эврифотты, стенофотты, эврифагты немесе стенофагты организмдер деп атап айтамыз. Мынандай мысалдар
келтіруге болады: сұр аю, әр түрлі құбылмалы климат жағдайында өмір сүреді, сондықтан оны эврибионтты
организм деп атасақ, форель тек таза ағын суда өмір сүреді, сондықтан оны стенобионтты организм деп
атаймыз.
«Төзімділік заңын» тағы басқа қосымша дәлелдермен толықтырып айтуға болады:
1)
организм экологиялық бір факторға кең түрде төзімділікпен қатынаста болса, ал басқа факторға
өте қысқа, нашар төзімділік білдіреді;
2)
экологиялық факторларға төзімділік шегі кең организмдер табиғатта әртүрлі ортада кең таралған
және климаттық өзгерістерге төзімділік білдіреді.
3)
егер экологиялық фактордың біреуі организмнің тіршілігіне ыңғайлы болмай, одан не жоғары, не
төмен болса онда сол организмнің басқа экологиялық факторларға да төзімділігі төмендейді. Мысалы,
топырақта азоттық зат жетіспесе, сол өсімдіктің құрғақшылыққа төзімдігі төмендейді.
4)
Организмдердің жыныстық көбею кезі өте қиын жағдайда болады, сондықтан дәл өсу мезгілде
экологиялық факторлар өзінің шектелгіш мәнімен өте жиі әсерін тигізеді. Мысалы, кипарис тұқымдас
өсімдіктер тұрақты суға салып қойса да, құрғақ топырақта да өсе алады, бірақ бұл өсімдіктердің жыныстық
көбеюі тек ылғалды, суы аз топырақта өседі. Ересек көк крабтар (шаян тәрізділердің өкілі) және көптеген
теңізде мекендейтін буынаяқтылардың кейбір түрлері теңіздің тұзды суында өмір сүре алады, ал бірақ
бұлардың личинкалары тұзды суда мекендей алмайды.
Сонымен, ең негізгі көңілді экологиялық фактордың, «организмнің қызметіне», оның өсу кезеңінің
қай кезеңінде тиімді, ыңғайлы әсеріне аудару керек. Әрбір эколог өз тәжірибе жұмысын өткізу үшін
жоғарыда айтылған көптеген экологиялық факторлардың санын есептемеу керек, керісінше, осы
факторлардың ішіндегі әрбір жеке организмдердің түрлеріне әсерін тигізетін шекті факторларын анықтай
білу керек. Мысалы, құрлықта, жер бетінде өмір сүретін жан-жануарлар үшін оттегінің ауадағы құрамы,
шектік фактор болып есептелмейді, өйткені, 0
2
барлық организмге өте қарапайым түрінде тыныс органдары
арқылы беріліп отырады. Осы оттегінің қажеттігі суда өмір сүретін жануарлар үшін шектік фактор болып
есептеледі, себебі оттегі суда ерітінді түрінде сол организмге сіңеді. Егер әртүрлі жағдайлармен судағы
оттегінің консентрациясы азайса, организмдер үлкен өлімге ұшырайды. Балықтар қыста өзендерде, көлдерде
мұз қатқанда көбісі оттегі жетіспегеннен өзінің өмір сүру қызметін тоқтатады. Сондықтан шектеуші
экологиялық факторларды дер кезінде анықтап білудің практикалық өте зор маңызы бар. Осындай
заңдылықты біле отыра ауыл шаруашылық дақылдардың өнімін көбейтуге, немесе мал шаруашылық
өнімдерін жоғарылатуда көптеген ғылыми тұрғыдан көмек көрсетуге болады. Мысалы, қышқыл топырақта
өсетін бидайдың өнімін агрономиялық тәсіл арқылы сол топыраққа әк себу арқылы топырақтың
қышқылдығын азайтып қышқылдық бидай үшін шектеуші фактор болғанын жоюға болады да оның өнімін
жоғарлатуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: