1.Жетілген бәсеке нарығы –- кез келген ұқсас (бір-бірін ауыстыратын) тауарларды сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан тұрады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранымды, нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді, себебі сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарықтық бағамен еркін ала алады.Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа тез келуге болады және тез кетуге болады. Осындай рыноктың моделіне, мысалы, ауыл шаруашылығы өнімдер нарығы өте жақын – бидай, көк - өніс, жеміс – жидек және т.б.
2. Монополиялық бәсеке нарығы (грек сөзі «монос» бір, «полео» - сатамын) – көптеген сатушылардың ұқсас, бірақ әртекті өнімді сатуынан құралады. Монополистік, жетілмеген бәсеке үнемі болып тұрған. Ал 19 ғасыр басында монополиялардың пайда болуымен байланысты, ол шиеленісе түскен.
Өнімдері бір-бірінен сапасы, қасиеті, сыртқы әрлеуі бойынша ажыратуға болады. Сатып алушылар осындай көрсетуі бойынша да бөлуге болады. Сатып алушылар осындай ерекшелігін көре тұра тауарларға жоғары бағаны төлеуге дайын тұрады. Осындай модельге, мысалы – киім, аяқ-киім, тағам өнімдері, жанар маймен және т.б. бөлшек сауда жасау өте жақын.
3. Олигополия (грек сөзі «олигос» - аздау «полео» - сатамын) – бірнеше деген сатып алшылар нарығын көрсетеді, байқалатыны, тіпті, осылардың кейбіреулері нарықтың көп бөлігін бақылайды. Өнім бұл жағдайда бір текті және әр текті болуы мүмкін олигополиялық бәсекені бірдей бір белгісі сол оған қатысушылардың бағаның толыққанды көтерілгендігінің оң нәтижесінде есеп құра алмайды.
Себебі, бәсекелестер оны төмендетуге мәжбүр етеді. Олигополиялық нарық жағдайында өнімдер бір үлгіде жасалған (мысалы, аллюминий, болат, химия өнеркәсібі, өнімі) немесе жіктелген (мысалы, автомобиль, компьютер, ауылшаруашылық инвентарь, тұрмыстық прибор т.б.).
4. Таза монополия нарықтың сондай түрі, онда бір ғана өндіруші бір текті өнімді 100%-ға сатуды жүзеге асырады және ол өнімді соған жақын ауыстырушылар жоқ. Таза монополияға мысал ретінде жергілікті қоғамдық қолдану кәсіпорындары қызмет жасауы мүмкін: жергілікті телефон байланысы, электр жүйесін жөндеуші және басқада қоғамдық қызмет жасау жүйелері.
Бәсеке – құрылымдық ұғым, ол бақталастық мінез-құлықтық ұғым. Оны мына кестеден байқаймыз. 1 - кестеден көрінгендей, жетілген бәсеке кезінде, бақталастық болмайды, ал жетілмеген бәсекеде бақталастық мінез-құлық нарықта байқалып қалады. Монополия кезінде бақталастық жоқ. Жеке өндіруші артықтау жағдайға ие болып, ол өнімнің нарығын бақыласа онда өндірістің монополиялық құрылымы пайда болады. Тіпті шағын кәсіпорынның өзінде монополист болуы мүмкін, егер оның тауар өндірісіндегі үлесі жоғары болса. Ірі корпорация монополиялық жағдайға ие болмауы да мүмкін, егер оның нарықтық қарқыны басқа өндіруушілермен тепе-тең болса. Монополизмге мынандай экономикалық қатынастар типінде жатқызамыз: жекелеген шаруашылық субъектілері өзінің мүдделерін контрагентеріне, жалпы қоғамға жіктеуі мүмкін және олардың өзіне керекті тұтынысын жоққа шығарады.
Нарық жағдайын бақылай отырып, бәсеке жағдай жасау мен қолдау мемлекеттік антимонополиялық органдардың ісі болып табылады. Бәсекелестік ортаның қалыптасуына шағын және орта кәсіпорындар қызметінің еркіндігі ерекше роль атқарады.
Бәсеке нарық субъектісінің тепе-теңдік құқықтағы тауарды пайдалы өткізу үшін өзара экономикалық жарысын көрсетеді немесе қаржыны өте пайдалы жұмсау.
Бәсекенің болмауы монополизмге алып барады. Сондықтан жеке кәсіпорын, банк, мемлекет өздерінің құқықтарын нарықта өтем жүргізеді.
Монопсония – белгілі тауарды сатып алуға жалғыз сатып алушының монополиясы болуымен сипатталатын нарық құрылымының типі. Өзінің сатып алуын шектей отырып, сатып алушы сатушы табыстарының есебінен монополдық пайдаға ие болады. Монопсония жетілмеген бәсекенің құрамды бөлігі болып табылады.
Олигопсония – белгілі тауарларды сатып алушы топтары болатын нарық құрылымының типі. Осылар сатып алуын шектей отырып, сатушы табыстарының есебінен өздеріне монополдық пайда түсіреді.
Дуополия – белгілі тауарлардың тек екі жеткізушісі болатын нарықтық құрылым. Бұлардың арасында баға туралы, тауарды өткізетін нарық туралы, өндірістік квота туралы келісім мұлде болмайды. Дуополия – бұл олигополияның ең жабайы түрі.
Билатералдық монополия (екі жақты монополия) – тауардың жалғыз жеткізушісі мен жалғыз (бірлескен) тұтынушысы сайыста болатын нарықтық құрылым. Бұлар бір-бірімен қарама қарсылық сайыста болады.
Кесте1 Бәсекенің түрлері
Бәсекенің негізгі сиапттары
|
Бәсеке сипаты бойынша нарықтың моделі
|
|
Жетілген (еркін және таза) бәсеке
|
Жетілмеген (еркін емес) бәсеке
|
Таза монополия
|
|
|
Монополиялық бәсеке
|
Олигополия
|
Бір ғана өндіруші
|
Тауар өндірушілердің саны
|
Тауар өндірушілердің көптігі
|
Тауар өндірушілердің көптігі
|
Тауар өндірушілердің аса көп емес, ірі тауар өндірушілер бар
|
Бір ғана өндіруші
|
Өнім сипаты
|
Бір текті өнім
|
әр текті өнім
|
а) Бірнеше ірі фирмалар біртекті (біркелкі) тауарлар өндіреді дифференциа-ланған тауарлар шығарады.
|
Біртекті өнім, өзін ауыстыра-тын ұқсас өнімнің болмауы
|
Бір-бірімен жолығатын экономика сапасы
|
Ауыл шаруашылығы: бидай, көкөніс, жеміс-жидек өндіру
|
Әртүрлі сауда: киім, аяқ-киім, тағам өнімдері, бензин және т.б. өндірісі
|
Өнеркәсіп:
а) алюмин, болат балқыту, химиялық;
б) автомобиль, ауыл шаруашылық, инвентары, компьютерлер, тұрмыстық приборлар
|
Жергілікті қоғамдық қолдану кәсіпорын-дары; телефон байланысы, электрогаз әкелуші және т.б.
|
Тауар өндірушілер тарапынан бағаны бақылау
|
Ешқандай жоқ
|
орташа
|
орташа
|
Шамалап болса да, мемлекет бақылайды
|
Кәсіпорындардың копшілігі жетілмеген бәсеке жагдайында жүмыс істейді. Мемлекет антимонополиялық заңнама аркылы бәсекені қолдауға тырысады, монополия мен олигополйяның шаруашылық қызметтеріне араласып, монополиядан айыру саясатын жүргізеді.
