Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша Дәрістер


Азаматтық қорғанысқа басшылықты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жүзеге асырады



бет53/78
Дата11.10.2024
өлшемі3,47 Mb.
#147617
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   78
Байланысты:
Лекция-Экология и БЖЧ-1 (1)

Азаматтық қорғанысқа басшылықты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жүзеге асырады, ол лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс бастығы болып табылады. Орталық, жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдарда азаматтық қорғанысқа басшылықты олардың бiрiншi басшылары жүзеге асырады, олар (лауазымы бойынша) азаматтық қорғаныстың тиiстi бастықтары болып табылады. Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының бастығы мен Қазақстан Республикасы жергілікті атқару органының азаматтық қорғаныс мәселелері жөніндегі шешімдері республиканың бүкіл халқы мен барлық ұйымдарына орындалу үшін міндетті болып табылады. Бейбіт уақытта азаматтық қорғанысты басқару органдары төтенше жағдайлардан сақтандыру мен жою бойынша өз қызметін төтенше жағдайлар жөніндегі ведомстволық және аумақтық комиссиялармен өзара әрекеттестікте жүзеге асырады.
Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру, оның саладағы, ведомствоға бағынышты аумақтағы, ұйымдағы жай-күйі үшін тиісінше орталық және жергілікті атқару органдарының, ұйымдарының бірінші басшылары жауапкершілікте болады. Басқару пункттерінің дайындығы, азаматтық қорғаныс күштерінің, азаматтық қорғау қызметтерінің, азаматтық қорғаныстың материалдық-техникалық құралдарының дайындығы үшін бұлар олардың базасында құрылған орталық, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың басшылары жауапкершілікте болады
1.ТЖ салдарын ескерту мен жоюдың Мемлекеттік жүйесін негізгі міндеттерінің бірі кәсіпорын, ұйым, мекеме, сондай-ақ әлеуметтік нысандарының жұмыс істеу қалыбын арттыру мен ТЖ ескертуге бағытталған нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру болып табылады.
2.Шаруашалақ нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығы ретінде оның төтенше жағдайлардағы жоспарланған көлемдегі және номенклатурадағы өнімдерді шығаруға (тікелей материалдық құндылықты шығырмайтын нысандар үшін өз міндеттерін мақсатқа сәйкес орындалуы), авария (зақым- дану) жағдайында қысқа мерзімде өндірісті қалпына келтіруге қабілеттілігі түсініледі.
Төтенше жағдайларға шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығына мына факторлар әсер етеді:

  • жұмысшылар мен қызметшілерді зілзала, авария (апат), сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының бастапқы және қайталана факторларының ықпалынан сақтау сенімділігі; нысанының инженерлік-техникалық кешенінің белгілі бір деңгейде осы ықпалға қарсы тұру қабілеті, нысанды өндіріс үшін барлық қажетті өніммен (шикізат, отын, электрэнергиясы, газ, су және т.б.);

  • жабдықтау жүйесінің сенімділігі, жұмысшылар сағаты олардың тәртіп деңгейі, нысан сипаты, шығарылатын өнім, қолданылатын технология; өндіріс пен АҚ басқару тұрақтылығы мен үзіліссіздігі;

  • нысанды күрделі және өзге шұғыл, сондай-ақ бұзылған өндірісті қалпына келтіру жұмыстарына даярлау.

Шаруашылық насандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру мәселесі қазіргі жағдайда үлкен маңызға ие болуда. Бұл төмендегі бір қатар негізгі себептерге қатысты:
-өндірістік саладағы мемелекеттік реттеу мен қауіпсіздік механизмінің әлсіреуі, барлық деңгейдегі еңбек және технологиялық тәртіптің әлсіреуі, сондай-ақ өндірістің аварияға қарсы төзімділігінің төмендеуі;
- негізгі өндірістік қорлардын жылдам тозуы, сонымен қатар оларды жаңарту қарқынының төмендеуі
- өндірістің технологаялық қуатының артуы, қауіпті зат¬тар, материалдар мен бұйымдарды тасымалдау, сақтау мен пайдалану көлемінің өсуі, халық пен қоршаған ортаға қауіп төндіретін өндіріс қалдықтарының жинақталуы;
-шарасыз зандық және нормативтік құқықтық бағы ТЖ қауіпсіздігін және ескертуін басқарудағы тәуекелдік мәселесіне талдаудың ғылыми негізін жеткіліксіз пайдалану;
-мемкелеттік қадағалау органдары мен инспекция жұмысының талаптылығы мен тиімділігінің төмендеуі;
-әскери жанжалдар мен террорлық актілердің пайда болуы ықтималдығы.
Тұрақтылықты көтеру бойынша шараларды іске асыру мен әзірлеу саласындағы ұйымдар басшыларының негізгі міндеттері:
♦ ұйым жұмысының тұрақтылыгын арттыру бойынша ұсынысты белгіленген тәртіппен әзірлеу және ұсыну;
♦ төтенше жағдайларда және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде ұйым жұмысының тұрақтылығын көтеру бойынша шаралар мен әзірлеуді жүргізу;
♦ авариялардың пайда болу қауіпін, қайталана зақымдау ошағын төмендету бойынша шаралар жүргізу;
♦ азық-түлікті, ауыз суын, сумен жабдықтау көзін, мал мен өсімдікті, өсімдік пен мал өнімдерін, радиоактивті химиялық және бактериялогиялық (биологиялық) зақымданудан қорғау бойынша шараларды өткізу мен ұйымдастыру.
Тізбеленген факторлар төтенше жағдай ахуалы мен оны көтеру жолындағы шаруашылық нысанының тұрақты жұмыс істеуінің негізгі талаптарын анықтайды.
3.Тұрақтылық мәселелерін реттейтін құжаттар Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық шараларын жобалау (ИТЖ) нормалары болып табылады. Олар құрылыс нормалары мен ережелер кешенін (ҚНжЕ), мемлекеттік стандартты (ГОСТ) Азаматтық қороғаныстың инженерлік-техникалық қамсыздандырудың барлық түрі бойынша нұсқаулық пен басшылықты қамтиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет