Баяндаманы ғылыми терминдерді пайдаланып,әдеби тілмен жеткізді, ойластырылған, дәлелді және студенттің авторлық позициясын көрсетеді
Баяндама ойластырылған ғылыми терминдерді пайдаланып,әдеби тілмен жеткізді. Мұғалім көмегімен түзеткен аздаған кемшіліктер жіберілді.
Баяндама ойластырылған, ғылыми терминдермен баяндалған. Негізгі түсініктердің анықтамаларында студент өз бетінше түзете алмайтын 1–2 қате жіберілуі мүмкін.
Баяндамада қорытынды жоқ. Жалпы білімнің нақты тұстарын ашу қабылетін көрсеткен жоқ. Сөйлеуі жөндеулер мен түзетулерді қажет етеді.
Әдебиет тізімінде қазіргі заманғы сұрақтарды қамтитын негізгі мәлімет көздерінің болуы (монографиялар, аралас әдебиеттер)
Қазіргі заманғы сұрақтарды қамтитын толық әдеби тізімі бар.
Қазіргі заманғы сұрақтарды қамтитын әдеби тізімі толық емес.
Презентация 4,9,14 - апта Мультимедиялық презентацияларға қойылатын талаптар: Презентация схемасы. Титул слайды (Тақырыбы, аты жөні, суретін қойса болады)
Жұмыстың мақсаты мен міндеті
Жалпы бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды
Тыңдаушыларға алғыс білдіру
Жалпы талаптар: Дизайны қарапайым болғаны дұрыс
Әр слайдтың тақырыбы (24-36 пункт) болғаны жөн, тақырыптан соң нүкте қойылмайды
Слайдтың мазмұнынан безендендіруі тыңдаушылардың назарын аудармауы керек.
Стилі. Безендірудің біркелкі стилін сақтау
Презентацияның өзінен алаңдататын стильден аулақ болу
Көмекші ақпараттар(басқарушы тетіктер) негізгі ақпараттардан (мәтін,сурет) басым болмауы керек.
Слайтқа көп мәтін қойылса, аудитория оқи алмайды
Баяндаманы презентацияға қоюға болмайды.
Слайдқа бір тезис қана қою керек.
Презентация баяндамазға көмекші құрал ретінде ғана болу тиіс
Артық суреттерді қоймау қажет.
Фоны: Фоны үшін неұрлым суық реңдерді таңдаңыздар (мысалы, көк немесе жасыл)
Ала құла фон болмауы қажет.
Бір слайдта үш түстен артық емес түстерді қолдану ұсынылады.
Фон мен мәтін үшін қарама қарсы түстер қоланылады. Үйлесімділігіне де назар аудару керек. Мысалы, қара фонда ақ мәтін нашар оқылады.
Мәтіндегі элементтердің түстері барлық слайдта бірдей болғаны жөн. Мысалы, тақырыбы жасыл, мәтіні қара дегендей.
Сілтемелердің түстеріне ерекше көңіл бөлу керек.
Презентацияны қорғау Кіріспе/өзін таныстыру, тақырыбын атау, бұл тақырыпты алу себебі/.
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
Талаптар: -қызықты өткізуге аса мән беру;
-презентация барысында бейвербалды амалдарды шамадан тыс қолданбау \қолды шамадан тыс көп сермемеу/;
-аудиторияның назарын өзіне қарата алу, аудиториямен байланыс орната алу;
- киім киісіне назар аудару;
-өзін салмақты ұстау;
-сұрақтарды қашан қою керектігін ескертіп кету;
-үлестірме материалдардың болуы/қажет болса/;
- орыс тілін араластырмау;
-презентацияға қойылатын ерекше талаптың бірі - сандық мәліметтерден басқа материалдарды баяндау барысында қағазға көп қарауға болмайды