қолдап отыр. Алайда оны іске асырған
.
.
ұсынылады. Орталықтың ақпараттық
да жетеді. Қуантарлығы, павлодарлық
ады.
ұсынды. Премьер-министр
анықтауды тапсырды. «Енді биыл және
өзгерістер енгізіледі. Осы орай да
қажет тігімен келісемін. Бұдан бұрын сумен
дығын түсіну керек. Алайда оның бар-
www.alashainasy.kz
3
e-mail: info@alashainasy.kz
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№107 (1018)
25.06.2013 жыл,
сейсенбі
ҚОҒАМ
ТА
ЛҚЫ
Қазақ тарихы қалай
жазылуы керек?
КСРО ыдырағаннан кейін еншісін алып
өз алдына бөлек мемлекет құраған елдер-
дің барлығы дерлік ұлттық тұрғыдағы жеке
тарихын жазуға ұмтылыс жасады. Жиырма
жылдық мерзімді артқа тастап, бұл ұлы іске
Қазақстан да кірісті. Бұл мәселеге қа тыс ты
әркімнің көзқарасы әртүрлі. Біреу
лер
«кешіктік, тарихты кеш қолға алдық, осы
уақыт ішінде бір ұрпақ дүбәра болып өсіп
келеді» дегенді айтып байбалам сала ды.
Енді біреулер, керісінше, уәж келтіреді.
«Қазір дер уағы келіп тұр. Тарихты қайта
қарау үшін де үлкен дайындық керек. Шың-
ғырған шындық қай-
мақтай боп түзіліп,
қоғам бетіне шығуы үшін
де уақыт керек, үзіліс
керек болды. Ға
лым-
дардың бойындағы ке-
ңес тік дәуірдің үрейі тарқап, бойындағы
құл
дық сана жеңілуі керек. Сонда ғана
оның жазған тарихы елді оята алатындай
бо лады. Міне, бүгін өліара кезең аяқталып,
сол мезгіл жетті» дегенді айтады. Мұның
қай сысы бұрыс, қайсысы дұрыс – ол жа ғын
талқылап жатпалық. Бастысы, іс ілгері кетті.
ҰЛТТЫҚ ТАРИХ ЖАЗУ ҮШІН ТӨРТ
ТҮРЛІ «АУРУДАН» АЙЫҒУ КЕРЕК
Жиын қонағы тарихшы Зардыхан
Қинаят ұлы бұл бастаманың төркінін былай
тар қатты: «Тарихты қайта жазу дегеніміз
– әліппені «а»-дан бастағандай мәселе
емес. Бұл тарихқа көзқарастық тұрғыдан
қай та қарау десек болады. Яғни тарихты
ұлттық тұрғыдан қайта құрастыру. Деген-
мен оны қарабайыр қылмай, жүйелі әрі
кон цеп туал ды тұрғыда негіздеу керек.
М енің ұсы нысымда тарихты ұлттық тұрғы-
дан сауатты етіп қайта жазу үшін біз төрт
түр лі «аурудан» айы ғуымыз керек. Бірінші-
ден, «измшіл дік тен»; екіншіден, тап шыл-
дық тан; үшін ші ден, орысшылдықтан; төр-
тін шіден, құл д ық санадан құтылуымыз
керек». Зар дыхан Қинаятұлының пікірін-
ше, өткен тарихты бағамдауға да жаңа
критерийлер қажет. Ғылымда жалтақтық
деген болмауы керек. «Тарихымыз объек-
тивті жазылсын десек, саяси тұрғыдан өзге
мемлекеттердің көңіл күйіне қарауға
болмайды. Мәселен, жуырда ғана тарих-
шылар бас қосқан жиында бір ғалым дар
«Ресей бізді күштеп бодандыққа алған
жоқ, Ресей бізді Қоқаннан қор ғап қалды,
Кенесары қоз ғалысын ұлт-азат тық қоз-
ғалыс емес, феодал
дық көтеріліс деп
қарау керек» деген ойдың ызғарын шығар-
ды. Шыны керек, мен мұндай мә лім деме-
лерден кіш кене сескеніп қалдым. Егер
мұн
дай көз
қарасты адамдар тағы да
тарихты жазуға кіріссе, бұрынғы кітап пен
бүгінгі кітапта ешқандай айырмашылық
болмайды». Яғни бүгінгі ғылым үшін қазақ
тарихына қатысты деректер мен айғақтар,
оқиғалар тізбегі, фактілер бар, бізге керегі
– оны құрастырудағы жаңаша әрі ұлттық
көзқарас.
ТАРИХЫМЫЗДЫҢ ТАРИХЫ ҚАНДАЙ?
