Дәріс 2 Тақырыбы: Экологиялық факторлардың әсер етуінің заңдылықтарын түсіндіру.
Аутэкология
(грекше autos - өзім) – жеке организмдердің қоршаған ортамен қарым-қатынасын
зерттейтін экология бөлімі. Аутэкология ұғымын алғаш рет 1896 жылы Шретер особьтар экологиясы үшін
қолданды. Аутэкология алдымен организмдердің (особьтардың) өлі материядан айырмашылығын: зат
алмасу, көбею, өзгергіштік және тұқым қуалаушылық, өсуі мен дамуы, тітіркенгіштігі, қозғалысы және
бейімделушілік қасиеттері бар тіршілік иелері ретінде қарастырады. Аутэкологияның міндеті – түрлердің
алуан түрлі экологиялық жағдайларға (ылғал, жоғары және төменгі температураға, ортаның тұздылығы)
физиологиялық, морфологиялық және т.б. бейімделуін анықтау. Соңғы жылдары аутэкологияда жаңа бағыт
– орта ластануының әсеріне организмнің жауап қайтару тетіктерін қоса зерттеу пайда болды.
Жер бетінде ағзалар төрт ортада тіршілік етеді. Ол орталардың бір-бірінен айырмашылықтары бар.
Қоршаған орта абиотикалық факторлардың жиынтығынан тұрады. Абиотикалық факорлар ағзаға бір
мезгілде әсер етеді. Ағзалар тіршілік ететін орталар: жер беті, топырақ қабаты, су ортасы және басқа
ағзалардың денесі.
Достарыңызбен бөлісу: