таралуын зоохория, ал майда жәндіктердің таралуын форезия деп атайды. Тасымалдауы өсімдіктер тұқымын
2 түрлі жолымен: пассифті және белсенді (активті) таратады. Жануар денесінің өсімдікке абайсызда,
кездейсоқ жанасуы нәтижесінде тұқымның арнайы өсінділерімен, ілмектерімен қармақшалармен жабысып
таралуын пассивті таралуы дейді (түйе жапырақ, итошаған). Әдетте мұндай тұқымдар жануарлар терісіне,
жүнініне жабысып тарайды. Жануарлардың, құстардың жемістермен жидектерді жеп, қорытылмай қалған
тұқымдарының соңғы өнімдерімен (экскремент) сыртқа бөлініп тарлауын – белсенді (активті) таралу
дейді.саңырауқұлақ спораларының таратуда жәндіктер үлкен роль атқарады. Соған қарағанда,
саңырауқұлақтардың жемісті денесі таратушы-жәндіктерді еліктірсе керек.
Организмнің өз інін, ұясын саларда басқа түрлердің өлі қалдықтарын пайдалануын фабрикалық
байланыстар деп атйды. Мысалы, құстар өз ұяларын салу кезінде ағаш бұтақтарын, жануарлар жүндерін,
қауырсын, шөп, жапырақ және т.б қалдықтарды пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: