Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша Дәрістер



бет13/78
Дата11.10.2024
өлшемі3,47 Mb.
#147617
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   78
Байланысты:
Лекция-Экология и БЖЧ-1 (1)

Экожүйе және экожүйелер типтері. Экологияда «биогеоценоз» ұғымымен бірге «экожүйе» ұғымы қолданылады. «Экожүйе» ұғымын ағылшын ботанигі А.Д.Тенсли ұсынды. А.Д.Тенсли экожүйе құрамына организмдер де, абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі функциялық бірлігі деп есептеп, оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететініне назар аударды. Әдетте «экожүйе» және «биогеоценоз» ұғымдарын синоним ретінде қарастырады. Алайда бұл бір-біріне дәл сәйкес келмейді. Экожүйеде әртүрлі дәрежедегі зат алмасу процесі жүретін жүйе болса, биогеоценоз – белгілі бір өсімдіктер жамылғысы (фитоценоз) алып жатқан территориялық ұғым.
Биогеоценоз шекарасы көбіне түрлік құрылысы мен құрамы біртекті өсімдіктер жамылғысы қауымдастықтарымен анықталады. Биогеоценоз экожүйенің бір нұсқасы болып табылады. Алайда экожүйе мен биогеоценоз арасында айтарлықтай айырмашылық болғанымен, соңғы кезде «экожүйе» ұғымы кең қолданылады. Экожүйе – зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы.
Экожүйелер арасында биогеоценоздар арасындағы сияқты анық шекара жоқ, бір экожүйе біртіндеп екінші экожүйеге ауысады. Үлкен экожүйелер кіші экожүйелерден құралады. Мысалы, құмырсқа илеуі, томар, жануарлардың салған іні ішіндегі тіршілік ететін организмдерімен (микрожүйе) бірге орман экожүйелерінің (мезоэкожүйе) құрамына кіреді. Жер бетіндегі барлық экожүйелер атмосфера және Әлемдік мұхит арқылы байланысып – биосфераны түзеді.
Экожүйелердің құрамы көптеген факторларға, бірінші кезекте климатқа, геологиялық жағдайларға және адам әсеріне байланысты. Экожүйенің бірнеше түрлерін ажыратады:

  • микроэкожүйе (мысалы, шіріп жатқан ағаш діңі);

  • мезоэкожүйе (орман, көл, батпақ);

  • макроэкожүйе (континент, мұхит);

  • ғаламдық экожүйе (Жер биосфера).

Ю.Одум (1986 ж) табиғи экожүйелердің үш түрін бөледі: жер беті (тундра, тайга, дала, шөл т.б.), тұщы су (көлдер, өзендер, батпақтар) және теңіз (ашық мұхит, өзен құйылыстары) экожүйелері. Бұл классификацияның негізінде өзіне тән белгілері, мысалы, жер беті экожүйесі үшін – өсімдіктер жамылғысы, тұщы су экожүйелері үшін – судың физикалық қасиеті жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет