл мезгілі ағзаға әсер ететін толық факторлар комплексін өз қатарына қосады.