Экологиялық
құқықтың ұғымы
және пәні
Ю-21-3к Абдурахимов Мади
Исмаилова Саяра
Нишанбаева Арай
Нурғали Айжан
ҚР-ның экологиялық құқығы — айналадағы табиғи
ортаны қорғауға байланысты қоғамдық
қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің
жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым
саласы.
Экологиялық құқықтың мәні — бұл экологиялық-
құқықтық нормалардың қолданылу саласында
қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және
болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған
ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді
сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану
тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы
жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы
өндірістік қатынастармен байланысты болуы.
Экологиялық қатынастар дегеніміз — бұл
объектісі табиғат пен оның құрамындағы
элементтер болып табылатын қатынастарды
айтамыз.
Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз —
айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның
тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи
ресурстар мен адамдардың экологиялық
денсаулығы мен өмірін айтамыз.
— адамның өмірі мен
денсаулығын қорғаудың
басымдығы, халықтың өмірі,
еңбегі мен демалысы үшін
қолайлы қоршаған ортаны
сақтау және қалпына келтіру;
— қоршаған ортаға нұсқан
келтіруге жол бермеу,
қоршаған ортаға ықпал ету
мүмкіндігін бағалау;
— ҚР-ның нарықтық қатынастар
жағдайында тұрақты дамуға
көшуі, адамдардың қазіргі және
болашақ ұрпақтарының салауатты
және қолайлы қоршаған ортаға
деген қажеттіктерін
қанағаттандыру мақсатында
қоршаған ортаның әлеуметтік-
экономикалық міндеттері мен
проблемаларын теңдестіре
отырып шешу;
— экологиялық жағдайы
қолайсыз аймақтардағы
экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету және бұзылған
табиғи экологиялық
жүйелерді қалпына келтіру;
— табиғат ресурстарын
ұтымды пайдалану және
молықтыру;
ҚР-ның «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңында былай
делінген: қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды
пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асырылады:
Экологиялық құқықтың пәні — бұл
азаматтар мен ұйымдар арасында табиғи
объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына
келтіру және тиімді пайдалану туралы
мемлекеттің міндетті қатысуымен пайда
болатын экологиялық және құқықтық
нормалардың іс-әрекеті саласында
қалыптасатын Тарихи анықталған
өндірістік экологиялық қатынастар.қазіргі
және болашақ ұрпақтар мүдделері үшін
табиғи ортаны сақтау.
Экологиялық құқықтың жалпы бөлігі келесі
институттардан тұрады:
- табиғи объектілерге мемлекеттік және басқа
меншік нысандары құқығы;
- табиғатты пайдалану құқығы және оның түрлері;
- табиғат пайдалануды және қоршаған ортаны
қорғауды мемлекеттік басқару;
-табиғатты ұтымды пайдалануды және
экологиялық жүйенің сақталуын ұйымдық -
құқықтық қамтамасыз ету;
-қоршаған табиғи ортаны қорғаудың
экономикалық механизмі; азаматтардың
экологиялық құқықтары мен міндеттері;
экологиялық құқық бұзушылықтар үшін заңдық
жауапкершілік.
Ерекше бөлім келесі институттардан
тұрады:
— ерекше қорғалатын табиғи
объектілердің экологиялық-құқықтық
режимі;
— ҚР экологиялық қауіпсіздігі;
— әртүрлі қызмет түрлерін жүзеге
асыру процесінде қоршаған ортаны
құқықтық қорғау;
— қалалар мен өзге де елді
мекендерде табиғи ортаны құқықтық
қорғау;
— төтенше экологиялық
жағдайлардың құқықтық режимі және
т. б.
Табиғатты
аялайық!
Достарыңызбен бөлісу: |