Алғашқы антитрестік заң сенатор Шерманның ынталанумен 1890 жылы АҚШ-та қабылданған болатын. Ол заң сауданы шек-тейтін және монополияны қалыптастыратын шарттарды, бірле-сулсрді және келісімдерді заңсыз деп тапты. Сот практикасы рынокта қандайда бір тауардың 50 пайыздан кобірегін сататын неше түрлі фирма, артель немесе тресті монополист деп санайды. Рынокты монополиялап алуға тырысқандар бір жыл түрмеде отыруға немесе ақшалай ірі айыппүлмен жазаланатын. Шерман-ның заңына сөйкес болат қүю, алюминий, темекі кәсіпорындары оздерінен коптеген компанияларды шыгарган. 1914 жылы АҚШ-та, егер бөсекені айтарлықтай өлсіретуге жеткізер болса, корпо-рацияларға басқа фирмалардың акциялары мен активтерін алуға тиым салған Клейтонның тағы бір антитрестік акт-заңы кабыл-данган болатын. 1961 жылы АҚШ үкіметі коптеген ірі электро-компанияларга қарсы, нақтылап айтқанда, "Дженерал Электрик" және "Вестингауз" деген компанияларга қарсы талап койған. Өнім бағасын өсіру мақсатында компаниялар арасында жасырын келісімнің болғанына көз жеткізген сот жеті кәсіпкерді түрмеге отырғызған. Компаниялардың оздері екі миллион доллар айып-пүлға жығылып, оның үстіне олар оз түтынушыларының шы-ғындарын жабу үшін 10 миллиондай доллар толеген. 1986 жьшы Францияда түтынушылар одан томен бағаға онімді сатып ала алмайтындай ең томенгі бағаның деңгейі жонінде келісім қабылдай алатын қандайда бір ондірушілер одағын қүруға тиым салатын өнеркөсіптегі баға бәсекесі туралы қаулы шыққан.
Қазақстандагы демонополизация (монополиядан айыру) қазіргі нарықтық реформа жағдайында нарықтық шаруашьглықтың қалыптасу кезінде антимонополиялық саясатты жүзеге асырудың тарихи жаңа төжірибесі болды., Мүндай саясатты жүзеге асыру-дың нормативтік актілері мыналар болып саналады:
• Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, нақтылап айтқанда, 11 бабы. Көсіпкерлік еркіндігін пайдаланып қиянат жасауға жол бермеу.
1. Заңды бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, негізсіз ар-тықшылықтар алуға, түтынушылардың қүқықтары мен занды мүдделеріне қысым жасауга багытталган монополистік жөне қан-дай болса да басқа қызметке жол берілмейді.,
2. Заң қүжаттарында козделген реттерді қоспағанда, кәсіп-керлердің азаматтық қүқықтарды бөсекелестікті шектеу мақса-тында пайдалануына, соның ішінде:
1) кәсіпкерлердің рыноктагы оздерінің үстем жағдайын пайдаланып, атап айтқанда, тауар тапшылыгын жасау немесе бағаны котеру үшін тауар ондіруді шектеу немесе ондірісті тоқтатып тастау, не айналыстан алып тастау арқылы қиянат жасауына;
2) үқсас кәсіпкерлік қызмет жүргізуші адамдардың баға, ры-ноктарды болісу, басқа кәсіпкерлерді аластау туралы келісімдер жасауына және оларды орындауларына;
3) үқсас көсіпкерлік қызмет жүргізуші адамның және түты-нушылардың занды мүдделеріне қысым көрсетуге, бағытталған теріс пиғылды өрекеттер жасауына (теріс пиғылды бәсекелестік), атап айтқанда, түтынушыларды басқа кәсіпкердің тауар дайын-даушысы, дайындау мақсаты, тәсілі мен орны, сапасы жөне өзге де қасиеттері жөнінен шатастыру арқылы, тауарларды жарна-малық жөне өзге де ақпаратта әдепсіздікпен салыстыру, бөтен тауардың сыртқы безендірілуін көшіріп алу арқьшы жөне басқа да төсілдермен шатастыруына жол берілмейді.
Теріс пиғылды бәсекелестікке қарсы күрес жөніндегі шаралар заң қүжаттарымен белгіленеді.
• "Бәсекені дамыту және монополистік қызметті шектеу туралы" Заң; 11 маусым 1991 ж.;
• "Табиғи монополиялар туралы" Заң; 09.07.1998 ж;
• "Теріс пиғылды бәсекелестік туралы" Заң, маусым айында 1998 ж. қабылданған.
Бәсекені дамыту, монополисте қызметті шектеу жоніндегі мемлекеттік саясатты жүргізу үшін 1991 жылы антимонопо-лиялық саясат жонінде Қазақстан Республикасының Мемле-кеттік комитеті қүрылды.
Антимонополиялық саясаттың артықшылығы мыналар болып саналады:
• баға саласында мемлекеттік саясатты өзірлеу жөне іске асыру, бесекені дамыту, монополиялық қызметті шектеу, түтынушылардың қүқықтары мен мүдделерін қорғау;
• тауарларға баға мен тарифтерді, табиғи монополияның және мемлекеттік органдар субъектілерінің жүмыстары мен қызметтерін реттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |