Экология және адам тіршілігінің Қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша ДӘрістер



Pdf көрінісі
бет22/49
Дата06.10.2023
өлшемі0,79 Mb.
#113200
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49
Табиғи қорлардың жіктелуі
Табиғи қорлар олардың қолдану саласына қарай 
өндірістік, денсаулық сақтауға 
қажетті, ғылыми, эстетикалық
деп бөлінеді. 
Жаратылыстың құрамында болуына қарай олар жер, су, орман, кен қазбалары деп 
жіктеледі. Сонымен қатар мөлшеріне қарай сарқылатын және сарқылмайтын деп 
топтастырылады. Таусылатын қорларды қалпына келетін, сарлыстырмалы қалпына 
келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Қалпына келмейтін қорларға адамзаттың 
пайдалану барысында қайта пайда болмайтын және қайта қалпына келуі өте ұзаққа 
созылатын жаратылыс заттары тән. Салыстырмалы қалпына келетін қорларға қалпына 
келмейтін қорларға қарағанда өзінің бастапқы күйін қайта қалпына келтіретін (бастапқы)
түр жатады.
Табиғи қорлар 
 
 
 
Адамның қатысына қарай Үнемдеуіне қарай Қолданылуына қарай Тиімді 
пайдалануына қарай 

 
Нағыз қор Сарқылатын Өндірістік
Алмастырылатын


Потенциалды қор Сарқылмайтын Денсаулық сақтау
Алмастырылмайтын 
Күрделі қор Эстетикалық 
Элементарлы қор Ғылыми 
 
Дақылдар егіліп, өнім алынатын жер қыртысының беткі бөлігі топырақ 
салыстырмалы қалпына келетін қорға жатады. Қалпына келетін қорларға өсімдіктер мен 
жануарлар жатады. Сарқылмайтын қорларға ғарыш, ауа, су көздері жатады. Ғарыштық 
қорларға күн сәулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады. Ауа-райы 
қорларына атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады. 
Табиғи қорларды тиімді пайдалану және қалдықсыз технология 
Қазіргі кезде Менделеев таблицасындағы жүзден астам элементтің барлығы жерден 
шығарылады. Қазақстан әлем бойынша қазба байлықтарды өндіруден алдыңғы қатарлы 
орындарда. Бұл минералды ресурстарды ауқымды түрде пайдалану қоршаған ортаның 
жаппай микроэлементтермен ластануына әкеліп соқтырады. Элементтер қоршаған ортада 
жинақталып, қоректік тізбек арқылы организмге түсіп, қауіптілікті тек қана қазіргі 
адамдарға ғана емес, сонымен қатар келешек ұрпаққа да тигізеді. Қоршаған ортаға 
тигізілетін күш белгілі бір экологиялық шектен аспауы керек. Табиғи ресурстарды 
пайдалану биосфераның өзгерісіне әкелуде. Қалпына қайтып келмейтін ресурстарды 
тауысу қоршаған ортада, ландшафтардың өзгеруіне, табиғи экожүйелердің аймақтарын 
құртуға, топырақтың тозуына т.б. себеп болады. Ресурстарды қолдану тағы бір 
экологиялық мәселе –қалдықтар мәселесін ушықтырады. Қалдықтарға әртүрлі өнімдерді 
өндіру немесе қолдану кезінде пайда болатын және өзінің бастапқы қасиеттерін 
жоғалтқан, енді қолдануға келмейтін заттардың, материалдардың және т.б. қалып қойған 
бөлімдерін жатқызамыз. Барлық қалдықтарды мына топтарға бөлуге болады: тұрмыстық, 
өнеркәсіптік, өндіріс өнімдерінің қалдықтары, қауіпті қалдықтар, радиоактивті қалдықтар. 
Табиғи ресурстарды қолдану барасында олардың көп бөлігі ресурстық цикл деп 
аталатын күрделі айналымға түседі. 
Ресурсты цикл
дегеніміз адамның қорларды 
пайдалануының барлық кезеңдерінде белгілі бір заттың немесе бір топтың бір түрден 
екінші түрге ауысуының және кеңістіктегі орын алмасулары. 
Қазіргі кезде барлық елдерде ең негізгі сұрақтың бірі-табиғи ресурстарды тиімді 
пайдалану. Табиғи қорларды тиімді пайдаланудың және қоршаған ортаны қорғаудың 
негізгі бағыттары: 

пайдалы қазбаларды өндіру технологияларын жетілдіру; 

пайдалы қазбалары бар өңірлерді тиімді, үнемді пайдалану; 

дефицитті ресурстарды кең тараған қоры көп ресурстармен ауыстырып 
пайдалану; 

өндіру жұмыстары жүргізілген таулы аймақтарда жер рекультивациясын 
кеңінен жүргізу. 
Адамның биологиялық түр ретінде оның тіршілігінің шектеуші факторы ол қажетті 
табиғи ресурстарының таусылуы. Қоршаған ортаны қорғау саласында ҚР халықаралық 
ынтымақтастықтар іске асырылады. Болып жатқан әр түрлі экологиялық мәселелер 
жаһандық сипат ала бастады. Осы жаһандық экологиялық мәселелерді болдырмау 
мақсатында әр түрлі табиғат қорғау қызметтері іске асырылуда. Қазіргі кезде экологиялық 
мәселелермен айналысатын 100-ден астам халықаралық ұйымдар жұмыс істейді. Мысалы, 
БДҰ, БАҰ, ЮНЕП, ЮНЕСКО және т.б. Өзге елдер сияқты ҚР да қоршған ортамен табиғи 
ресурстарды қорғау заңнамасына сүйенеді. ҚР «Экологиялық кодекс», «жарлықтар», 
«нормативтік актілер» т.б. жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет