әйелдерде – зәр шығару функциясы бұзылады, зәр шығару жолдары мен қынаптан бөлінді шығады.
ауру көбінесе білінбейді.
Емделу жолы: бактерияға қарсы терапия.
Қауіптілігі:емделмеген хламидиоз салдарынан бедеулік пен импотенция туындауы мүмкін; әйелдерде - бедеулік, мерзіміне жетпей түсік тастау және нәрестелердің патологиясы орын алуы мүмкін.
МЕРЕЗ Бұл ауру бозғылт трепонема бактериясынан туындайды. Хламидиоз жұқтыру гигиеналық тәртіпті сақтамауыдан. Бастапқы белгілері 10-80 күн ішінде байқалады.
Топтастыру (белгілері бойынша):
Ілкі мерез – (бактерия кірген жерде) ойық жарасы бар ауырмайтын қызыл түсті тығыз өсіндісімен сипатталады, ол қатты шанкр деп аталады; жыныс мүшесінің беткі жағында, жұтқыншақ бездерінде, тік ішік аумағында немесе теріде пайда болуы мүмкін.
Қайталанған мерез –теріге және шырышты қабатта бөрітпелердің пайда болуымен, мерездік таз болумен сипатталады;
Салдарлық мерез – ауру жұқтырғаннан кейін бірнеше жылдардан соң дамиды және негізінен жүйке жүйесін, тірек-қозғалыс аппаратын, жүрек-тамыр жүйесін зақымдайды.
Диагностика: «мерез» диагнозы негізінен қан анализіне сәйкес қойылады. Тек зертханалық тексеру нәтижелеріне қарай сауыққаны туралы тұжырымды жасауға болады.
Емделу жолы: бактерияға қарсы терапия. Емдеуді барынша ерте бастаған дұрыс (ауыр салдарларға жол бермеудің табысты болуы осыған байланысты).
ТРИХОМОНИАЗ Бұл жұқпалы ауруды бір жасушалы трихомонад паразиті туындатады.
Белгілері:
ерлерде – әдетте ауру белгілері білінбейді, бірақ ер кісілер инфекция тасымалдаушылар болуы мүмкін;
әйелдерде – зәр шығару кезінде ауырсыну, күйдіру, қышу байқалады және жағымсыз исі бар көпіршікті көп бөлінділер шығады (әдетте ауру жұқтырғаннан кейінгі 3-11 күннің ішінде білінеді).