Тарихшы Мәмбет Қойгелді біздің осы
күнге дейінгі тарихымызды кімдер жаз ға-
нына назар аудартты. «Қазақ – өз тари-
хында бір емес, бірнеше жеңілісті бастан
кешкен халық. Арыға бармай-ақ қоялық,
кешегі Кенесары бастаған қозғалыстың
соңы трагедиямен аяқталды. Бұл – жеңіліс.
Үш жүздің басын қосып, мемлекетімізді
жаң
ғыртамын, жеріміздің, еліміздің
тұтастығын сақтаймын деп жеңіліс тапты.
Одан кейін, 16 жылғы көтерілісте жеңілдік,
«Алаш қозғалысы» да жеңіліс. Қысқасы,
жеңілістер көп. Халық қана жеңілген жоқ,
сол халықтың тарихы да жеңілді. «Тарихты
жазуға тапсырысты жеңіске жеткен береді»
деген әйгілі сөз бар. Яғни біз жеңіліс
тапқан сайын жеңген тарап тарихты жазуға
тапсырыс беріп отырды. Біздің тарихты
осындай ұстаным бойынша жазылып
шықты. Әрине, объективті ұлттық тарихты
жазуға ұмтылыс жасаған тұлғалар бар,
тіпті кеңес кезеңінде де аз болған жоқ.
Бірақ олардың тағдыры немен аяқталғанын
бәріміз білеміз. Қарап отырсақ, кеңестік
кезеңде қазақ тарихы төрт рет талқыға
түсіпті. Бірде-бір КСРО республикасының
тарихы бұлай талқыланған емес. Осындай
бір талқылаудың үстінде Орталық комитет-
«Алтын белгі» алған мектеп түлектеріне сыйлық беру облыс әкімдерінің өз имиджі үшін жасап отырған әрекеті емес пе?
Расул
ЖҰМАЛЫ,
саясаттанушы:
Майра
АЙСИНА,
Мәжіліс
депутаты:
? А Л А Ш Т Ы А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н С А У А Л
А Л А Ш Т Ы А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н С А У А Л
– Әрине, балаларды білімге ынталандыру жақсы. Бірақ бар
нәрсені ақшамен өлшейтін мына заманда жаңа ғана мектеп бітірген
балаға машина сыйлау дұрыс емес. Екінші жағынан, бұл бір-екі
облыста жасалған бастама болып қалмай, мемлекеттік деңгейде
қолға алынып, республикалық орталықтанған жүйе болып жұмыс
істесе екен деген тілегім бар. Себебі бүгінгі күні әр облыс әкімінің
өзінше сыйлық беруі белгілі бір деңгейде теңсіздік тудырып отыр.
Барлық «Алтын белгі» алған оқушылар сыйлыққа лайық. Сыйлық
ал маған өзге облыс оқушыларының кінәсі не? Бұл – біздің мемле-
кеті міздің қағидаларына да жат қылық. Сондай-ақ сыйақы ақша,
көлік түрінде емес, оқу гранты түрінде берілуі керек. Мысалы, шетел-
дік оқу орындарына грант беру. Мұндай жүйе шетелдерде жолға
қо йыл ған және мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылады. Мұндай
жүйе мазмұндық жағынан да, мақсаты жағынан да дұрыс болар еді.
– Кейбір облыс әкімдерінің мектепті «Алтын белгіге» бітірген түлектерге
көлік мінгізіп, миллиондап сыйлық беру әрекетін құптамаймын. Меніңше,
ондай көмекті әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасынан шыққан,
мүгедек, оқуға қаржылық мүмкіндігі жоқ балаларға беру керек деп
ойлаймын. Мәселен, ауылдарда мектепті жап-жақсы бітірген кейбір
балалар отбасылық әлеуметтік жағдайына байланысты жоғары оқу орнында
білім алуға мүмкіндігі болмай, ауылда қалып қояды. Егер әкімдер сондай
балаларды оқытса, ертең ол бала ауылға қайта барып, маман тапшылығын
жоюға да септігін тигізер еді. Міне, облыс әкімдері сондай балалардың
жоғары білім алуына жағдай жасауы тиіс. Бұл игі шара болар еді. Екінші
жағынан, үлкен көлемде сыйлық беру балалардың тәрбиесіне де кері әсер
етуі мүмкін. Ертеңгі күні бала бар дүниені ақшамен өлшейтін болмай ма?!
Мұндай әрекеттің тәрбиелік те, тәлімдік те мәні жоқ. Жалпы, жақсы оқып,
білімді болу – мектеп оқушысының тікелей міндеті. Ал өз міндетін
орындағаны үшін сыйлық беру, меніңше, жөнсіз әрекет. Маған әкімдердің
бұл әрекеті пиар сияқты көрінеді.
Совет-Хан
Достарыңызбен бөлісу: