1) Қоршаған ортаға қауіпті заттардың шығарылуымен сипатталатын ТЖ: * АЭС-тердегі авариялар;
* Көлік авариялары салдарынан аймақтардың радиоактивті ластануы;
* Ядролық ғылыми-зерттеу орталықтарындағы құрылғыларда болатын авариялар салдарынан аймақтардың радиоактивті ластануы;
* Өндірістік ядролық сынақтар жүргізу салдарынан болатын қоршаған ортаға радиоактивті заттардың шектен тыс мөлшерде шығарылуы;
* Химиялық қауіпті нысандардағы қоршаған ортаға күшті әсер етуші улы заттардың бөлінуімен сипатталатын авариялар;
* Шекті мөлшерлемеден әлдеқайда артық концентрациялардағы бактерологиялық заттардың қоршаған ортаға шығуымен сипатталатын авариялар.
2) Жарылыс, өртпен және олардың салдарымен байланысты ТЖ: өрт және жарылыс:
• елді мекендердегі жарылыстар немесе өрт;
• Экономикалық объектілердегі жарылыстар немесе өрт;
• Көлік коммуникацияларындағы жарылыстар немесе өрт;
• Тұрғын үйлердегі жарылыстар немесе өрт.
3) Көлік коммуникацияларында пайда болатын ТЖ: (адам шығыны, аймақтың немесе судың мұнай өнімдерімен, әлде химиялық заттармен ластануы) • авиациялық апаттар;
• темір жол апаттары;
• су коммуникацияларындағы апаттар;
• құбырлардағы апаттар;
• энергия желілеріндегі немесе инженерлік желілердегі (су, жылу) апаттары.
4) Әскери-саяси сипаттағы ТЖ: • Байқаусызда белгісіз кемелерден зымыран-ядролық соққы немесе тасымалдаушыдан ядролық қарудың құлап, жарылуы;
• тасымалдаушыдан ядролық қарудың құлауы (жарылыс болуы да, болмауы да мүмкін);
• штабтарға, басқару пунктілеріне, байланыс тораптарына, әскери бөлімдер (АҚ) қоймаларына қарулы шабуыл жасау;
• қоғамға қарсы немесе ұлтшылдық топтардың қимыл-әрекеттерінің әсерінен туындаған толқулар, радио станцияларын, мемлекеттік және қоғамдық-саяси мекемелерді басып алуға талпыныстар.
5) Сұрапыл апаттармен байланысты ТЖ: • геологиялық сипаттағы СА (жер сілкінісі, вулкандар, сырғымалар, селдер, қар көшкіндері);
• метрологиялық сипаттағы СА (дауыл, боран, құйын);
• гидрологиялық сипаттағы СА (су тасқыны, өзендердегі мұз кептелістері, цунами);
• табиғи өрттер.