Экология лекциялары дәріс №1 Тақырып


Мемлекеітік табиғаг ескерткіштері



бет24/32
Дата01.03.2023
өлшемі134,39 Kb.
#70951
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32
Мемлекеітік табиғаг ескерткіштері. Мемлекеттік табиғат ескерткіштеріне айрықша немесе белгілі бір жерге тән, ғылыми, мәдени- танымдық жөне денсаулық сақтау тұрғысынан бағалы табиғат объектілері кіреді. Оларға: ормандар, көлдер, жазықтар мен жағалаулардың бөліктері, тау, сарқырамалар, сирек геологиялық жыныстар, үңгірлер, әсем жартастар жөне т.б. жатады. Табиғат ескерткіштеріне, сонымен қатар, жасанды шығу тегі бар табиғат объектілері - ертеден келе жатқан аллеялар мен саябақтарды және т.б. жатқызуға болады.
Тірі табиғат ескерткіштеріне жекеленген ұзақөмір сүріп келе жатқан ағаштар да жатады. Бұл ағаштардың жылдық сақиналарын зерттей отырып, климатологтар бірнешеғасырлар барысындағы ауа райыныңөзгеррулерін, астрофизиктер - жаңа жұлдыздардың пайда болу уақытын, физиктер - жердің магнит өрісінің өзгерістерін анықтайды.
Алып ағаштар да табиғат ескерткіштеріне жатады. Африкада биіктігі 189 м,диаметрі 44 м болатын баобаб табылған. Секвойялардың биіктігі 100- 110 м, жасы 3 - 3,5 мың жылға дейін жетеді.
Беловеж нуында биіктігі 42 м, диаметрі 9 м болатын емен ағашы өсіп тұр. Ұзақ өмір сүретін ағаштарға арша жатады. Жекеленген ағаштардың жасы 2000 жылдан асады.
Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында 39 табиғат ескерткіштері орналасқан. Палеолит пен неолиттің материалдық және рухани мәдениетінің ескерткіштері - үңгірлер. Оларда адамдар орта ғасырларға дейін тұрып келген. Дәубаба шатқалындағы үңгірлердің бірінде Қазақстандағы ең бірінші жер асты мешіті орналасқан. Сонымен қатар, «Қараүңгір», «Көкбұлақ» (Түлкібас ауданы), «Жылауықата» (Төлеби ауданы) және т.б. үңгірлерді атауға болады.
Мемлекеттік қорғалымдар. Мемлекеттік қорғалымдар табиғаттың жекелеген немесе бірнеше компоненттерін сақтау, қалпына келтіру, көбейту және жалпы экологиялық балансты ұстап тұру мақсатында құрылады. Қорғалымдар ландшафттық, биологиялық, гидрологиялық, геологиялық, палеонтологиялық болуы мүмкін.
3.Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған және Қызыл кітапқа енген өсімідіктер мен жануарлары.
Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат.
Өсімдіктер тіршіліктің тірегі, әрі айналамызды қоршап тұрған табиғаттың бір бөлімі болғандықтан олардың табиғаттағы түрлерін азайтпай, қамқорлық жасап, молайту және қоршаған ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайынан жойылып кетуге жақын тұрған түрін сақтан қалудың бірден -бір тиімді жолы мемлекеттік Қызыл кітапты шығару болып отыр.
1978 жылы КСРО-ның Қызыл кітабы басылып шыкты.
Жануарлардын Қызыл кітаптағы категориялары келесі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет